Сөйлесу сабақ

Физика сабағына оқу модулін даярлау.

Бүгінгі ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырда жас ұрпақты дамыған, білімді, ізденгіш шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін әр түрлі оқыту тәсілдерін үйренуге болады. Модуль деген не?

Модуль деген мазмұны жағынан бір -біріне жақын сәйкес келетін тақырыптар топтамасы. Бұл педагогикалық технология негізінде « қалпына келтіре қайталай оқыту » циклының идеясы жатыр.

Модульдік оқыту технологиясын меңгеру үшін, алдымен оқу модулін даярлап алу керек.

Ол үшін мұғалім :

  1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне қарай тарауға немесе мазмұны жағынан жақын тақырыптарға бөлуі керек;

2. Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру, яғни әр бір оқушы нені білуі, үйренуі, меңгеруі тиіс;

3. Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыруы керек;

4. Тараудың негізгі ұғымдарын түйіндейтін тірек- сызба, тірек конспект құрастыруы керек;

5. Оқушының білім, білік, дағдыларын тексеруге тестлер, диагностикалық тесеру және қортынды бақылау жұмыстарын әзірлеуі қажет болады.

6. Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған топтамалар дайындау керек.

Оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымнан тұрады.

Кіріспе бөлімі
Модульге енгізіу(тақырыпқа енгізу )
Кіріспе бөлімі: Сөйлесу бөлімі
Модульге енгізіу(тақырыпқа енгізу ): Оқушының танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру
Кіріспе бөлімі: Қорытынды бөлім
Модульге енгізіу(тақырыпқа енгізу ): Қорытынды бақылау

Әр бір модульде сағат саны оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына қарай әр түрлі болады.

Физика пәніне 8-12 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді.

Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөлімге 1-2 сағат, қалған сағаттар сөйлесу бөліміне беріледі.

Оқу мазмұнына «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан, шығармашылық ізденіске, одан әрі зерттеушілік қызмет элементтеріне ұмтылады. Сонымен қатар оқушы оқу материалын қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске қарай ұмтылуға, сонымен қатар оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен «білімді бағалау» деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді.

Кіріспе бөлімінде сабақ жалпылама лекция түрінде, тірек схема түрінде дайындалады. Бұл бөлімде мұғалімнің іс - әрекеті басым болады.

Сөйлесу бөлімінде сыныпты шағын топтарға 5-6 оқушыдан оқушылардың өз-ара әрекеті негізінде, түрлі ойын технологияларын «Қарлы кесек», «Мұғалім-оқушы», «Мән-мағына», «Домино» т. б. енгізе отырып құру көзделеді. Сөйлесу бөлімінде оқушының іс әрекеті басым болады. Мұғалім тек ынталандырушы, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім:бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алып оның мақсатын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ модуль сабақтарын өткізудің формасын ойластыра отырып оқу модулін құрады. 10 сынып, Қ. Г. Б. физика сабағы «Қозғалыс заңдары » тарауына құрылған модуль үлгісі:

Бөлім
Бөлінген сағат
Сабақ түрі мен мазмұны
Бөлінген уақыт
Бөлім: Кіріспе
Бөлінген сағат: 1 сабақ
Сабақ түрі мен мазмұны:

1. Модульдің құрылысы, мақсаты мен міндеті

2. Сабақ дәріс-тірек сызба, тірек конспект арқылы тараудағы негізгі ұғымдарға тоқталу

3. Қорытынды, үйге тапсырма

Бөлінген уақыт:

5 мин.

30 мин.

5мин. .

Бөлім: Сөйлесу
Бөлінген сағат: 2сабақ
Сабақ түрі мен мазмұны:

1. Оқулықпен, электронды оқулықпен, дәптермен жұмыс.

2. Қорытынды-оқушы тірек конспектпен жұмыс жасайды.

3. қорытынды-үйге тапсырма.

Бөлінген уақыт:

20 мин.

15 мин.

5 мин.

Бөлім: 3сабақ
Бөлінген сағат:
  1. Оқу материалын меңгерту-еске түсіру
  2. «. Мұғалім-оқушы» ойыны.

3. Қорытынды . үйге тапсырма.

Сабақ түрі мен мазмұны:

5 мин.

30 мин.

5 мин.

Бөлім: 4сабақ
Бөлінген сағат:

Білім- іскерлік дағдыларын дамыту.

1. «Мән- мағына »ойыны.

2. Домино ойыны.

3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

Сабақ түрі мен мазмұны:

20мин.

15мин.

5мин.

Бөлім: 5сабақ
Бөлінген сағат:

Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау.

1. Карточкамен жұмыс.

2. Даналық ағашы ойыны.

3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

Сабақ түрі мен мазмұны:

15мин.

20мин.

5мин.

Бөлім: 6сабақ
Бөлінген сағат:

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту.

1. Шығармашылық жұмыстар қарастыру-сөзжұмбақ, ребус, анаграмма т. б.

2. Ойын-Брейн-ринг.

3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

Сабақ түрі мен мазмұны:

15мин.

20мин.

5мин.

Бөлім: 7сабақ
Бөлінген сағат:

Білім, іскелік дағдыларын бекіту.

1. Зертханалық жұмыс- с ырғанау үйкеліс коэффицентін анықтау.

Есептер шығару.

2. Қорытынды. Үйге

тапсырма.

Сабақ түрі мен мазмұны:

15 мин.

20мин.

5мин.

Бөлім: қорытынды
Бөлінген сағат: 8сабақ
Сабақ түрі мен мазмұны:

1. Тест.

2. Бақылау жұмысы.

3. Қорытынды.

Бөлінген уақыт:

Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері:


Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Мемлекеттік тіл қай тіл
Менің досым
Модульдік оқыту технологиясы
Тілге қатысты достарымен пікірлесу
Мектеп асханасы
Сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар
Қазақстан Респубилкасының Мемлекеттік рәміздері
Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың табиғатты қорғауға қатыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz