Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Анаға мінездеме

№114 орта мектеп

А ш ы қ с а б а қ

Тақырыбы: М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы.
(қорытынды сабақ)

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы:

Пән мұғалімі: Төремұратова Анар

2008-2009 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы.(қорытынды
сабақ)
Табиғаттың жүрегі жараланып...
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы
Мұқағали поэзиясына талдау жасау,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын
ұғындыру,поэманың тақырыбы мен идеясы компазициясы туралы теориялық білім
беру
а)Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға
жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту,қоршаған орта
заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге
жету.
ә)Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиеті,киелі құс
екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру,өз ойын дұрыс
тұжырымдап,дәлелмен жеткізе білуге,еркін сөйлеуіне дағдыландыру,өлеңдерін
нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай
білу,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық
талғамға,көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін
тамашалап,сұлулығын сезіне қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей
отырып,экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

а)Экологиялық білім мен тәрбиенің алғышарты.
1.Танымды,мінез-құлықты тәрбиелеу.
2.Оқушының танымдық,шығармашылық дамуына жол ашу.
3.Табиғатты аялау,қорғау сезімін оята білу.

Сабақтың түрі:Интеграциланған (дамыта оқыту)сабағы.
(Әдебиет сабағын театр,әуез,көкемсурет,сөз өнерімен интеграциялау)
Пәнаралық байланыс:Экология,бейнелеу өнері,музыка,география т.б.

Сабақ көрнекілігі:ақын суреті,техникалық құралдар,компьютер,аққу туралы
жазылған нақыл сөздер,тақырыптық суреттер,көрініс,сызба- кестелер, “Жетім
көл”суреті бейнеленген аққудың,шыршалы тоғайдың көрінісі.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:
1. Мәнерлеп өлең оқу. “Мұқағали-әлеміне саяхат”.
2. Сахналық көрініс.
3. Компазициялық жоспар (сызба кесте)-талдау.
4. Шығармашылық ізденіс бағытында:“Дебат-пікір- сайыс ”.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру.
1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(С.Тұрысбеков “Көңіл толқыны
” ойналады)
2.Мәнерлеп оқу: “Мұқағалиды аңсау”

II.Үй тапсырмасын пысықтау.
а)Поэзия минуты.
ә)Қызығушылығын ояту сайысы.
Ойшақыру “Менің Мұқағалиым”атты үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасының шарты:ақынның өзіңе ұнаған өлеңдерін жатқа оқы және
сенің Мұқағалиың екенін дәлелде.

III.Мұқағали әлеміне саяхат:
-Балалар,поэзия әлемінде Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде,ой-
парасатында,жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін
шашқандай жарқырап нұр беруде.
Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға,
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай,-деп
Айтақын ағамыз жырлағандай,өлеңімен рухани азық,күш жинап,қажетіне
қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші
сұраған емес-ті.
Мінеки,бұл Мұқағали әлемі.Әр ғасырдың біртуар адамы болады.Зымыран
уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз болып қадалған
Абай,Мағжан,Қасым,Мұқағали болатын. Мұқағали “Абай жаққан
сәулені”сөндірмей,“Жыр сәулені”лаулатар ақынның келетініне сеніп
кеткен ақын.
Ол:
Туады,туады әлі нағыз ақын
Нағыз ақын бал мен у тамызатын
деген болатын.
Өз сезіміне өзі өртенген Мұқағали жыры бүгінгі күні шартарапқа жыр
шуағы болып төгілуде.
- Балалар, мен Мұқағалидың анасы Нағиман әженің, жазушыға, баласының
ақындығы туралы айтқан естелігін сендерге оқып берейін.
(Мұқағали жайлы естелікті оқу)

Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ
болады.
Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида
тазалық (қасиет деген ұғым)басымырақ болады.
Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.
Табиғат
Жанымды алсаң,
Алшы менің,
Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.
Артымда қалсын жерім,
Қалсын елім, - деген Мұқағали
барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды.Барлық
шығармасын соңғы өлеңіндей жазды.Өйткені,
“Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ
поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі”.
“Бір өлеңі бір елдің мұрасындай поэзия пайғамбары”.
“Мұқағали поэзиясы - тірі поэзия”.
“Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып
тастайды”деген еді Шелли.
Қане, Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
Бізде, енді - Мұқағали әлемінде поэзия дәуірі басталды. а) “Поэзия -
жүрек тілі”, - ақын шығармаларынан мәнерлеп оқу.
(Өлеңді жақсы оқитын белсенділік танытқан 2-3-оқушыдан)
ә)Диалогиялық әңгіме. “Менің Мұқағалиым”.
( “Мен Мұқағалидан не таптым?”деген сұрақ айналасында диалогиялық
әңгіме жүргізу).

Ойшақыру:
Сұрақтар: - Балалар, ақынның жұбайы Лашын апай:
“Мұқағали өмірді сүйіп өткен ақын”деп жазды.
1. Сендер Мұқағали өлеңдерінен оқи отырып, Мұқағалидан не
таптыңдар?
2. Сенің Мұқағалиың қандай?
3. Сенің Мұқағалиың не дейді?

б)Сурет,бояу құдіреті.
- Балалар, жаңа сендер өлең оқығанда Мұқағали сағынған Қарасуды біз
де сағындық.Бояуын көрдік, қурайдың үнін естідік.
Егер сендер суретші болсаңдар Мұқағалидың туған жерге деген
сағынышын көркемсурет өнерімен,бояу сырымен қалай бейнелеп берер
едіңдер?
(Белсенділік танытқан оқушыдан сұрау)
3.Мұғалім:
- Балалар, сендердің жауаптарың бойынша біріншіден “Мұқағали –
туған жерін сүйіп өткен, оны аңсап өткен ақын”дейміз.
Екіншіден,ол өмірден “Сәби болып”өткен ақын сияқты.Өз ортасы ондағы
күншілідік,жамандықтан жиренген ақын бейкүнә сәби қалпын сақтап
қалғысы келді.Солай болып қалды да !
Ән «Сәби болғым келеді» (Бекзат)

Мұғалім:
Мұқағали ақын –поэзия әлемінде диолог тәсілін яғни сұрақ-жауап
түріндегі әдісті поэзияда қолдануында өте шеберлік танытады.Оның
«Қош махаббат» драмасы бойынша «Махаббат диологі» дастанынан үзінді
келтірейік.

Көрініс: «Махаббат диологы»
(«Қош махаббат» драмасынан үзінді қою)
(инеценировка сипатында)

а) Автор бейнесіндегі оқушы:
Ей, күнадан пәк жас жандар,
Қапелімде қателікке баспаңдар!
Қосыларсың қол ұстасып саспаңдар,
Махаббатпен ойнағанды тастаңдар
Ей, күнадан пәк жас жандар!
Қапелімде қателікке баспаңдар!
Ал көріңдер, ол туралы дастан бар
ә) «Махаббат диологі»(екі оқушы орындайды)

-Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
-Қойшы сәулем бәрінде көтеремін
б) Топтастыру әдісі \ дәптермен жұмыс\
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп поэзия құдіретіне сеніп кеткен-
«Мұқағали қандай ақын ?»

ІІІ. Ой толғау. Поэма \қасиет, қасірет\ туралы.
а\ «Поэма осылай туған еді».
- Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда»- ғажап
поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен
туған дүние.
Мұқағали:
Қазақтың қара өлеңі - құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай
жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой
толғаймыз.
Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді.
\М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж «Мұқағали жайлы ойласам» деген
алғысөзден оқып беру\.
- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап
оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа
күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан
Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып,
қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен
айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың. Жақсы дүние туралы
мақтау сөздің өзі - бос сөз.Онан да балалар осы поэма негізінде «Ана
қасіреті...» атты сахналық көріністі көріңіздер.

ә\ Сахналық көрініс: «Ана қасіреті...»
IV. Поэманы талдау.
1. Проблемалық сұрақтар
Поэмада негізгі мәселе не?
Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу
анаға оңай түсті ме?
2. Поэманың композициялық элементтері.
Поэманың композициясы туралы не айтасыңдар?
Оқиға қалай басталады?
Оқиғаның байланыс қандай?
Оқиғаның дамуын қалай түсінесіндер?
Психологиялық шегініс жасасақ, ананың қандай
көңіл – күйі берілген?
Оқиғаның шиеленісуі не?
Оқиғаның шарықтау шегі?
Оқиғаның шешімі?
Оқиға соңы? Эпилог.
3. Анаға мінездеме. \тірек - сызба\

V. Сабақты бекіту:
1. Шығармашылық жұмыс.
\пікір сайыс\
Міндеті: «Жеңіске жеткін келе ме, ізден, ойыңды дәлелдей білуге үйрен,
біліміңді ұшта»

1.Жақтаушы топ:
Тақырыбы: “Аққулар ұйықтағанда”-экология
тақырыбындағы поэма.
Кілт сөздер: “Аққуды атуға болмайды”.
Дәлелдеме: 1.Көлдің сәні-аққулар.
2.Аққу киесі оңдырмайды.

2.Даттаушы топ:
Тақырыбы:
“Аққулар ұйықтағанда”поэмасының тақырыбы
экология емес.
Кілт сөздер: “Ана-махаббатымен құдіретті”
Дәлелдеме: 1.Бәрі де адам үшін жаратылған.
2.Наным-сенімнен де ана махаббаты
құдіретті.

VI. Қорытынды:
- Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.
Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы.Екеуі де
мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
- Ал біз, адамдар, солай етіп жүрміз бе? Жоқ, керісінше, біз қаталдық
пен жауыздықты бірінші соларға көрсетіп жүрген жоқпыз ба?
- Қасиетке оқ атқызған (анаға) қандай күш.
Баласы үшін өлімге де баратын ана қасиетке (аққуға) оқ атты. Ол ана үшін
өліммен бірдей еді. Қасиетке оқ ату қасірет болды.

VII. Үйге тапсырма:
1. “Жетім көл аққулары» - эссе жазу.
2. «Ақын және аққу» тақырыбына өлең жазу.
3. Поэманы оқып, өзіңе ұнаған шумағын жатта.
(мүмкіндігі келсе сурет салу)
4. «Аққуға атылған – оқ». \әңгіме диалог түрінде\

-----------------------
ана

Ұқсас жұмыстар
Мүсірепов Ананың анасы
Ғ. Мүсірепов Ананың анасы (бекіту сабағы)
Домалақ ана.Заттың санын білдіретін сөздер
Абай жолындағы әйелдер бейнесі
М.мақатаев. аққулар ұйықтағанда поэмасы
Кімге қарыздармыз
Бұғы ана туралы аңыз
Ғ. мүсірепов. "ананың анасы" әңгімесі. презентация
Бұғы-Ана. Ш.Айтматов
Қабдеш жұмаділовтің "адасқан бала" әңгімесі
Пәндер