ІХ-ХІ ғасырлардағы Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрамы, қоғамдық-саяси құрылымы, шаруашылығы мен мәдениеті - сабақ жоспары

Н. Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясы тарих пәні мұғалімі Турекешова Майра Рысқалиқызы.

Қимақтар қағанаты (ІХ ғасырдың соңы - ХІ ғасырдың басы)

Үйренеді, адам білімі артады

Ақыл түбі тым тереңге тартады.

Ж. Баласағұн.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:ІХ ғасырдың соңы - ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;
  2. Дамытушылық:Оқушыларды қимақ қағанаты мен өзге түрік халықтарының қоғамдық-саяси тарихы, шаруашылығы, қолөнеріндегі ұқсастықтар ерекшеліктерін анықтап, өздігінен жұмыс жасап, қорытындылауға дағдыландыру;
  3. Тәрбиелік:Қимақтардың темір өнімдері мен зергерлік бұйымдар жасаудың шеберлері болғандығын түсіндіре отырып, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың негізгі ұғымдары: қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы, қағанаттық қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы, қолөнері.

Көрнекі құралдар: карта, кесте, суреттер, тест, мультимедия.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалану.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл.

ІІІ. Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  • Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы
  • Қоғамдық құрылысы
  • Саяси жағдайы
  • Шаруашылығы
  • Қолөнері
  • Мәдениеті

Қимақтар қай жерді мекендеген? Карта арқылы көрсету.

Қимақтар

Өмір сүрген уақыты
Аумағы
Өмір сүрген уақыты: VII ғас. басы
Аумағы: Монғолияның солтүстік- батысы
Өмір сүрген уақыты: VII ғ. ортасы
Аумағы: Алтайдың солтүстік аудандары, Ертіс өңірі
Өмір сүрген уақыты: 766-840 жылдары
Аумағы: Батыс Алтай, Тарбағатай, Алакөл ойпаты
Өмір сүрген уақыты: ІХ ғ. соңы
Аумағы: Солтүстік-Шығыс, Орталық Қазақстан

Қимақтардың құрамына қандай тайпалар кірген?

Қимақтардың астанасы: Имақия, екінші астанасы - Карантия туралы айту.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

І топқа арналған тапсырма.

Тарихи құжаттармен жұмыс жасау.

Қимақ қағанатының құрылуы мен тайпалық құрамы туралы мәліметтер қандай жазба деректерде кездеседі?

Қытай жылнамалары: Қытай жылнамалары
Қытай тарихСыма Цянь:

Қытай тарих

Сыма Цянь

Парсы тарихшысы Гардизи: Парсы тарихшысы Гардизи
Араб жазба лары: Араб жазба лары
Қытай жылнамалары:
Қытай тарихСыма Цянь:
Парсы тарихшысы Гардизи:
Араб жазба лары:

ІІ топқа арналған тапсырма.

Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы қандай? Термин сөздерді түсіндір.

  • Қаған
  • Ябғу
  • Шад- түрік
  • Ұлы қаған, кіші қаған, ябғу шад
  • Әскерлер
  • Жатақтар

Мультимедия арқылы М. Қашғаридың суреті көрсетіледі, таныстыру.

Әл-Идрисидің жасаған картасы көрсетіледі, картамен жұмыс.

І топқа берілетін сұрақ.

Қимақ қағанатының күшеюіне әсер еткен жағдайлар.

ІІ топқа берілетін сұрақ.

Қимақ қағанатының құлауына әсер еткен жағдайлар.

2 топ Венн диаграмасы бойынша жұмыс жасайды.

І топ тапсырмасы

Шаруашылығы, қолөнері

ІІ топ тапсырмасы

Тайпалық құрамы, қоғамдық құрылысы

Беркіту.

Тест сұрақтары

  1. Қимақтардың VII ғасырдың басында мекендеген жері:

А) Монғолия В) Алтай

Б) Қытай Д) Сыр бойы

2. Қимақ қағанатының астанасы:

А) Отырар В) Жанкент

С) Имақия Д) Суяб

3. Қимақтар туралы жазған парсы тарихшысы

А) Әль-Якуби В) Әль-Фараби

С) Бируни Д) Гардизи

4. Қимақ шонжарларының ислам дінін қабылдай бастаған кезі:

А) IX ғасыр В) Х ғасыр

С) ХІ ғасыр Д) ХІІ ғасыр

5. Қимақтардың жеке дара тайпа көсемінің атағы:

А) Ябғу В) Қаған

С) Шад- түтік Г) Ұлы бек

Қорытынды. ІХ ғасырдың соңы - ХІ ғасырдың бас кезіндегі қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп өркендеу жолы бар, қалыптасқан алғашқы патриархалдық-феодалдық мемелкет болған.

Үйге тапсырма: §6


Ұқсас жұмыстар
Қимақ қағанаты (IX ғ. аяғы - XI ғ. басы): құрылымы, саяси тарихы және мәдениеті
Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері (IX-XIII ғғ.): тарихы, саяси-қоғамдық құрылымы және мекендеген аумақтары
Қарахан мемлекеті: құрылуы, саяси жағдайы, шаруашылығы мен мәдениеті (7-сынып сабақ жоспары)
Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.): құрылуы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
7-сынып, Тарих: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, саяси және қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы
Тарих пәні сабақтарының оқу жоспары: Астана мен рәміздер, IX-XII ғғ. қолөнер, сауда және Қимақ қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы славяндардың қоғамдық құрылысы мен Киев Русінің құрылуы
5-10 ғасырлардағы арабтар: халифаттың құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы және ислам дінінің таралуы
Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан: Түрік қағанаты мен кейінгі түркі мемлекеттері (7-сынып)
7-сынып: Орта ғасырлардағы Қазақстан - түрік қағанаттары мен ерте ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz