Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіздік монументі

Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Үсенова С.О.,
8 «Б» сыныбының жетекшісі

«Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке» атты ашық тәрбие сағатының жоспары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне
деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету,
оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, бейнеклип.

            
Мұғалім:
- Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады.
Ұмытылмайтын себебі - ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. 
1986 жыл ,
16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан
қаралы да, қасіретті күн еді.

Слайдтар топтамасы көрсетіліп («Желтоқсан желі ызғарлы»),
Жұмаш Кенебаевтың өлеңі оқылады.
Көрініс:
Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.
- Қыздар, мен газет әкелдім
- Қане, не жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты.
- Қонаевты орнынан алды дейді.
- Онысы несі?
- Орнына кім болыпты?
- Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
- Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
- Т.б.
Жастар шуласып кетеді.
- Пленум шешіміне қарсымыз!
- Әр ұлтқа өз басшысы!
- Колбинді әкетсін!
- Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2
адамдарды ұстап алады.
- Қайрат!
- Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.
Қайратты тергеуге әкеледі.

 Үнтаспада Эннио Морриконенің «Ветер, плачь» музыкасы қойылады.

Батырхан: «Қайрат деген атым бар».

Жанар: «Ар, намысым, қасіретім –Желтоқсан!»

Гүлнұр: «Бір уыс шаш».

Алтынбек:
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
 Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
 Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
 Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
  Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

Анель: Күйініштен ауырады жүрегім,
                                               Естігенде желтоқсанның
ызғарын.
                                               Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың
жүректе,
                                               Ұрпақ өсер айналатын
тірекке,
                                               Егемендік тиді бүгін
еншіме,
                                               Желтоқсаным,жеткіздің ақ
тілекке.

Бейнеклип: Ә.Тінәлі «Желтоқсан желі».
Мұғалім:

- Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз
алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының
қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып
келе жатқаны белгілі.
  А.Еңсеповтің «Ұлттық күйі » қойылады.
Жанар: «Тәуелсіздік»
Айсұлу: «Тәуелсіздік монументі»
Айы туып, жұлдыз
күні жанған ел,
Ата-бабам мәңгі
аңсаған арман ел.
Мәңгі тірі,
мәңгі азатсың, қазағым,
Мұндай ұлы
монументті салған ел.
Алтын адам – ата-
бабам көзі бұл,
Қанаттанып жауға
шапқан барыстай.
Келешекке құс
боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің
мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік
монументі алдында
Қазақ болып
туғаныма мақтанам!

Тілекберген:
Көк байрақ иілмесін,
жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік
тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті
тіреп,
Қазағым, сен қашанда
тұғырдасың!

Гүлнұр: М.Шаханов «Төрт ана»

Гүлмира:
-Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды
таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары -
осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып,
жайнай түрленіп, жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы,
қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы,
мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған
Отаны.

Гүлжайнат:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

Әсел: «Бақыттың кіндігі - Отан».

Гүлжан: Ш.Мұртаза «Жаңа жылда жарылқай гөр...».
Мұғалімнің қорытынды сөзі: слайдтар бойынша Қазақстанның қазіргі кездегі
жетістіктері туралы баяндап, ел тарихын білуге, ұлттық құндылықтарды
қадірлеуге үндеу.

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік монументі өлеңімен танысу
Тәуелсіздік биік болсын, тұғырың
Тәуелсіздік туыңды
Республика күні. Оқушының әрекеті
Пропорция
Кім Қайда Қашан
Астана тақырыбы
Ғасырлар қойнауынан
Бәйтеректің суретін салу
Бір кесе меруерт
Пәндер