Файл қосу

Ғұндар тарихы. ғұн мемлекетінің қалыптасуы

Сабақтың тақырыбы: §20 Ғұндар тарихы Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Сынып: 6
Сабақтың мақсаты: Білімділігі:
Ғұн атауы, "халықтардың ұлы қоныс аударуындағы" ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.
Дамытушылық:
Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды сабақ барысында өз елін, жерін қорғауға, адамгершілікке, отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактив тақта, карта, кесте
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: ауызша баяндау, топпен жұмыс,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру Сыныпты 3 топқа бөліп отырғызу
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
* І. Ғұн атауы.
* ІІ. Ғұн мемлекетінің өрлеуі.
* ІІІ. Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.
* Ғұндардың шаруашылық өмірі, тұрмысы.
* Ғұн мәдениеті.
* Ғұндар - түрік тілдес көшпелі тайпалардың арғы тегі. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында <<ғұн>> деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Қытайлар оларды <<хунну>> деп атаған. Осы мезгіл еуропалық тарих ғылымында <<Халықтардың ұлы қоныс аудару>> кезеңі деген атпен белгілі. Ғұндардың Еуразиялық тарихта жауынгерлігімен аты шықты.
* Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген Тұман шаньюйдің ұлы Мөденің атымен байланысты. Б.з.б. ІІІ ғасырда Мөде Қытаймен кескілескен соғыс барысында ғұн тайпаларын біріктіріп, ғұндардың билеушісі - шаньюй деген атақ алады. Ол шексіз билікке - <<Аспан ұлы>> деген атаққа ие болды. Сол кезде ғұн, үйсін, қаңлы елдері бір-біріне көрші, жақын елдер еді. Ғұндардың Хань әулеті арасындағы соғыс б.з.б. 188 жылы Хань әскерінің жеңілісімен аяқталды. Осы кезде ғұн басшыларының қол астына қазіргі Кореядан бастап қазақ жеріне дейінгі жер бағынатын болды.
* Ғұн империясында б.з.б. 71 жылы дағдарыс басталып, ол ақыры б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекетінің екіге бөлінуімен аяқталды (оңтүстік және солтүстік). Дағдарысқа қытайлар тікелей қатысы болды. Олар көрші тайпалардың арасына лаң салып, оларды бір-біріне қарсы қойды. Оңтүстік ғұндар Хань империясына (Қытай) бағынды. Ал Чжи-чжи шаньюй бастаған солтүстік ғұндар тәуелсіздігін біраз уақытқа дейін сақтап қалды.
* Ғұндардың шаруашылық негізіне, соғыс қаруын қолдану дәстүрі жағынан жеткен жетістіктерге мәлімет беру.
Сабақты бекіту
І топ: Ғұн мемлекетінің құрылымы
ІІ топ: Ғұндардың шаруашылығы
ІІІ топ: Ғұндардың жорықтары
Топтастыру
Ғұн мемлекетінің қоғамдық құрылысы, Ғұндардың шаруашылығы, Ғұндардың жорықтары
Сандар сөйлейді:
24 түменбасы, 4000 Ұлы Қытай қорғаны, 55 ж екіге бөлінді, 451 ж Каталаун шайқасы, 453 ж Еділ қайтыс болды, 400 ж Аттиланың өмірге келген жылы,б.з.б 3 ғ аяғы Ұлы Қытай қорғаны салынды, 10000 атты әскер, 300 ғұндар мен қытай соғысы
Кім жылдам?
1.Үйсін тайпаларының мекендеген жері
2. Үйсіндердің астанасы
3.Үйсіндердің басшысы
4.Жазба деректердегі Үйсін халқының саны
5.Үйсіндердің зергерлік бұйымдары табылған қорым
6.Үйсіндер саяси және сауда қарым-қатынас жасаған ел
7.Үйсін халқының саны
. Қаңлы мемлекетінің хронологиялық уақыты:
2.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері:
3.Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны:
4. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы:
5. Қаңлы елінің астанасы:
6. Шыршық өзенінің оң жағалауындағы қаңлы каналы:
7. Қаңлылардың негізгі атамекені:
* Ғұндар кезеңі:
* Ғұн мемлекетінің негізін қалаған:
* Қытай деректері бойынша ғүн басшысы лауазымы:
* Ғұн мемлекетіндегі ру саны
* Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі:
* Рим империясына қауіп төндірген ғұн басшысы.
* Ғұн мемлекетінің бөлінген мерзімі
Салыстыру Ғұндар мен Қазақ хандығы
Сұрақтарды жауаппен толықтыр
* Ғұн
* Б.з.б 55
* 24
* Шаньюи
* Түменбасы
* Мөде
* Аттила
* 4000
Үйге тапсырма:
20 параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде тақырыпты оқып келу

Ұқсас жұмыстар
Ғұндар
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы жайлы ақпарат
Ғұндар қаңлылар
Сұрақтарға сабақ
Ғұндар мемлекеті
Ғұндардың шаруашылығы
Ғұндар. 6-класс. Қазақстан тарихы
Ғұндар жайлы ақпарат
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
Ғұн мемлекеті. мөде және дунху елшісі
Пәндер