Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жас қорық

Сабақтың тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға су қоймасы өсімдіктері мен
жануарларын қорғау жайлы мағлұмат
бере отырып, жер бетінде жойылып
бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар
әлемі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,жүйелі сөйлеуге
дағдыландыру,
танымдылық белсенділіктерін
арттыру.
Тәрбиелігі: Жаратылыстың әрбір мүшесін сүйе
білуге,табиғаттағы тіршілік иелеріне
қамқорлық.жасауға,қорғай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мультимедиялық
кабинет,карта,суреттер,сызбалар,жұмбақтар,тест,бүктеме,
электрондық оқулық.
Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, топтастыру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. (Психологиялық дайындық)
Пай!Пай!Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төкен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер!
Сарылып сал-сері кеткен жер!
Бас иіп,иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер! – деп
Мұқағали Мақатаев ақын жырлағандай,
біз де,балалар,тылсым дүниенің
тіршілігіне бүгінгі дүниетану сабағында
бойлап көрейік.
II. Үй жұмысын тексеру. (Өткенді қайталау)
I. Топтастыру:(оқушылар тақтаға су қоймасындағы жануарлармен
өсімдіктерді топтастырады,
тақтаға)

Су қоймасы

Жануарлары
Өсімдіктері
Инелік
Қоға

Суаршын
Қамыс
Ұлу
Ақ тұңғиық
Сүңгуір қоңыз
Сары тұңғиық
Шабақ
Балдырлар
Итшабақ
Балықот
Алабұға Қалың құрақ.
Сазан
Құндыз
Жұпартышқан
Күзен

II.
а) дәптерге жаздыру. (2 оқушыға оқытамын)
б) су қойма өсімдіктері мен жануарлары тақырыбына жоспар құрып,
әңгімелеп келу.(2 оқушыға
жоспарларын оқытып, мазмұнын айтқызу)
Жоспары:
1. Су қоймасының қандай түрлері болады?
2. Су өсімдіктерінің құрлық өсімдіктерінен қандай ерекшеліктері болады?
3. Су қоймасы өсімдіктерінің ондағы басқа тіршілік иелері үшін қандай
маңызы бар?

III. Ой толғаныс. Оқушы шығармашылығы. Алдын ала берілген тапсырма
бойынша су қоймасы
жануарларына сипаттама беру.

Сергіту сәті: Жұмбақ жасырамын.
1. Аяқсыз-ақ жорғалайды,жүреді,
Аузы да жоқ,сыңғырлайды,күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,
Айтындаршы, осыны кім біледі? (Су)
2. Өзі көк, көлеңкесі жоқ.(Көл)
3. Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдың судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.(Шағала)

III.Жаңа сабақ: Мағнаны тану.
Поэзия минуты арқылы бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын ашу,яғни сумен
байланысты екенін
аңғарту.
Кең,дала,көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан,
Әне,сол анам еді мені тапқан- дегендей, Қазақстан-кең байтақ
республика. Табиғаты көркем, сұлу.
Осы табиғат сұлулығын суретшілер сурет арқылы берсе,сазгерлер ән
шығарған,ақындар өлең жазған.

1-оқушы: Су деген тіршіліктің қамы емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір,жоқ ол-ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
2-оқушы: Ақ қанатты шағала,
Қалықтайсың жағада.
Көк теңізден шықпайсың,
Жағасында ықтайсың.
3-оқушы: Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат,жүрегімнің тамылжыған жырысың!
Ей,адамдар,қалай ғана қатігездік жасайсың?!
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!
Картамен жұмыс: Экранға көз жіберетін болсақ, Бұл Қазақстан
Республикасының физикалық
картасы.
- Картаға бір сәт назар аударыңдаршы, қандай түстермен бейнеленген?
- Жасыл түс – ойпаттар,сарғыш түс-қыраттар,қоңыр түс-таулы
жерлер,көгілдір түс-өзендер мен көл-
дер.
- Қандай ірі көлдер мен өзендерді білесіңдер?
Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын
байлық көзі – су.
Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы, табиғаттың бір бөлшегі су
қоймаларындағы
өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
Дәптермен жұмыс: Күннің ретін, тақырыпты жазу.
- Су қоймаларын қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Су қойма өсімдіктерімен жануарларын қорғау,жағалаудағы қамыс,қоғаны
шауып алу, мал жайылымды
таптап кетсе,суды ластаушы заттардың әсерінен де су тез буға
айналып,су қоймасы кеуіп кетеді.
- Қандай ластаушы заттардың әсерінен су қоймаларындағы жануарлар мен
өсімдіктер тіршілігін
жояды деп ойлайсыңдар?

Завод
Жеңіл
өнеркәсіп
Мұнай өнеркәсібі

Жуындылар Суды ластаушы
заттар Темір жол

Шахта Автомобиль

көліктері

Адамдардың
шаруашылық әрекеті салдарынан.

Мысалы,адам іс-әрекеті салдарынан әлемдік деңгейде сөз болып жатқан
Арал суының тартылуы оның
маңайындағы ұлан-ғайыр жердің топырағының сапасын төмендетеді.Адам
өмір сүруіне қолайсыз
жағдай туғызды. Жан-жануарларға да үлкен зиянын тигізді. Адамның
шаруашылық әрекетінен
еліміздегі су қоймаларында тіршілік ететін аса бағалы аңдардың,
құстардың,балықтардың біраз
түрлері жойылып бара жатыр.Соларды қорғау үшін мемлекет әр түрлі
шаралар қолдануда. Сирек
кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау
мақсатында
Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты.
Оның беті алуан түрлі болады Қызыл парақтарында – жойылып кету қаупі
бар жануарлар енеді.
Ақ парақтарында – саны азайған жануарлармен өсімдіктер енеді.Жасыл
парағында – қайтадан аяласа
қалпына келетіндер енеді. Осындай барымызды бағалау үшін елімізде әр
түрлі қорықтар мен қорықша-
лар,ұлттық саябақтар бар.Қорықтарда арнайы жоғары білімі бар мамандар
ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен шұғылданады. Қазақстанда он қорық бар. Қазақстанда ең
алғаш рет, 1926 жылы
Талас Алатауының етегінде Ақсу – Жабағылы қорығы ұйымдастырылды.
Қорықтың мақтанышы – алма бақтары. Әйгілі Алматы апорты осы жерден
шыққан.
Алматы қорығы Алматы облысы Талғар ауданында, 1931 жылы биік тау
байлығын қорғау үшін
құрылды. Қорық жануарлар,құстар,өсімдіктер әлеміне бай. Қорықтың он
құсы Қазақстан Қызыл кіта-
бына енгізілген.(бүркіт,сақалтай,құмай,бидайық,орақтұмсық,көкқұс,қара
дегелек,бақалтақ қыран,үкі)
Барсакелмес – тартылып бара жатқан Арал теңізінің аймағында орналасқан
қорық,Қызылорда облысы,
Арал ауданында 1939 жылы ұйымдастырылған.
Құлан,ақбөкен,қарақұйрықтардың саны азайып бара
жатыр.
Наурызым Қостанай облысы Наурызым ауданында 1959 жылы ұйымдастырылған.

Наурызым қорығының мақтанышы – Наурызым ежелгі орманы.
Оған 3000 жыл болды. Қорғалжын Ақмола облысы Қорғалжын ауданында
1968 жылы
ұйымдастырылған.Қорғалжын өзендері мен көлдері, батпағы – суда
жүзетін құстардың
ұя салуына,жылы жаққа ұшу кезінде түнеуіне қолайлы жер.
Марқакөл Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында 1976 жылы
ұйымдастырылған.Өсімдікке өте бай.(батпақ қалтагүлі,бұйра
лалагүл,Сібір кандығы,тобылғы,тб.)
Үстірт қорығы Маңғыстау облысы Ералиев ауданында 1984 жылы
ұйымдастырылған.
Қазақстанның шөлді аймағын қорғауға арналған. Онда сирек
кездесетін қарақұйрық, гепард, шағыл
мысық, шұбар күзен мекендейді.

Батыс Алтай қорығы Ш.Қ.О. Риддер қаласында 1992 жылы
ұйымдастырылған.Жас қорық.
Қорықта аю,марал,барыс,тау ешкісияқты сирек кездесетін жануарлар
мекендейді.
Алакөл қорығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Алматы облысы Алакөл
ауданында жәңе Шығыс
Қазақстан облысының аумақтарында орналасқан.Бұл қорықта өте сирек
кездесетін құстар бар.
Мәселен, көнезамандық шағала.
Қаратау қорығы 2004 жылы ашылған.Қаратау қорығында өсімдіктердің 400-
ден аса түрлері бар.
Бүктеме,кітаптарды көрсете отырып қорытындылаймын.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының
әрбір азаматы
табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Оқулықпен жұмыс: (Тізбектеп оқыту)
а) Су қоймасын қорғау үшін өзің қандай үлес қосар едің?
ә) Дәптермен жұмыс: Табиғатты қорғау ережелері.
Қорытынды: - Сендерге жаңа сабақ түсінікті ме?
- Олай болса, тест арқылы тексерейік. (Тест сұрақтарын таратып беремін)
Жауабы: Маб-қа дайындық ретінде дұрыс жауаптың ішін қарамен бояу керек.

Туған жерімізді,табиғатымызды қадір тұтатын болсақ,оны аялай
білейік,не жетіспейді,не ғаріп
дегенде қарт абыз.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз,үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп,-депті.Ендеше,жоғалтқанды жоқтаған жөн
болғанмен,
жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі –деп,
сабағымызды Исабаевтің өлеңімен толықтырсам артық болмас.
Жүрегімді тербеген бір арман бар,
Аман болсын аңдар,құстар,ормандар.
Ақыл-ойды жоюға емес адамдар,
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.

Үйге тапсырма: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
Реферат жазу «Қазақстан қорықтары»
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,
бағалаймын.

Ұқсас жұмыстар
Мұражай мұраларын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану
Қорықтың мақсаты
Қышқылдарды тап
Сабақ жоспары 8 сынып
Қорықтар неге керек?
Тақырып - Құстар бізде қонақта
Қазақстанның табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және экологиялық мәселелер
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Көлінен безген қаз оңбас
Тақырып Қазақстан қорықтары
Пәндер