Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дамыта оқыту
«Мектеп директорының орынбасары» журналы
Қымбатты редакция!
«Мектеп директорының орынбасары» журналына 2004 жылдан үзбей
жазылып келемін. Білім мекемесіне мектеп майданына қажетті және өзіме
қажетті ақпаратты, әдістемелік көмекті осы басылымнан алып отырамын. Осы
журнал қазіргі таңда оқу ісі орынбасарларына бірден бір қажетті
журнал.Сондықтан да редакция алқасына үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге
аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда оқыған баяндамамды жолдап
отырмын. Журнал бетінен жарық көрсе деймін.
Г.Тулепова
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІ.
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
Тулепова Гульмира Набидоллаевна
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ЖОББМ
«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік»
Абылай хан
Жоспар
1. Кіріспе
Жас ұрпақты тәрбиелі, білімді етіп шығарудағы басты тұлға – мұғалім.
2. Негізгі бөлім
12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім
3. Қорытынды
Мектебімізде 12 жылдық білімге дайындық мақсатындағы жүргізіліп жатқан
жұмыстар.
Н.Ә. Назарбаевтың «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер
ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және
дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек» деп,
біздің білім беру мазмұнын жаңартудағы басты бағытымызды айқындап берді.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа баланың әрқайсысының жеке
тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын
қарастыруды көздейді.Өйткені әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын
қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі сала, ол - білім беру жүйесі.
Ал білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Жас ұрпаққа білім,
тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер қандай болуы керек?
• Мұғалім-ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығын
сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық, дәл түсіндіре білуі
керек.
• Мұғалім-ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, төзімді,
кешірімді, байсалды болуы тиіс.
• Мұғалім-өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы
шарт. Оқушыларын жақсы көріп, олармен әдепті қарым-қатынаста
болғаны жөн.
• Мұғалім-үнемі өз бетімен білімін, дайындығын жетілдіруі
қажет.
• Мұғалім-теорияны практикамен байланыстырып, озық іс-
тәжірибелерді әрдайым күнделікті сабағында пайдаланып,
жетілдіріп отыруы қажет.
Осы талаптарды әрбір мұғалім үнемі ұстанып отырса, мұғалімнің көңіл-күйі
әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі әрдайым жана
түседі.
Педагог оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға
серік, дос,сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның
өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып,
таным қабілеті ашылады.
Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшу - білім жүйесін реформалауды,
шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық
үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен» «білім әркімге өмір бойы»
үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді
қамтамасыз етеді.
12 жылдық білім беру мектептің алдында тұрған басты мақсаттары:
• Жеке тұлғаны әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары сапалы біліммен
қамтамасыз ету;
• Жан-жақты дамыған, өзін-өзі тәрбиелей алатын, кәсіби білім беру
бағдарламасын меңгерген мәдени азамат қалыптастыру;
• Шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекелестікке
қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістіре алатын, функционалды сауатты
болашақ маман даярлауды көздейді.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайына жас
ұрпаққа білім беру ісінде оны жеке даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән
бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік
азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға
бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек
күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге
көшу мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы
ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен
мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер: «Баланы оқуға қалай
үйретеміз?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері
болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге
бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім
педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б.
ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің
алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің
шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке
ізденістерден , оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқу процесі әр педагогтың өзіне,
өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым –қатынасын
берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зертеушілік
позициясы өз кәсібін шығармашылық денгейде жетік меңгерген кезде ғана
айқындала түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселелерінің бірі- мұғалімнің
кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында қалыптастырылуы қалыпты жағдай.
Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі», -деп айтқанындай,
барлық күш мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім жеке
тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
Оқыту үрдісінде кездесетін қайшылықтар мен қиыншылықтарды шешуде,
мұғалімнен асқан шеберлік пен педагогикалық білімнің мықтылығын қажет
етеді. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса,
педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз іс-әркетін дұрыс
ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби
тұрғыдан шыңдай түседі.
МҰҒАЛІМ- Мектептің Ұлағатты , Ғұлама,Лайықты,Ізденімпаз,
Маманы- деп білеміз.
12 жылдық білім және жаңа мұғалім. Жаңа мектептің жаңа мұғалімі қандай
болу керек?
Қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылық талаптарын толық
меңгерген, баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы
өздігінен өмірге жетелейтін, ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.
Біздің мектепте мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруда;
1. Білім жетілдіру курстарына жіберу;
2. Түрлі байқауларға қатысу;
3. Семинар, конференциялар ұйымдастыру және қатыстыру;
4. Аттестаттау;
5. Әдістемелік күндер;
6. Басылымдарға озық іс-тәжірибелерді жариялау;
7. Ашық сабақтар апталығы;
8. Тәжірибе алмасу; т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады.
Мектептегі 119 мұғалімнің 75% білім жетілдіру курстарынан өтті. 25
бастауыш сынып мұғалімінің 21-і 12 жылдық білім бойынша білімдерін
жетілдірді. 4-еуі жас маман. Сондай –ақ қазіргі таңда мектепке енгізіліп
жатқан «өзін-өзі тану» пәні бойынша 13 мұғалімнің сертификаттары бар.
Бастауыштағы информатика пәні бойынша 2 мұғалім білім жетілдірді.
Мектепте мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін арттыру мақсатында
әдістемелік жұмыстың түрлері кеңінен қолданылуда. Мұндай жұмыс түрлеріне
«Панорамалық сабақтар», «Мастер-класс», «Жарнамалау», т.б. іскерлік
әдістемелік кеңестер, «Жұлдызды сағат», «Лидер», «Дебат», «Дөңгелек үстел»
жиынын, озат тәжірибелі сабақтар, әдістемелік апталықтар, пікірталастар,
конференцияларды атап өтуге болады.
Мектеп мұғалімдері әртүрлі жаңаша педагогикалық технологияларды
оқып, үйреніп, өз іс-тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Мұғалімдердің әр
түрлі тақырыпта шығармашылық тобы құрылып, жұмыстануда.
Осындай және т.б. жаңа технологиялармен жұмыстанудамыз.
Мектеп мұғалімдері түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан
көрініп жүр.
Алдымызда тұрған білім реформасына мұғалімдерімізді дайындауы мен
қатар мектептің материалдық техникалық базасы да жаңарып келеді. Мектепте
7 интерактивті тақта, жасақталған пән кабинеттері бар.
12 жылдық білім беруге дайындық жоспары құрылып, аудандық әдістеме
кабинетімен бірге жұмыстанудамыз. Мектеп ұжымына «12 жылдық білімге көшу
қажеттілігін айқындайтын факторлар», «Құзіреттілікке бағытталған 12 жылдық
білім беруге дайындық» тақырыптарында семинар-кеңес ұйымдастырдым.
12 жылдық білім беруге дайындық мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар.
12 жылдық білімге дайындық жоспарында;
• Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
білім беруді дамыту бағдарламасының мақсат- міндеттерін
басшылыққа алу;
• 12 жылдық білім беру курсынан өткен мұғалімдердің тізімін құру;
• Мектепалды даярлық тобына балаларды 5 жастан қабылдау;
• «12 жылдық білім берудегі білім беру деңгейінің оқу пәндерінің
стандартымен» танысу;
• Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;
• Бейіналды оқумен қамту;
• Баспасөз беттеріне шолу т.б. қамтылды.
Мыныдай тақырыптарда әдістемелік отырыстар өткізіліп,әдістемелік көмектер
ұйымдастырылуда:
• «20 қадамнан тұратын дайындық стратегиясы»
• 12 жылдық білім беру проблемалары: Сұрақтар мен жауаптар
• «Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы-бала денсаулығының кепілі»
• «Оқу-тәрбие үрдісін әлеуметтендірудегі ата-аналар орталығының рөлі»
• «Өзін-өзі тану»курсының әдістемелік тәсілдерінің ерекшеліктерінен
мағлұмат
• Педагогикалық тәжірибеге ұсынба: «Бірінші сыныпта оқу тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыру»
• «Бастауыш сыныптағы информатика» пәні туралы мағлұмат
• Құзіреттілікке бағытталған 12 жылдық білім берудің талаптары.
• «Жаңа технологиялар- сабақта»
• Интерактивті тақтамен сабақтар өткізу
• Ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу т.б.
Жалпы ата-аналарға «12 жылдық білім-заман талабы» атты семинар- кеңес
өткіздім.
Осы жиналыста «12 жылдық білім- заман талабы » атты баяндама
оқып, «Әке- тірек, ана-жүрек, бала- білек» семинар – тренингі
ұйымдастырылды. Интерактивті тақтамен сауалнамалар жүргізілді.
12 жылдыққа көшу дегеніміз – ескінің бәрін жою деген сөз емес.
Қайта бұрыннан бар қалыптасқан дағдылы оқу әдістері мен дидактикалық
принциптерді тағы да бір елеп, екшеп жаңа бір белеске көтерілу дер едім.
Әр мұғалім заман ағымына ілесіп, жаңалықтан қалмай, шығармашылықпен
жұмыстанса ғана, нағыз педагог болады.
Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі - осы өзіміз өмір сүріп отырған
заман ағымына сай белсенді еңбек атқарып, егеменді еліміздің еркін ұланын
тәрбиелеуге елеулі үлес қосатын мектептің ұлағатты,ғұлама, ақылды,
лайықты,ізденімпаз маманы деп ойлаймын.
-----------------------
Жаңа технологиялар
Сын тұрғысынан ойлау
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Тірек сигналдары арқылы оқыту
Проблемалық оқыту
Оқытудың компьютерлік-программалық технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту
Дамыта оқыту
Тәй-тәй технологиясы
Педкадрлармен жұмыс
(Семинар, әдістемелік отырыс, ақпараттық технологиялармен жұмыс)
Оқушылармен жұмыс
(Сапалы білім беру, жеке тұлға ретінде қалыптастыру)
12 жылдық білім
Қоғамдық ұйымдармен жұмыс
(байланыста болу)
Ата – аналармен жұмыс
(ата – аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу)
12 жылдық білім беруге көшу бағыттары
ІІІ – бағыт
Оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып,жеке даралық
бағытта оқыту.
1- бағыт
Оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып,жеке базалық бағытта оқыту
ІІ- бағыт
Ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту
Бағыттарды жүзеге асыру компоненттері
Кәсіптік компонент
Профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу
курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланысын меңгеру
Тұлғалық компонент
Оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты
мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру
Инварианттық компонент
Мемлекеттік оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап
беретін жалпы міндетті оқу жоспарының бөлігін меңгеру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz