Қорықтың мақсаты

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Эссе

Тақырыбы: «Қорықтар».

Орындаған: География пәнінің мұғалімі

Юханова Мөлдір Шаппабекқызы

2013 жыл

«Опорный орта мектебі»

География пәні мұғалімі

М. Ш. Юханова

Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір - бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1 - бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: « Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері». Сонымен қатар бұрыннан бар қорғалатына аумақтардың санын арттырып, аумағын ұлғайту мәселесі қойылуда.

Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар;

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;

- мемлекеттік табиғи резерваттар;

3. Мемлекеттік табиғи саябақтар;

4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

5. Мемлекеттік қорық өңірлері;

6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар;

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар;

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар;

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

10. Мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;

11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары;

12. Халықаралық маңызы бар сулы - батпақты алқаптар;

13. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды үлескілері.

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қазақстан қорықтары саны жөнінен ТМД - ға кіретін республикалар арасында 16- шы орын алады. Дегенмен, Республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13 - ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан - байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынумен таға да 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Ақсу - Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131, 9 мың ға жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500 - 2000 м - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша, бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т. б. жануарлар кездеседі.

2000 - 2300 м биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өтетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорықтың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырмен жрғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сақталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние революциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.

Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191, 4 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ - шоқ қарағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі сор топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.

Табиғат жағдайының әр түрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқты жерсініп кеткен. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687 - ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, үйректер қаптап жүреді.

Алматы қорығы 1964 жылы құылған. Аумағы 71, 1 мың га жуық, әр түрлі лагдшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен Аққұм - Қалқан жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800 - 2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь - Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман беледуі орналасқан. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200 - ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, қырғауыл т. б.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік - батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың га. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйырықты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік бейімделуге жануарлар тән. Негізгі өорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953 - 1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкеліп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да біраз жануарларын көшіруге тура келді.

Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га алып жатыр. Оған тың даланың қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай - ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Теңіз - Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүниежүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО - ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты - шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары 8 сынып
Тақырып - Құстар бізде қонақта
Жануарлар әлемін қорғау
Табиғат және қорық. қорық табиғат жанашыры 4-сынып
Тақырып Қазақстан қорықтары
Жануарлардың көптүрлілігі
Жас қорық
Таулы аймақ қорықтары
Қорықтың аты
Оқушы әрекеті. Ауаның ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz