Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұраққа жауап беру

«Алматы кітап » баспасы бойынша жазылған
Қазақ тілі 3-сынып Күні, айы:
№ сабақ
Сабақ тақырыбы: 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс пен әріпті қайталаймыз.
Сабақ мақсаты: 1/ Өткен сыныптағы дыбыстар мен әріптер туралы білімін
пысықтау, дыбыс пен әріпті айыра білуін қайталау, дыбыс түрлерін еске
түсіру, дұрыс талдауға үйрету.
2/ Оқушының сөздік қорын, дұрыс жазып, сөйлеу деңгейін арттыру, тіл
байлығын дамыту;
3/ Мектеп-ананы құрметтеуге, білімді сүюге тәрбиелеу;
Сабақ түрі,типі:қайталау, дәстүрлі.

Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, талдау, сұрақ-жауап, практикалық.
Көрнекіліктер: әліпби, оқулық, суреттер, Венн диаграммасы.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру сәті.
2.Қызығушылығын ояту:
а/ Сұрақтарға жауап беру.
Дыбыс дегеніміз.......................
Әріп дегеніміз..............................
Дыбыстар бөлінеді.......................
Дауысты дыбыстар деп.......................айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп.......................айтамыз.
Қазақ тілінде ...............әріп бар
ә/ «Иә-жоқ» Қойылған сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді.
Қ қатаң дауыссыз /иә/
А жіңішке дауысты /жоқ/
Балалық сөзінде 4дауысты бар /жоқ/
От бір буынды сөз /иә/
Е жіңішке дауысты /иә/

3.Мағынаны ашу: Көркем жазу. Аа аАа Астана –асқақ қала. Айбат –ақылды
бала.
а/ Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Өлеңді оқушыларға іштей оқытып шығу.
Барлығына хормен оқытқызу; Қысқаша мазмұнын сұрау:
- Өлең не туралы?
- Мектепті неге анаға теңейді?
- Мектепте бала қалай өседі?
- Өз мектептерің туралы не айтасыңдар?
ә/ Өлеңнен жуан және жіңішке айтылып тұрған сөздерді сөздерді табу. Жуан
,жіңішке дыбыстарды атау.
б/Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбыстарды
тауып, оларды құрастыру арқылы мақалды табу. Шыққан мақалды тақтаға жазу.
Оқу түбі-тоқу
Мақалдың мағынасын ашып, талдау;
Сергіту сәті. «Кім көп біледі?» 2 қатардағы оқушылар, әр түрлі тақырыптарға
мақал-мәтелдер айтып жарысады. Өзіндік жұмыс. 3-жаттығу. Өлеңді әдемілеп
көшіріп жазып, бір дыбыстың өзгеруінен жасалған сөздердің астын сызу. (сор-
зор, қор-бор)
4.Ой қорыту . Шығармашылық жұмыс
4-жаттығу.Суреттердегі заттардың аттарын жазып, оларға дыбыстық талдау
жасау.
Ою-2буын, 2әріп, 3 дыбыс /о й+у/
Венн диаграммасы Дыбыс пен әріпті салыстыру

5. Үйге тапсырма: Дыбыстар түрлерін қайталау, 5-жаттығу /5 бет/ 1сөзге
дыбыстық талдау жасау.
6.Бағалау

Қазақ тілі 3-сынып Мерзімі:
№ сабақ

Сабақ тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы.
Сабақ мақсаты: 1. Й,и, у әріптерінің емлелік ережесін есуе түсіру, сөздерде
дұрыс жазуын пысықтау. Осы әріптерге дұрыс талдау жасауға үйрету.
2. Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте
сақтау қабілетін нығайту.
3. Жақсы оқуға деген құштарлықтарын арттыра отырып, білімді сүюге
тәрбиелеу.

Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық, талдау, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: сызбалар, оқулық, әліпби

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру сәті

2.Үй жұмысын сұрау-тексеру:
Дыбыстар деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс түрлерін ата.
Дауысты дыбыс түрлерін айт. Әріп пен дыбыстың айырмашылығын ата.
Үйге берілген 5-жаттығуды тексеру.

3. Өткенді еске түсіру. Сұраққа жауап беру..
-У дыбысы қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз болады?
-и әрпі қай жерде жазылады?
-й әрпі қай сөздерде жазылады?
- й мен и қандай дыбыстар?
- й, и, у дыбыстары кездесетін сөздерді атаңдар.

4. Білімді қайталау. Көркем жазу. ӘәӘ Әділхан әлем әділдік Әсемнің әпкесі
әсем билейді.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді өздеріне 1 рет оқытып шығу. Өлеңді көшіріп жазу.
И, й әрпі бар сөздердің астын сызу. Венн диаграммасы арқылы й, и дыбыстарын
салыстыру.

Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Алдымен сөздерді дұрыс оқытып алу. Көп нүктенің
орнына й, и, ый әріптерінің тиістісін қойып жазып шығу. Сый, тый сөздерінің
дұрыс жазылу ережесін еске түсіру. Сызбаларды пайдалану.
Сергіту жаттығуы. Й,и дыбыстары кехдесетін сөздерді айтып , тез сөйлемдер
құрастыру.
5.Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Оқушылар әңгімені мәнерлеп оқып шығады.
Қысқаша мазмұнын айтқызу. У дыбысы дауысты болып тұрған сөздерді бөлек,
дауыссыз болып тұрған сөздерді бөлек жазады. Сызбаны пайдалану. (ауа-
дауыссыз, су-дауысты)
6. Шығармашылық жұмыс. 5-жаттығу Жаңылтпашты түсініп оқу. Й әрпі кездесетін
сөздерді айтқызып, жазылу ережесін еске түсіру . /дауысты дыбыс+й/ ай, ой,
сый,той.
Сөздік жұмысы. Йемен, Йена- мемлекет , қала атаулары.
7. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстарды қайталадық? Не
есімізде қалды? Удыбысы-қандай дыбыс? Й әріптері қай сөздерде бірінші
кездеседі?
8.Үйге тапсырма: Сұрақтарға жауап беру. 4-жаттығу. /үй жаттығуын түсіндіру/
9.Бағалау.

Қазақ тілі 3-сынып Уақыты:
№ сабақ

Сабақ тақырыбы: я,ю әріптерінің жазылуы.
Сабақ мақсаты: 1. Я, юәріптерінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін
қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды
қатесіз жасауға дағдыландыру.
2. Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын ныңғайту, каллиграфиясын
жақсарту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, тест, баяндау, жаттығу
Көрнекіліктер: тест, сөзжұмбақ, сызба, оқулық.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті.

2.Үй жұмысын сұрау-тексеру: Дыбыстар мен әріптерге байланысты 10 сұрақтан
тұратын тест тапсырмаларын беру. Белгіленген уақыттан кейін дұрыс
жауаптарын тақтаға ілу. Оқушылар өздерін өздері тексереді. 2-3 оқушы үйге
берілген жаттығуды оқып, қалғандары тексереді.

3. Өткенді еске түсіру: Сөйлемдерді ауызша толықтыру:
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен , жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?
Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?
4.Білімді меңгерту. Сызбамен жұмыс. Я- /й+а/, Ю- /й+у/ Жазылғанда я,ю
әріптері жазылады. Айтқанда йу,йа дыбыстары естіледі.
-Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар
сөздердің қай жерінде орналасқан?
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Сөзжұмбақты шешіп, шешуі болған сөздерге
тақтада дыбыстық талдау жасау. (ұя, мая, Әлия, қария) мая, қария сөздерінің
мағынасына тоқталып кету.
2-жаттығу. Я әрпі дауысты дыбыстан кейін келген сөздерді бір бөлек, я әрпі
и әрпінен кейін келген сөздерді бір бөлек жазу.
Жая,мая,сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя; мия, сия, қия /Қосымша
тапсырмаларын орындау/
Сергіту сәті. «Есіктегі құлыпты,
Аша алмадық қиналдық.
Сартылдаттық құлыпты, сыртылдаттық құлыпты.
Әрлі-берлі қозғадық, ойнадық та ойладық
Міне, құлып ашылды»
5.Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Ю әрпі бар сөздерді белгілері бойынша екі
бағанға бөліп жазу. 1-бағанға: дауысты дыбыстан кейін келген ю әрпін, 2-
бағанға и әрпінен кейін келген ю әрпін жазу.
Өзіндік жұмыс. 5-жаттығу. Сөздердегі көп нүктенің орнына и, ы әріптерінің
тиістісін қойып жазу.
6.Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына у, ю әріптерінің тиістісін қойып
жазу: еңкею, түсіру, жию, бастау.
7.Сбақаты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я,ю
дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай
жасаймыз?
8. Үйге тапсырма: ережені еске түсіру, 4-жаттығу 9 бет.
9.Бағалау.

Қазақ тілі 3-сынып. Мерзімі: №
сабақ
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз б мен п
Сабақ мақсаты: 1.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п
дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу.
2.Оқушының фонетика бойынша білімін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте
сақтау қабілетін нығайту;
3.Күз мезгілінің ерекшелігін көе білуге, әдемілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі, типі: қайталау
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, практикалық, талдау
Көрнекіліктер:көкөністер мен жемістер суреттері, сызба, дауыссыз дыбыс
түрлері жазылған парақтар, оқулық

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті

2. Қызығушылығын ояту: «Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
-Қазақ әліпбиінде 42 бар. (Иә)
-Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)
- Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ)
-Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)
-я дыбысы (й+а) дыбыстарынан құралған. /иә/
-сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/

3.Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар»

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң ұяң
үнді

Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп
жазады.
Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден
кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.
Көркем жазу: Бб Пп Балдырған бірінші партада отырады. Кітап-кітабы,жіп-
жібі.
Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын атап, дауыссыз
дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді жазу. Дауыссыз
дыбыстарды олардың түрлеріне қарай топтап жазу.
Қызанақ, картоп, қарбыз, жапырақ, қауын, бидай.
Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып шығу.
Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.
-Күз мезгілінің айларын айтайықшы. Қыркүйек айында қандай өзгерістер
болады? Күзді неге алтынға теңейміз? Балалар үшін қандай қуанышты күн бар?
Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тақтада жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып,
көшіріп жазу. Сөйлемдердегі сөздер санын анықтау. П дыбысына ауызша талдау
жасау.
4.Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру.
Сөздердегі керек әріптерджі қойып, айту.
5-жаттығуды өздері орындап шығады.

5.Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 3-жаттығу /12 бет/

6.Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Тестке жауап беруі
Сөйлемдер білдіретін сөздерді сөйлемнен табу
НАТУРАЛ САНДАР ЖӘНЕ НӨЛ САНЫ
Көрермендер көмегі
Сайыстың барысы
Махамбет өмірі мен шығармашылығы
Гидросфера (қорытынды сабақ)
Топтардың аттары
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ КӨКПАР
Тақырып - Тапқыр достар
Пәндер