Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Құрметті көрермендер және ұландар
«ҚЫРАН» ӘКЕРИ ТЕОРИЯ БІЛГІРЛЕРІ
Өткізген: Төлебаев Еркебұлан Қонысұлы
Б.Алманов атындағы орта мектебі
Мақсаты: Оқушылар арасында бастауыш әскери білімдерді оқып үйренуге деген
қызығушылығын дамыту, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери
білімдерін кеңінен тарату.
Іс-шараның түрі: Интелектуалдық ойын «Умники иумницы» телеойынының
нұсқасымен.
Өтетін орыны: мектеп акт залы
Безендіру: Акт залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаңы (үш ойын жолы,
жүргізушінің орыны, жүргізушінің көмекшісінің орыны) залдың аяқ жағында
оқушыларға арналған орындар әзірленген. Сахна әскери тақырыптағы
плакаттармен және лозунглермен безендіру.
Оқушылар және қонақтар орындарына отырған соң мектеп оқушыларының
орындауында әскери патриоттық ән айтылады.
Жүргізуші: Арыстандай айбаттым
Жолбарыстай қайраттым
Аспандағы байрақтым
Қанша жұлдыз жайнаттың
Қанша бұлбұл сайраттың
Қазақстан, ардақтым!
Армысыздар құрметті ұстаздар және бүгінгі ойынға қатысушы жас ұландар!
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау әрбір азаматтың
қасиетті борышы екендігі баршамызға белгілі. Ал отанды қорғаушылар тек қана
білектің күшіне сенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен
зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе
жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай, Бөгенбай,
Райымбек сияқты хас батырлар, шешен де, би де, ақыл-парасаты биік адамдар
ретінде ел ішінде үлкен абройға ие болған.
Бізде бүгінгі кешімізді жігіттер мен қыздарымыздың білек күшін емес, ақылы
мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып отырмыз. Ендеше
бүгінгі «Қыран» деп аталатын әскери теория білгірлерінің кешіне қош
келдіңіздер!...
Енді бүгінгі ойынның ережелері мен таныстырып өтейін. Ойынымыздың бірінші
сатысы «Қанша білсең, ізден тағы жас қыран!» деп аталады. Бұл саты
барысында ойынға қатысушы барша оқушылар қауымына бастауыш әскери дайындық
пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға
бір ұпай беріледі. Сұрақтарға жауап беру қол көтеру арқылы жүргізіледі. Кім
бірінші қол көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығын алады. Бірінші сатының
қортындылары ең көп ұпай жинаған үш оқушы ойынның финалына шығып, бас жүлде
үшін бәйгені жалғастырады. Егер бірінші сатының қортындылары бойынша
финалға шығу құқығына үш адамнан көбірек оқушының ұпайларының саны бірдей
болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтылары қосымша сұрақтар арқылы
іріктейміз.
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешқашанда қайтпайтын
Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Ендеше құрметті төрешілер рұқсат болса ойынымыздың бірінші сатысын
бастайық.
І. Саты: «Қанша білсең, ізден тағы жас қыран»
Сұрақтар:
1.Қазақстан Республикасының Конститутциясында «Қазақстан Республикасы
егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері іске
асырады» деп қай бапта көрсетілген? Жауабы: 124 бап.
2.Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен Қазақстан азаматтары
қандай сатыларға бөлінеді? Жауабы: Шақыруға дейінгілер, шақырылушылар,
әскери міндетт ілер, әскери міндетті еместер.
3.Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару
кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын
қағидалары, салттары мен құқық нормалары? Жауабы: Жауынгерлік дәстүрлер
4.Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын
алды?
Жауабы: (97)
5.Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен
бекітілген маңызы зор әскери құжат. Жауабы: (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық
мемелекеттік орган. Жауабы: (Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі)
7.Қазақстан Қарулы Күштері құрамындағы құрама жөнінен дивизиядан кіші
тактикалық құрама. Жауабы: (Бригада)
8.Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын дайындау мен жүргізу қалай
аталады?
Жауабы: (Тактикалық дайындық)
9.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жаяу әскери құрамындағы
бастауыш тактикалық бөлімше. Жауабы: (Мото атқыш бөлімше)
10.Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жету.
Жауабы: (Маневр)
11. «ТМ 62М» деген код қандай әскери қаруды білдіреді? Жауабы: (Танкке
қарсы мина)
12.АКМ автоматының ұңғы калибрі қандай? Жауабы: (7,62мм)
13.Автоматикалық ату қаруында патронды оқшантайға жеткізу үшін, ұңғы
каналын жабу үшін, капсюлді бұзу және гильзаны алу үшін қызмет ететін
механизм. Жауабы: (Бекітпе)
14.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар?
Жауабы: (Ішкі қызымет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық
қызыметтері, саптық жарғылар)
15.Майор, подпалковник және палковник әскери қызыметшілерінің қандай
құрамына кіреді? Жауабы: (Аға офицерлер)
16.Кіші лейтенанттан кіші старшинадан үлкен әскери атақ? Жауабы:
(Прапорщик)
17.Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады? Жауабы: (Рота бойынша
кезекшіге)
18.ЖҰМдеп қандай әскери техника аталады? Жауабы: (БТР)
19.Шабуылда сарбаз ненің құрамында қимылдайды? Жауабы: (Бөлімшенің)
20.Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылындағы бұл әдіс қарсыластың атысы астында
ұрыс алаңында оқ-дәрі мен жүктерді тасмалдауға көбірек қолданылады.
Жауабы: (Қырынан жер бауырлап жорғалау)
Қосымша сұрақтар:
1.МОН-50 деп қандай әскери қару – жарақ аталады? Жауабы: (Жаяу әскерге
қарсы жарықшақты мина)
2.АҚШ мото жаяу әскери бөлімшесінде қанша адам болды? Жауабы: ( 11 )
3.ЗУРО «Ред Ай» қай елдің әскерінің қаруы? Жауабы: ( АҚШ )
4. «Мардер» қандай және қай елдің әскери қаруы? Жауабы: ( ГФР – БТР Н-30 )
Жүргізуші: Құрметті ұландар! Осымен ойынымыздың бірінші сатысы аяқталды.
Енді ұпайларымызды санап көрелік. Сонымен үш немесе үштен көп ұпай жинаған
ұландарымызды ортаға шақырамыз.
Құрметті төрешілер және ұландар финалға шыққан жас білгірлерге екінші
сатының ережесімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Финал «Қырандардың сайысы» деп аталады.
Қазір финалға шыққан әрбір ұлан жинаған ұпайына сәйкес өз қалауы
бойынша мына
жолдың бірін таңдауға тиіс. Бірінші болып өзіне жолды ең көп ұпай жинаған
ұлан таңдайды. Кейінгі ұлан жинаған ұпайларының санына сәйкес қалған екі
жолдың бірін таңдайды. Ал ұпайлары ең аз болған финалист
қалған жолға түседі. Қойылатын сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әрбір
финалист өзінің жолымен бір сатыға алға жылжиды.
Қызыл жол екі сатыдан тұрады: оны таңдаған оқушыға екі сұрақ қойылады.
Оларға дұрыс жауап беру арқылы ол келесі сатыға өтеді.дұрыс жауап бермесе
ойыннан шығады.
Сары жолды таңдаған оқушының жолы үш сатыдан тұрады: Оған үш сұрақ
қойылады. Ол бір рет қателесіп екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңіске
жетеді. Бірақ екі рет қателессе ойыннан шығады.
Жасыл жол төрт сатыдан тұрады: Оны таңдаған оқушыға төрт сұрақ қойылады. Ол
екі рет қателессе де келесі сатыға өтеді. Екі сұраққа дұрыс жауап берсе
жеңімпаз аталады, ал үшінші рет қателессе ойынмен және бас жүлдемен
қоштасады.
Егер финалға шыққан оқушыға қойылатын сұраққа ол жауап бере алмаса, онда ол
сұраққа жауапты тек қана көрермендер жауап береді.
Ал, енді қырандай қанат қағып қияға ұмтылған ұландар, финалға қош
келдіңіздер!
Финалдық сатымызды бастаймыз да бірінші сұрағымызды жасыл жолды таңдаған
ұланға қоямыз.
Мұқият тыңдаңыз: 1 айналым сұрақтары.
1.Сіз әскери антты қабылдап үлгермеген әскери қызметшісіз делік. Белгілі
бір себептермен өрескел теріс іс жасап қойдыңыз. Сізге қандай тәртіптік
жаза қолдануға болады және қандай жазаны қолдануға болмайды?
Жауап: Сөгіс, кезекті сейілдемеден айыру, жұмысқа нарядқа тағайындауға
болады. Гаупвахтаға қамауға болмайды.
Жауап дұрыс болса құптап, мақтап дұрыс болмаса жай жұбатып, жолының келесі
сатысына көшеді.
Ендігі кезекті сары жолға түскен ұланға мұқият тыңдаңыз.
2.Сіз ұрыс жайында әскери қимыл жүргізіп жатқан бөлімше командирісіз делік.
Сізді штабпен, взвод, рота командирімен байланыс мүмкіндігі бар. Қарсылас
кенеттен шабуыл жасады, жағдай туралы кімге баяндауға міндеттісіз?
Жауап: Аға командир яғни взвод командиріне.

Ал ендігі сұрақтың кезегі ешбір қателеспей жауап беруге міндетті болған
ұланға келіп жетті.
3.Сіз акопта танктерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан сарбазсыз делік. Егер
акопқа не гранат лақтырмақ болып тұрған жерге танк жақындап келе жатса
гранат лақтыру үшін танктің қанша метр қашықтыққа жақындап келуін тосуыңыз
қажет. Егер гранатыңыз танкті тоқтатпаса сіздің әрекетіңіз қалай болуы
керек?
Жауап: 25-30 метр акоптың түбіне жата қалу не бір жағына қарай жалт береді.
Танк жүріп өткен соң тез қарғып тұрып оның осал тұсына
гранат лақтырады. Қираған танктың экипажы одан түсуге
ұмтылғанда оны автоматпен атып жояды.

айналымды бастаймыз.
2-айналым сұрақтары:
Қызыл жол: 1.Ұшу жылдамдығы 150м/с шамадан асатын нысандарға қолданылатын
ату әдісі қалай аталады. Жауап: Бөгей ату.
Сары жол: 1.Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас болып
сараланады танкке қарсы, жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы мүмкін.
Жауап: Инженерлік бөгеттер.
Жасыл жол: 1.КМТ-5Т техниканың түрі ме немесе жабық па? Ол не үшін
қолданылады? Жауап: Табанжолдық миналық трал жабдығы.

3-айналым сұрақтары:
Қызыл жол: 1.Сіз кімсіз? Бөлімше құрамында мынадай іс – қимыл жасайсыз:
қару-жарақты, оқ-дәріні, көздеу аспаптарын және қосарланған пулеметтің
мұқият тексерілуін қарайсыз. Жауап: Көздеуші-оператор
Сары жол: 1.Бұл қандай әскери ұйым? Бейбіт уақытта басқа әскерлер мен әскер
жасақтамалары штабтары мен бірге бірлескен іс-қимылдың нұсқаларын
жоспарлайдыжәне өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Жауап: ҚР Қарулы Күштерінің
Бас Штабы.
Жасыл жол: 1.Бұл қандай әскер? Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнде
күнгі қызметін қамтамасыз ету жөнінде арнайы міндеттерді орындауға арналған
әскер бөлімдері мен бөлімшелері. Жауап: Арнайы әскер.
Құрметті көрермендер және ұландар. Бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетті.
Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі. Сіздердің
барлығыңызға үлкен-үлкен табыстар, егемен елімізге тыныштық пен береке
бірлік тілей отырып, бүгінгі кешіміз аяқталды.
.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz