Көктем тобына

З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі
Ашық тәрбие сағаты
Мұғалім: Теңізбай Сафура Базарбайқызы
Сыныбы: 6-сынып.
Шымкент 2011 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына
арналған өлеңдерін жатқа айтуға үйрету, сазгерлігін таныту, әндерін орындату. Сөздік қорын молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ (топтық жарыс) .
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: «Абай елі» Абайдың табиғат лирикасына арналған
плакаттар, интерактивті тақта, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
Қазақ тілі мұғалімі: Құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар! Сіздер қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған әдеби кешке келіп отырсыздар.
Сабақтың эпигрофы:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
1-ші сөз: Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Сәлімқызына сөз кезегін береміз. Интерактивті тақтамен сендерге Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық жолын таныстырып өтеді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сафура Базарбайқызы
«Абайдың табиғат лирикасы» деген тақырыпты қорытындылау сабағын топтық жарыс түрінде алып отырмыз.
-Балалар, біз бүгін Абайдың «Қыс», «Көктем» өлеңдерін қорытындылауға арналған жарыс сабағын өткіземіз. Жарысқа екі топ қатысады.
Жарыс сабағының мақсаты: - Сендердің өнер-білімдеріңді жан-жақты байқау. Әр топтың арнайы сұрақ-тапсырмалары бар. Сендердің жауаптарыңды сарапшылар бағалап отырады.
Топ жетекшілері шығып өз тобымен, оның атымен және төсбелгісімен таныстырады.
Марат - Біздің тобымыздың аты - «Қыс» - Қыс белгісі - қарды біз төсбелгі етіп алдық.
Ирина - біздің тобымыздың аты - «Көктем». Көктемде айнала жасыл түске айналады. Сондықтан біз жасыл түсті, гүлдерді төсбелгі етіп алдық.
1-бағыт. - Поэзия 3 оқушы.
1-топ. Әр топтан бір шумақтан бірін-бірі жалғастырып өлеңді жатқа айтып шығады.
2-тапсырма. Әр топ өздеріне арналған сұрақтарға жауап береді.
«Қыс» тобына
- Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?
- Қыстағы адамдардың тіршілігі қандай бейнеленген?
«Көктем» тобына
- «Жазғытұрым» өлеңінде көктемнің қай кезін, қазақ халқының қайда көшкен мерзімін суреттейді?
3-тапсырма.
«Қыс» тобы «Абай елі» плакаты бойынша әңгімелеп беру.
«Көктем» тобы «Абайдың табиғат лдирикасы» бойынша әңгімелейді.
4-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру.
5-тапсырма. Жыл мезгілдеріне арналған мақал-мәтелдерді жалғастыру.
Мұғалімнің сөзі: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп
Абай атамыз айтқандай енді кезекті Абайдың әндеріне берейік.
1. Баешов М. «Көзімнің қарасы».
2. Лаврикова И. «Желсіз түнде жарық ай».
Абай аудармасынан көрініс «Түлкі мен қарға».
Құрметті ұстаздар 6-сынып оқушылары сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтайды.
Би. Оля, Софья.
Ән. Анна.
Қорытынды:
Абайдың табиғат лирикасына жазылған екі өлеңінен өрбітіліп өрілген жарыс кеш сабағымызды Абайдың мына өлеңімен аяқтағым келіп отыр.
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы?
Өлмей тұрып артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz