Эвакуациялау: тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі және эвакуациядағы азаматтардың міндеттері

«Бекітемін»

Мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы:Эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі, эвакуациядағы адамдардың міндеттері
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға эвакуация сөзіне түсінік және орналастыру әдістері мен тәртібін таныстыру.
  3. Уақыты:45 мин.
  4. Өткізілетін орны:11 сынып, БӘД бөлмесі.
  5. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, эвакуация жоспары
  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 мин.

- Панажай

-Оның құрылымы

б) Негізгі бөлім - 22 мин.

Халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және осы заманғы жою құралдарынан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі оны эвакуациялау болып табылады. Эвакуация алдында халық хабарланады. . Эвакуация ойдағыдай болуы халықтың өзінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне көп байланысты. Эвакуация болатынын білгеннен кейін азаматтар дереу шығуға дайындалуы тиіс (қала сыртына шығу:қажетті заттарды жинау, жеке қорғаныш заттарын(тыныс алу құралдарын міндетті түрде), құжаттар мен ақшаны дайындау қажет, пәтерде( үйде) терезелердің перделері алынып, жанатын заттар қараңғыланған жерге қойылуы керек) Заттардың ең қажеттілері-киім, іш киім, плащ, спорт костюмы,, аяқ киім (резеңке немесе резеңке ұлтанды болғаны жақсы) алынады. Сондай ақ өзімен бірге 2-3 тәуліктік тамақ және ауыз су қорын алу қажет. Тамақ өнімдерінен тез бұзылмайтын, оңай сақталатын және тұтыну алдында ұзақ дайындауды керек етпейтін түрлері-консервілер, концентраттар, галеттер, кепкен нан алынады. Эвакуация жаяу ретпен жүзеге асырылған жағдайда 500-ден 1000 адамға дейін лектер құрылады. . Қозғалыс жылдамдығы 4-5 км\ сағ, 1-1, 5 сағаттан кейін 10-15 минут шағын аялдама, тәуліктің өтудің екінші жартысында 1-2 сағатқа үлкен аялдама белгіленеді.

Өрт кезінде зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау

Өрт адамдарға күшті психологиялық әсер етеді. Адамдар арасындағы үрейленушілік тіпті шағын өрттерде едәуір құрбандықтар болуына себеп болады. Мінез-құлық ережелерін білсе де осы кеселге тап болған адам кез келген жағдайда төтеп беріп қана қоймай, өз өмірін сақтаумен қатар, басқа адамдарды құтқару, а, материалдық игіліктерді сақтауға көмек көрсете алады.

в) Қорытынды бөлім - 10 мин.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың негізгі міндеттері: конституциялық-құқықтық негіздері
Бейбіт және әскери кезеңдерде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері: медбикелік практикаға арналған әдістемелік сабақ
Тәуліктік нарядтың құрамы, тағайындалу тәртібі және тәуліктік кезекшілердің құқықтары мен міндеттері
Бестөбе орта мектебінің химия кабинетіндегі өртті сөндіру және эвакуациялау жоспары
Жарылмайтын инженерлік бөгеттер: анықтамасы, түрлері және орналастыру әдістері
Барлау: міндеттері, талаптары және жүргізу әдістері; радиациялық және химиялық бақылау постарының қызметі мен құрамы
Азаматтық қорғаныс: хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
Бұйым етегін өңдеудің әдістері мен практикалық тәртібі
Сын есімдер (412-416 жаттығу): мақсаттары, міндеттері және оқыту әдістері
Қазақстан тарихы пәні мұғалімінің кәсіби міндеттері мен оқушыларды ынталандыру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz