Асық ойыны

«Ұлттық ойындардың пайдасы»
(Бастауыш сыныптар арасындағы отбасылық эстафеталық жарыс)
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата - аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата - аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Міндеті: 1. Дене жаттығулары арқылы оқушы денсаулығын қалыптастыру.
2. Сабақтарда оқушы белсенділігін арттыру үшін ұлттық ойындардың түрлерін арттыру.
3. Сабақ барысында ұлттық ойындарды пайдалана отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу.
Өткізілген орны: спорт алаңы.
Спорт түрі: эстафеталық жарыс
Өткізілген уақыты: 24. 04. 2013 ж.
Пайдаланылатын құралдар: ысқырық, доп, кедергілер, арқан, шыбық, асықтар, уақыт көрсеткіш, нысана, садақ т. б.
Барысы:
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Бүгінгі «Ұлттық ойындардың пайдасы» атты бастауыш сыныптардың отбасылық жарысына хош келдіңіздер!
Берекеде осында
Мереке де осында
Болып жатыр той думан
Қырандардың қасында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр ғой баламыз
Жарысып міне төрт топ
Қол соғып қарсы аламыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
1-сынып атынан «Достық» тобын,
2-сынып атынан «Құлагер» тобын,
3-сынып атынан «Семсер» тобын,
4-сынып атынан «Қыран» тобын
ортаға шақырамыз.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз. - деп, бүгінгі жарысқа төрелік жасайтын әділ-қазылармен таныстырамыз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Байшуақов.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Келдібаев.
Класс жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Б. Туралина.
Қызады бүгін той - сайыс
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді көтеріп
Інжу - маржан шашайық
Ырыс дәулет мол болсын
Жылда осындай той болсын
Жарысты енді бастайық
Ал, кәнекей жол болсын! - дей келе жарысымызды оқушылардың дене жаттығуларына арналған «Қара жорға» әнінің әуеніне арналған биін тамашалайық.
Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында имандылық сана - сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының, мектептің борышы екені баршамызға мәлім.
Ойын - оқушы балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын - баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Ойын - өсіп келе жатқан бала ағзасына қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуіне пайдасы зор. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:
«Асық » ойыны
Асық - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі - мергендікке, түнгісі- ептілікке баулиды. Асық ойынның мынадай түрлдері бар: бүк, шік, алшы, тәйкі, омпы, хан талапай, хан ату т. б.
Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлмеде де ойналады. Мақсаты- көп асық ұтып алу. Асық ойыны -халық арасына кең таралған.
Белгіленген сызықтан топ мүшелері омпысынан тұрған асықты 3 реттен ату арқылы ұпай жинайды. Қанша тигізсе сонша ұпай алады.
«Көкпар» ойыны
Көкпар - жігіттердің күш қайратын, ерлік, ептілігін сынайтын - ұлттық ат ойыны. Көкпарға тақымы берік шабандоздар қатысады. Жарысқа түсетін бұл додалы сынға денесі жұмыр, аяқтары жуан сәйгүлік аттар қатыстырылады. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, лақтырып ойнаған. Кейін ол ұлттық ат спорты ойынына айналған.
«Жаяу көкпар»
Әр топтан бір бала шыбыққа мініп, сызық бойына қатар тұрады. Төрешінің ысқырығы берілгенде орамалға түйілген допқа шауып барып, қолмен іліп алып, қайтып келуі керек. Басқа ойыншылар «көкпардың добын» тартып алуға әрекетену керек.
«Хан талапай»
Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған төрт үміткерден қатысады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz