Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Жолың болсын балақай! 1 сынып


Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі.

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Жолың болсын,балақай!
Мақсаты: 1)оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту,жол белгілерін олардың топта-рын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып,көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетінқалыптастыру, әдептілікке,өзара достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жол белгілері,жол таңбалары бағдаршам, суреттер.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар.оқушыллар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер және онда жуйкіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүр- гізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктер-дің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың,әсіре- се мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді.
Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе,көше қиылысында күзет мекемелері мен бағдаршам қа-дағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп,оны орындауға,сақтауға тиіссіндер.
Жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласындатемір жол бағдаршамы орна-тылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмасыту үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уа-қыт алатын болды. Кейінірек,1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды.
Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептелу машинасы арқылы басқару жүзеге асырыл-ған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
Ертеде көліктің қазіргідей түті болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр кезінде салына бастаған.
Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.
Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғанс а жол бар болатын.
Елуінші жылдары республиеамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы 30000 км болды. Ал қазір 800.000.000 км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техниканың өркен-деп,дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техниканың жолда жүріп - тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

* Көшенің арғы бетіне өтерде өте сақ болған жөн. Көшеде жүру тәртібін сақтамау дген де тәрбиесіздіктің белгіс
* Сен өзіңе ғана қауіп келтіріп қана емес ,сонымен бірге басқаларға да кедергі келтіресін,кө-шеде жүру тәртібін бұзасың.
* Көшені кесіп өтердің әрбір тұсында бағдаршам тұр. Енді сонымен танысайық.
* Машинаның бәрі
Жаяулар да әрі,
Жасы,мейлі кәрі
Қызыл,жасыл,сары
Үш көзі бар шамды
Жанып,сөніп тұрар
Бағдаршамды аңдып,
Бұйрығын тез ұғар.
* Қозғалысы көп көше қиылыстарында күзет атқырушы полицейлерді жиі көресің. Ол-көше тәртібін бақылап, бағдар беріп тұрады. Оны барлық машиналар тыңдайды.

* Бүгін де,кеше де
Дәл біздің көшеде
Көрдік бір ағаның ,
Жүрісті реттеп,
Тұрғанын күзетте.
* Таяғын: <<Жүр!Кідір>>-
Деп нұсқап сілтейді,
Машина бірде-бір,
Оныңсыз жүрмейді.
* Асықпа қуар балалар,
Үлкен жоға келгенде,
Жан-жағыңа қарап ал!
Деме:бізі кім елер, машина жоқ па? Жүре бер!
* Жол көліктің жүрегі,
Машина көп журеді.
<<Қауіп жоқ>>,-деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
* Көшенің тар соқпағы,
Қулығыңды асырма!
Тежегішпен тоқтады
Зулап келген машина.
Ұқыптырақ болсаңшы,
Аман қалған бақытты.,
Бізге ескертті Жол сақшы:
<<үнемдеме уақытты!>>
* Жарысып ақ кетер ең,
Машиналар өте көп.
Жолодан өтем асықпай;
Велосипед жетелеп.
* Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол щетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
* Жұмысына таң қалған,
Көшеде бар <<Бағдаршам>>
Қалып жүрме алданып,
Қызыл шам жанса <<Жол жабық!>>
Сонда болсың ойың бар,сары жанса <<Дайындао!>>
Шатасады білмеген,
Жасыл жансы жүр деген.
* Айнала ңда қауіп бар,ойла,
Жан-жағыңа қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
* Ата-анаңның сенімін,
Есіңе ұстап,ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!




Ұқсас жұмыстар
Жолың болсын, балақай!
Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ !
Мазмұнды кейіпкерлі ойын Емхана
Қайырлы таң, балалар
Бар жақсылық - балаға
Сендер бізге көмектесіңіздерші
Туған күніңмен, балақай!
Қорытынды бағалау
Әліппе мұғалім
Қаратпа сөз
Пәндер