Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сыр сандық кімнің өлеңі
Интерактивті сабақ
Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңін оқып,тақырыбы мен
идеясын,көркемдігін ашу, лирикалық кейіпкер, бейнелеу құралы
символ туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау,
сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,поэзияны түсінуге, сырына үңілуге
шақыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, әсемдікті
тану, эстетикалық рухани бағдар беру.
Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивтік тақта, мультимедиялық
көрсетілім, тірек-сызбалар пайдалану, тест сұрақтары,сұрақ-жауап,
түсіндіру, ойталқы, талдау,рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл Жабаев,Сәкен Сейфуллин суреттер топтамасы,
хронологиялық кесте, тапсырмалар, нақыл сөздер, естеліктер, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет-тарих-музыка.
Қажетті жабдықтар: Домбыра, интерактивті тақта, әдеби кітаптар,
плакат, сызбалар, электрондық оқулық.
Сабақтың жүргізілуі:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасы.
1-слайд
І.Не біліп келдік?
Сұрақ: 1.Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз.Шолу
жаса.
2.Жамбыл ақынның қандай өлеңдерін жаттадық?
3.Жамбыл кім?Бар білетініңді тірек-сызбаға жинақтап жаз(плакатқа
жазады)
Топтастыру стратегиясы
..... ......
......
Жамбыл
...... ......
.......
Білімді тиянақтау кезеңі
Мультимедиялық көрсетілім
(Домбыра әуені жіберіледі)
1.Жамбыл портреті
2.Жамбыл домбырасы мен «Ұлы заң» жинағы
3.Дина мен Жамбыл
4.Жамбыл ақын балалары Алғадай мен Ізтілеу
5.Әке мен бала қарт. Жамбыл баласы Тезекбаймен
6.Жамбыл ақын Мәскеуде.1936 жылы
7.Жамбыл мен Сәкен Сейфуллин 1936 жылы
(Жоғарыдағы суреттер интерактивті тақтада көрсетіледі)
Мұғалім:1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткен еді.Бұл
мәдени шараға қазақ елінен Жамбыл-Сәкен бастаған делагация
қатысты.Онкүндікті жыр алыбы Жамбыл «Халық сәлемі» атты жырымен ашып, күллі
халыққа қазақ жұртын, Сәкендей алыптарын танытты.Мына Жамбыл мен Сәкен ақын
суреті сол кезеңнен қалған естелік.
(Тақтада Жамбыл мен Сәкеннің суреті тұрады).
Бүгінгі жаңа сабағымыз Жамбыл жанындағы ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті
қайраткері, сұлу жанды Сәкен ақынға арналады.
(Сәкен Сейфуллиннің портреті шығады).
2-слайд
С.Сейфуллин портреті
3-слайд
ІІ.Не білгіміз келеді?
Жаңа сабақ
С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
1.Ұлылар ұлағатынан
Өмірде жан екенсің қия алмайтын
Өлеңнің құшағына сия алмайтын
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
Сырбай Мәуленов
«Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұртты, қара толқынды келген
шашты, өзі аққұба, көз қиығы ерекше, денесі сом, ердің ішіндегі аса бір
сымбаттысы, кісілігінде еш міні жоқ.»
Ғабит Мүсірепов
«Ескірмейді
естелік»кітабынан
4-слайд
2.Сәкен өмірі мен шығармашылығы
а)Хронологиялық кесте
1894 жыл 23 мамыр Ақмола облысы Нілді болысында туған Шын аты-
Сәдуақас.Әкесі Сейфолла-домбырашы,саятшы,ашық адам.Анасы Жамал-
әңгімешіл,өнерге жақын жан.
1905 жыл 11 жасында Нілді зауытының орыс-қазақ мектебінде.
1908-1913 жылдары Ақмола 3 кластық училищесінде.
1913-1916 жыл Омбы мұғалімдер семинариясында.
1914 жыл Қазанда «Өткен күндер» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты.
1917 жыл «Жас қазақ» ұйымында,«Тіршілік газеті» редакциясында.
1918—1919 жыл Омбы лагерінде азап вагонында.
1922-1936 жыл Халық-ағарту қызметтерінде.
1936 жыл Әдеби қызметінде 20 жыл, Мәскеу қазақ өнері онкүндігінде.
1937 жыл Халық жауы атанды.
1938 жыл 25 ақпанда Алматы түрмесінде атылды.
1957 жыл 30 наурызда ақын ақталды.Халқымен қайта қауышты.
5-слайд
ә)Шығармашылығы
«Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Домбыра», «Тұрмыс толқынында», «Қызыл
ат»,»Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары, «Тар жол,тайғақ кешу» романы,
«Жер қазғандар», «Жемістер», «Бандыны қуған Хамит», «Айша» әңгіме-
пьесалары.
6-слайд
б) Ақын мұрасының зерттелуі
Сәкентанушы ғалым-профессор Тұрсынбек Кәкішұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит
Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Г.Серебрякова, т.б.
3.Электрондық оқулықпен жұмыс
«Сыр сандық» өлеңін тыңдату, оқулыққа көз сала оқып шығу).
(Дауыспен тыңдатылды)
4.Қосымша ақпарат мұғалім сөзімен:
Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат»
деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға
байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен
досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге
Сәкенді жаңағы досы танымайды,шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған
Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын
сындырған доссымағым ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?»
дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде (фил.ғыл.докторы
С.Талжанов) осылай сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты
тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны
таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен
қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос
көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның
өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға
ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз
дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы,жағымды
қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене
жырлайды.
ІІІ Нені білеміз?
7-слайд
Мәтіндік жұмыс
1-тапсырма:Өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге теріп
жазыңдар.
Тіркестер мен айшықты сөздер;Нағыз дос,сымбатты тау,құзды шат,аққан
су,сылдыраған бұлақ,шың басы,алтын жазу,қымбат жасау,сыр перне,алтын
сарай,сұлу сым,т.б.
8-слайд
2-тапсырма:Өлең құрылысына талдау жаса.
(4 тармақты,2 бунақты,7-8 буынды,шалыс ұйқасты өлең).
9-слайд
3-тапсырма.Мақал-мәтелді жалғастыр.
1.Доссыз өмір-...... ...... (сөнген көмір)
2.Адамды ..... таны (жолдасынан)
3.Жақсымен дос болсаң,жетерсің ..... (мұратқа)
Жаманмен дос болсаң,қаларсың .... (ұятқа)
4.Досы көпті .... алмайды (жау)
Ақылы көпті ..... алмайды (дау)
5.Дос ......,дұшпан ...... айтар (жылатып,күліп)
10-слайд
4-тапсырма.Ұйқасын тап,ойлан.
1.Достықты берік .... (сақта)
Дос сенімен ..... (ақта)
2.Болмасын ..... достық (амал)
Болсыншы ..... достық (адал)
3.Шын достықты ..... (жасайық)
Дұшпандықтан ..... (қашайық)
4.Достық үшін ...... (күрес)
Саған тиген ..... (үлес)
5.Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған,
Сәкен ақын неткен ғажап,....... ...... (неткен жан)
11-слайд
«Сыр сандық» өлеңі желісімен сіздерге психологиялық тренинг тапсырмалар
а)Достық деген не?
ә)Жақсы досты қалай табамыз?
б)Нағыз достықты жасауға бола ма?
в)Ата-анаңмен ақылдасасың ба?
г)Дос қатесін кешіруге,түзеуге бола ма?
(Оқушы ойларын тыңдау немесе жаздырту).
Мұғалім: Зерттеуші Қажым Жұмалиев сөзімен айтсақ,
«Сәкен-көркем сөздің ұстасы,новатор,жаңашыл ақын,жұрт таңғалғандай үздік
образдар жасаған сұлу сөз иесі.»
Сәкен шығармалары-сұлулық,тазалық,адалдық идеалы.Лирикалары ерекше
символдық белгілермен өзгеше.
12-слайд
Әдебиет теориясынан
Интерактивтік тақтада:
Лирикалық кейіпкер-өлеңдегі ішкі сезімін көңіл-күйін білдіретін
ақынның өз бейнесі,жиынтық образы.
Символ-әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше балама бейне.
Сәкен символдары
Бекіту кезеңі
13-слайд
Тест сұрақтары:
1. «Сыр сандық» кімнің өлеңі?
а)Сәкен ә)Ілияс б)Абай
2.Сәкеннің шын есімі?
а)Ибраһим ә)Шоқан б)Сәдуақас
3.Сәкен достық туралы қай өлеңінде жазды?
а) «Тұлпарым» ә) «Сыр сандық» б) «Көкшетау»
4.Сәкентанушы ғалым кім?
а)Т.Кәкішов ә)С.Қирабаев б)А.Байтұрсынов
5.Сәкеннің туған жерін ата?
а)Жетісу өңірі ә)Ақмола облысы б)Павлодар
6.Сәкен Сейфуллин қашан ақталды?
а)1917 жылы ә)1980 жылы б)1957 жылы
7.Сәкен Сейфуллин кім?
а)Лирик ақын,композитор
ә)Суретші,ғалым
б)Автор,тұлпар,күйші
Мұғалімнің қорытынды сөзі:Бүгінгі сабақта Сәкен ақын емес,композитор
екенін де айта келіп, «Тау ішінде», «Көкшетау», «Жас қазақ марсельезасы»
т.б. әндері бар екенін естеріңізге салайын.Сабақ соңын сыршыл ақын Сәкен
Сейфуллиннің «Ақсақ киік» әнімен аяқтасақ.
Ән: Ақсақ киік Бахрадинов Нұрлан (домбыра сүйемелдеуімен)
Рефлексия
Сабақта қандай сезімде болдыңыз? Сабақтан қандай әсер алдыңыз?
Үй тапсырмасы: Ақын өлеңдерін жаттау.
«Досқа айтылар сыр» ішкі толғаныстарын монолог ретінде қағаз бетіне
түсіру.
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz