Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Абылай хан 1723 жылы

ХХI ғасыр топжарғаны
Мақсаты: Ойын арқылы XXI ғасырда бiлiм алып жатқан оқушылардың бiлiм
дәрежесiн анықтау . Олардың ой-өрiсiн дамыту.
Армысыздар ағайын
Сiздерге жар салайын
Жүлдегерi ғасырдың
Үздiктерi бiлiмнiң
Сахнадан орын алыңыз
Жарысқа қадам басыңыз
Ойынға қатысушыларды сахнаға шақырамыз:
Бiрiншi ойыншымыз:
7 “А” сынып оқушысы Єалымжан Јнуар
Сүйiктi пәнi: математика
Бос уақытында: спортпен және шахмат ойнағанды ұнатады.
Екiншi ойыншымыз:
7 “А” сынып оқушысы Басен Жаќсат
Сүйiктi пәнi: тарих
Бос уақытында: кесте тоқығанды және кiтап оқығанды ұнатады.
Болашақта мұғалiм болуды армандайды.
Үшiншi ойыншымыз:
9 “А” сынып оқушысы Басенова Айдана
Сүйiктi пәнi: тарих
Бос уақытында: спорттық ойындармен айналысады.
Болашақта ғарышкер болуды қалайды.
Төртiншi ойыншымыз:
10 “А” сынып оқушысы Алатаев Абылай
Сүйiктi пәнi: тарих
Бос уақытында: спортпен және шахмат ойнағанды ұнатады.

Ойыншыларымызды бағалайтын әдiл-қазы мүшелерiмен таныстырып өтейiк:
1. ________________ Таєыбергенова Г.
2. ________________Жолмухамбетова М
3. ________________Ныємет Р

Ойынымыздың шарттары:
1. Бәйге
2. Тiл өнер
3. Ғажайып жетеу
4. Тапқырлық
5. Жорға
Сайысымыздың бiрiншi шарты бойынша: “Бәйге” Бұл турда сұрақ қойылып, дұрыс
жауапқа 10 баллдан қосылады.Сўраќбарлыќпјндерді ќамтиды. Сонымен ойынымызды
бастаймыз
Сұрақтар оқылады.
Бәйге

1. Тiл дыбыстарын тiл бiлiмiнiң қай саласы тексередi?

(фонетика)
2. 9 – дан 100 – ге дейiнгi сандарда қанша “9” саны кездеседi?
( 20 )
3. Абылайдың азан шақырып қойған аты?

(Әбiлмәнсұр)
4. Ертегiлердiң неше түрi бар?
(4: шыншыл, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт)
5. Сызғыштың төрт бұрышы бар. Бiр бұрышын кесiп тастағанда неше бұрышы
қалады? (5
бұрыш)
6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлiнедi?
(4: хабарлы, сұраулы, лептi, бұйрықты)
7. Атақты математик әйел? (Софья Коволевская)
8. Ағылшын тiлiнде қандай дыбыстар тобы 4 жағдайда айтылады?
(дауысты)
9. Түйе малының бiр төлiнiң аты басқа екi малдың төлiнiң атынан
құралған. Ол қандай төл? (тайлақ)
10.Геометрияда жаңалық ашқаны үшiн звес құдайына
жүз өгiз сойып құрбан еткен кiм? (Пифагор)
11. Ертеде мадан хан өзiнiң 40 уәзiрiне “дүниедегi адамның, құстың,
шөптiң жаманын” тауып әкелудi тапсырды. Бұл қай ертегiден алынған ?
(Аяз би)
12. “Қызғыш құс” өлеңiнiң авторы? (М. Өтемiсұлы)
13. Жер шарында неше планета бар? (9)
14. Жетiге дейiн ғана саналатын қай сан есiм? (Жинақтау сан есiм)
15. Қазақстан Республикасының рәмiздерi қашан қабылданды?

(1991 жылы)
16. Ислам дiнiнiң қасиеттi кiтабы? (құран)
17. Қашқарияға жорық жасаған саяхатшы ғалым кiм? (Шоқан Уәлиханов)
18. Халық суретшiсi? (Әбiлхан Қастеев)
19. Шетелде халық әнiн орындап күмiс жүлде алған әншi?
(Әмiре Қашаубаев)
20. Бүкiл шығыс әйелдерi iшiнен Кеңес одағының батыры атағын алған
кiмдер?
(Әлия мен Мәншүк)

Оқушылардың қанша балл жинаған қорытындысы айтылады.

Екiншi турымыз “Тiл өнер” осы турда оқушыларға сұрақ қойылып, дұрыс
жауапты үш тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшан тiлiндегi аудармаларын айтады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
Тiл - өнер.
Тапсырмалары:
1. Көк жиектi көмкерiп,
Шатыр жайдым кең көрiп.
( аспан – небо- sky )
2. Жұбымыз бiр жазылмайды кiл теңбiз.
Күнi- түнi арамызда үлкен “ қыз ”
( әже – бабушка -
grandmother )
3 . Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiн қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ?
( сүт – молоко -
milk )
4. Сирағы ұзын , мүйiзi қысқа,
Бұл өзi аң ба , құс па ?
( керiк – жираф -
giraffe )
5. Ақыл сөз – атқан оқтай жай кетпейдi,
Жаманға оқ өтсе де , ------------ өтпейдi.
( сөз – слово –word )

6. Артық ғылым ----------
Ерiнбей оқып көруге.
( кiтапта – книга –
book )

7. ------- болам десең, бесiгiңдi түзе.
( ел – народ – people )
8. ----- бәрiнен де қымбат, өйткенi ----- - мектептiң жүрегi.
( мұғалiм – учитель
– teacher )
9. Ақылы қысқаның - ---------- ұзын.
( тiлi – язык –
language )
10. Әдемi түнде мен жүрсем , жүредi бiрге не ?
( ай – луна - moon )
11. Сабыр – түбi сары ------- .
( алтын – золото -
gold )
12. Әке – асқар --------- .
( тау – гора -
mountain )
13.Ерiншектiң --------- таусылмайды.
( ертеңi – завтра –
tomorrow )
14. Суда қалқиды, отқа балқиды.
( мұз – лёд – ice )

Үшiншi турымыз “Ғажайып жетеу”
Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар
қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.

Ғажайып жетеу

(30 балл)
1. География
Машина жасаудан дүние жүзiнде бiрiншi орынға ие ел?
Жауаптары: а) Италия
Б) Жапония
В) Корея
______________________________________________
2. Қазақ тiлi
Сөйлем мүшесi бола алмайтын сөз табы?
Жауаптары: а) шылау
Б) үстеу
В) елiктеу
_______________________________________________
3. Математика
Математика – ұлы ғылым, адамның ең асыл қасиеттерiнiң тамаша жемiсi.
Кiмнiң сөзi?
Жауаптары: а) Писарев
Б) Платон
В) Юнг
_________________________________________________________________

(40 балл)
1. Қазақ әдебиетi
“Қызыл жебе” романының авторы?
Жауаптары: а) Мұхтар Әуезов
Б) Шерхан Мұртаза
В) Мұхтар Шаханов
_______________________________________________
2. Тарих
Шағатай әулетi мемлекетiнiң құрылуы?
Жауаптары: а) 1269 жылы
Б) 1267 жылы
В) 1369 жылы
_______________________________________________
3. Математика
50 сынын жартыға бөлгенде қанша шығады?
Жауаптары: а) 25
Б) 50
В) 100
_____________________________________________
(50 балл)
1. Химия
Су отты неге сөндiредi?
Жауаптары: а) су құйғанда от сөнбейдi
Б) су құйғанда оттың жануына кедергi жоқ
В) су құйған кезде отқа ауа жетпей қалады
____________________________________________________
2. Физика
Ксеркосты 1938 жылы американ өнер тапқышы ойлап тапқан. Оның аты-жөнi?
Жауаптары: а) Карлсон
Б) Папов
В) Писарев
______________________________________________
3. Қазақстан тарихы
Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте үш жүздiң бас қолбасшысы болып
сайланған хан кiм, қай жылы?
Жауаптары: а) Абылай хан 1723 жылы
Б) Әбiлхайыр хан 1732 жылы
В) Әбiлхайыр хан 1723 жылы

Төртiншi тур “Тапқырлық”
Оқушыларға шырпы, бiр картоп, банкi және су құйылған тәрелке түбiнде тиыны
бар берiледi. Олар осы қосымша затты қолдану арқылы тәрелке түбiндегi
тиынды қолдарын суламай алулары керек. Ойыншыларымызға ойлануға 1 минут
уақыт берiледi. Ұпайды әдiл-қазы мүшелерi бередi.
Дұрыс жауабы: су құйылған тәрелкеге картопты салып, оған шырпыны кiргiзiп,
жағады да, банкiнi төңкередi. Сол уақытта банкiнiң iшiнде қалған ауа оттың
жануымен суды көтередi. Осылай тиынды қолды суламай алады.

Бесiншi тур “Жорға”
Қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 20 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10
баллдан ұпай жинайды.
( А нұсқасы )
Сұрақтары:
1.2003-2005жылдар қандай жыл болып
жарияланды? (Ауыл жылы)
2.Ислам қай халықтың дiнi? ( қазақ )
3.Алматы қай елдiң бұрынғы астанасы?
( Қазақстан )
4.Үш жүздiң басын бiрiктiрген хан ?
( Абылай хан )
5.Тиянақты ойдың көрсеткiшi ? ( сөйлем )
6. 3,5,7, қандай сандар ? ( тақ )
7. Есiк қаласынан табылған ескерткiш ?
( Алтын адам )
8. 17 млн халқы бар қандай ел ? ( Қазақстан )
9. Ағылшын тiлiнде қанша дыбыс бар. ( 44 )
10.Қазақ халқының атақты билерi нешеу ? ( 3 )
11.Ақтөбе облысы Қазақстанның қай бөлiгiне кiредi ? ( Батыс)
12. Н.Ә.Назарбаев кiм ? (Президент)
13. 9 –ға 1-дi қосқанда нешеу ? ( 10 )
14. Қазақ алфавитiнде неше әрiп бар ? (42 )
15. Ағартушы ұстаз ? ( Ы.Алтынсарин )
16. Тауды көтерген бала ? ( Толағай )
17. б,к,қ,д, - қандай дыбыстар ? ( дауыссыз )
18. Дүниежүзi чемпионы атағын алған палуан
( Қажымұқан )
19. Заттың неше күйi бар ? ( 3 )
21. Екi қатынастың теңдiгi ? ( пропорция )

( Б нұсқасы )
Сұрақтары:
1. Қазақстандағы халық саны ? ( 17 млн )
2. Алтын адам қай жерден табылған . ( Есiк )
3. Қазақ тiлiнде неше сөз табы бар ? ( 9)
4. “ Ғылым таппай мақтанба ” атты өлеңiн жазған ақын? ( Абай)
5. М.Өтемiсұлының неше жылдығы тойланды? ( 200 )
6. 5*5 неше ? ( 25 )
7. Шоқанның шын аты ? ( Мұхаммедханафия)
8. Қазақ халқының дiнi ? (Ислам )
9. “Отрар сазы ”поэмасының авторы ? ( М. Шаханов )
10. Тең қабырғалы төртбұрыш ? ( шаршы )
11. а,о,ы, - қандай дыбыстар ? ( дауысты)
12. Ағылшын тiлiнде қанша әрiп бар ? (26 )
13. Қазақстанның астанасы ? ( Астана)
14. Iрiмшiк қай малдың өнiмi? ( сиыр )
15. Қазақ халқының негiзiн қалағандар? (Керей, Жәнiбек )
16. Хазiрет ауылы қай облысқа кiредi ? ( Ақтөбе )
17. 2,4,8, - қандай сандар ? ( жұп)
18. Қазақстан Республикасының президентi ?( Н.Ә.Назарбаев)
19. Тас дәуiрi неше кезеңге бөлiнедi ? (3 )
20. Абайдың шын аты ? ( Ибрагим )

Ойын мәресiне жетiп, қатысқан оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңген оқушыға мақтау қағазы және бағалы сыйлық тапсырылды.

Ұқсас жұмыстар
Абылайдың хандығы
Абылай ханға Бөгенбай батырдың өлімін естірткен қай жырау
Абылайхан жайлы білім беру
Шыңғыс хан
Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы.отан соғысы
Қазақ - қырғыз қатынастары
Қазақстан ХVIII ғасырдағы саяси - әлеуметтік, экономикалық дамуы
Шешендік сөзді тап
Қазақтың хандарын ата
Қазақстан тарихы - менің тарихым
Пәндер