Күзде жапырақтардың сарғаюы: себептері мен маңызы

дүниетану
Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Мақсаты: Жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер
жөнінде түсінік беру.
Міндеті: 1. Оқушылар жапырақтардың негізгі қызметін атайды.
2. Оқушылар «Күзгі жапырақтың түсуі» суреті арқылы табиғи
құбылысты түсіндіреді.
Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
- Оқушылар өзара бірін - бірі оқытады;
- Өзіндік ой - пікірлерін ортаға салады;
- Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар.
Қолданатын стратегиялар: «Топтастыру», «Кең ауқымды лекция», «Алма -
кезек оқыту».
- Қызығушылықты ояту.
1. Психологиялық икем.
Алтын, сары, қызыл, көк . . .
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
2. Топтарға бөлу. 4 түрлі жапырақтарды балалар өздері таңдап алады да сол
бойынша топқа бөлінеді.
- Балалар, бүгінгі сабақты мынадай мақалмен бастаймыз.
Жеке жүріп жол тапқанша,
Көппен жүріп адас.
- Балалар, біздің сынып қандай?
«Біздің сынып» өлеңін жатқа айту.
3. Топтастыру. Слайд №1.
- 1. 1.
- 2. 2.
- 3. 3.
- 4. 4.
- 5. 5.
4. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдай қажет? Слайд №2. 55-бет
5. Сұрақ-жауап. Күз аяқталды. Күз қандай болғанын талқылау. Слайд
№3
Күздің қай айы ең суық, қай айы ең жаңбырлы (қай айы ең) екенін анықтау.
- Ең алғашқы қар қашан түсті?
6. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.
- Мағынаны тану.
- Сұрақ - жауап. Еске түсірейік жапырақ - бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
- Күзгі орманға саяхат. Сонымен күзде жапырақтар неге сарғаяды екен?
- Оқулықпен жұмыс. «Алма - кезек оқыту».
- «Кең ауқымды лекция». Қазір балалар, оқығанымызды қорытындылайық. Әр топ бір - біріне сұрақ қойып, жауаптар беріледі. Қандай ағаштардың жапырақтарын көрдіңдер?Қалай ойлайсыңдар, жапырақтар неге өз түсін өзгертеді, олар неге түседі?
Ағаш жапырақтарына жазылған сөздерді сұраққа байланысты өздері табады.
Слайд №5.
- Ойтолғаныс.
1. Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру. Слайд №6.
Ағады, аулаққа, бұлт,
Бау-баққа, келіпті, күз
Жаңғақ та, піскен, жаздай,
Жан-жаққа шашылады.
2. Қатесін табу. Слайд №7.
Қыста - жапырақтар түседі;
Күзде - өсімдіктер көктеп шығады;
Көктемде - өсімдіктер пісіп жетіледі;
Жазда - өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.
3. Рефлексия. Түскен жапырақтардың пайдасы бар ма?
4. Үйге тапсырма: Кесте толтыру. 60, 65-беттерді оқу.
5. Бағалау. Балалар бір-бірін өздері бағалайды.
Күзде бау-бақшадағы жапырақтарды сыпырып, жинауға көмектесесіңдер. Оларды жиған соң жерге көметінін білесіңдер. Неге көміп, сыпыру керектігін үлкендерден сұрап біліңдер.