Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Электронды оқыту және оның артықшылықтары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы: Электронды журналдың тиімділігі

Қорғау мерзімі: 15.10.2011 ж.
ОҚО, Шымкент қ.

Қорғаушы:
№23 мектеп – лицейінің
физика пән мұғалімі
Тоқсанбай М.С.
Жетекші:

ЖОСПАР:

1. Мектепті басқару ЖҮЙЕСІНІҢ (SMS) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ ТУРАЛЫ»
ЕРЕЖЕ
• Жалпы ережелер
• Нормативтік сілтемелер

2. Мектеп оқу процессiнiң электрондық жүйесi
3. « Электрондық жорнал » модуліне қойылатын талаптар
4. «Оқушының электрондық күнделігі» модуліне қойылатын талаптар
5. Электронды оқыту және оның артықшылықтары.
6. Электронды оқытуға көшудің бала денсаулығына зияны
7. Қорытынды

1. Мектепті басқару ЖҮЙЕСІНІҢ (SMS) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ ТУРАЛЫ»
ЕРЕЖЕ
• Жалпы ережелер
• Нормативтік сілтемелер

Жалпы ережелер

1.1. «Мектепті басқару жүйесінің архитектурасы туралы» осы ереже (бұдан әрі
ереже) жалпы орта білім беру ұйымдары үшін мектепті басқару жүйесі (бұдан
әрі – SMS) модульдерінің құрылымына қойылатын талаптар мен нормалар
жинағын, мектеп ішілік бақылауды, кадрлық есепке алу мен оқушылар есебін
алуды, үлгерім есебін алуды, іс қағаздарын жүргізуді, құжат айналымын және
оқулықты жоспарлауды, штаттық кестені, оқу жүктемесінің тарифі мен
үлестіруін қалыптастыруды, тексеруші ұйымға беру үшін және ішкі пайдалану
үшін стандарттық пен стандарттық емес есеп-қисапты дайындауды, мектепті
басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен SMS арқылы мүдделі
пайдаланушыларды жедел хабарландыруды жүзеге асыруға қойылатын талаптар
жиынтығын тағайындайды.

1.2. SMS өзі Мектеп порталының құрамында іске асырылған, порталдың сыртқы
немесе ішкі (бағдарламалық) интерфейсі арқылы қол жететін, белгілі бір
міндеттер жинағын іске асыратын e-learning электрондық оқыту жүйесі
бағдарламалық кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. SMS көпшіліктің қол
жетімділігінде тұрған сәйкес модульдермен берілетін контентпен жұмыс
істейтін пайдаланушылық интерфейске және контентті дайындау мен басқару
үшін әкімшілік интерфейске ие болуы тиіс. SMS-ті бағдарламалық іске асыру
кезінде бағдарламалық кешеннің архитектурасына қойылған және әр түрлі ішкі
жүйелердің өзара әрекеттестігіне, оның ішінде мәліметтер базасымен жұмыс
істеуге жататын жалпы қағидалар сақталуы тиіс.

1.3. Ереже, меншіктік және ведомствалық бағыныштылық формасына тәуелсіз,
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасын
жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін мектепті басқару жүйесінің SMS
педагогикалық архитектурасына біртұтас әдіснамалық амалды қамтамасыз етуге
және SMS құрамына кіретін модульдер тізімін анықтауға арналған.

2. Нормативтік сілтемелер

Осы Ережеде келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

2.1. «Білім беру туралы» № 389-1 2007 ж. 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасының заңы.

2.2. «Ақпараттандыру туралы» № 217-3 2007 ж. 11 қаңтардағы ҚР-ның заңы

2.3. «Қазақстан – 2030» Ұзақмерзімді Стратегия.
2.4. «Келешекті бірге құрамыз» 2011 ж. 28 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2.5. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы конецформыначалоформы.

2.6. 2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасын жылдамдатын индустриалдық-
инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы

2.7. 2010-2014 жылдарға ақпараттық және қатынастық технологияларды дамыту
бағдарламасы.

2.8. 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының № 160 қаулысымен 2011жылы
19 ақпанда бекітілген Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары

« Электрондық жорнал » модуліне қойылатын талаптар

9.1. « Электрондық жорнал » модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын
есепке алудың құралы болып табылады, оқушы білімінің сапасын бағалау
жүйесінің мөлдірлігін және ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту
нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

9.2. Электрондық сынып жорналының интерфейсі және оны толтыру ережесі
барынша дәстүрлі қағаз жорналға сәйкес болуы тиіс.

9.3. Электрондық жорналдың сабақ кестелерін дайындаудың және
күнтізбелік тақырыптық жоспарлаудың модульдерімен үйлестіру; оқушыларды,
сабақтардың тақырыбы мен өткізу датасын автоматтық жүктеу, сыныптарды
топтарға, жеке сабақтарға бөлуді есепке алу мүмкіндігі, бес балдық шкала
бойынша баға қою мүмкіндігі; тоқсандық және қорытынды бағаларды есептеу;
оқушылардың қатысуышылығын, әрбір оқушының және сырыптың тұтастай тоқсан
мен оқу жылындағы жіберген сабақтары мен күндерінің санын есепке алу
мүмкіндігі бар болуы тиіс.

9.4. Электрондық жорналға бағалар Тестілеу менеджментінің жүйесінен
(TMЖ) ендіріледі.

9.6. Электрондық жорналдың мәліметтері үлгерім және қатысушылық бойынша
жиынтық және дербес есеп-қисаптарды, пәндік есеп-қисаптарды қалыптастыруға,
сапа пайызын, үлгерім пайызын және т.б. есептеуге, есеп-қисапты Excel-ге
жүктеуге мүмкіндігінің бар болуына мүмкіндік беруі тиіс.

9.7. Электрондық жұрналға қатынас құру пайдаланушының құқығына байланысты
жүзеге асырылады. Электрондық жорналды мұғалім толтырады, алайда
мұғалімге редакциялау үшін ол сабақ өтізетін пән/сыныптың беттері ғана қол
жетерлік болады. Электрондық жорналда тұрған мәліметтерді қарап шығуға
мектеп директорының, оқу ісін меңгерушінің, сынып жетекшісінің қолы жетеді.

9.8. Электрондық жорналға мұғалім енгізген ақпарат оқушының
электрондық күнделігіне өтуі тиіс.

10. «Оқушының электрондық күнделігі» модуліне қойылатын талаптар

10.1. Электрондық күнделік оқушының қағаз күнделігінің аналогы болып
саналады және ол сабақтар кестесін, алынған бағаларды, үй тапсырмаларын
бейнелеуі тиіс.

10.2. Алғашқы мәліметтер оқушының электрондық күнделігіне электрондық сынып
жорналынан автоматты түрде енгізіледі.

10.3. Қосымша бағалар мен мақалаларды енгізуге мұғалімнің мүмкіндігі қажет.

10.4. Электрондық күнделікті сынып жетекшісі редакциялайды, оқушының,
директордың, оқу ісін меңгерушінің, ата-ананың қарап шығуы үшін қол
жетерлік болуы тиіс. Күнделікте ата-аналар үшін бағаға мұғалім жазған
түсініктемелер бейнеленуі тиіс.

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы - білім ошақтарының элек-тронды оқытуға
көше бастауы дер едім.
- Бұл жағдай неден туындап отыр?
- Қазіргі кезде әлем елдерінің даму деңгейі әртүрлі. Бір елдер өздерін
«капитализмдеміз» немесе классикалық түсініктегі, болмаса «жаңа түсініктегі
социализмдеміз» деп есептейді. Ал енді бір шоғыр ел бәрін артқа тастап,
жиырмасыншы ғасырдың соңы мен жиырма бірінші ғасыр басында индустриялық
қоғамнан кейінгі қоғам деп аталатын жүйеге көшті. Сарапшылардың пікірінше,
бұл қоғамның ең басты ерекшелігі, ол ақпараттың молдығы және білім
маңызының артуы.
Осыдан шамамен 130-150 жыл бұрын адамзат жинаған білім қоры елу жылда екі
есе көбейсе, қазіргі уақытта бұл жағдай бір жарым жылда, тіпті кейбір
мәліметтер бойынша тоғыз айда жүзеге асуда. Сарапшылардың пайымдауынша,
әлемдегі ғылыми техникалық білімнің мазмұны үш жыл сайын түбірімен өзгеріп
тұрады екен. Демек, қазіргі кезде кез келген сала бойынша ақпарат,
біріншіден, өте көп, екіншіден, ол жылдам қордалануда. Бұл жағдайда
мектепте немесе университетте қандай да сала бойынша толық ақпарат беру
мүмкін емес. Тіпті бүгін «толық ақпарат бердік» дегенімізбен, мектеп немесе
университет түлегі өндіріске барғанша ол ескіріп қалады немесе жаңа
мәліметтермен толығып кетеді. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпаққа білім
берудің бұдан төрт жүз жыл бұрын негізін чех педагогы Коменский қалаған
жүйе, сөз жоқ үлкен өзгерістерге ұшырауға тиіс. Және ол өзгеріс өмір бойы
білім алу қағидасы негізінде іс жүзіне асуда. Яғни қазір өркениетке
ілесемін деген адам, біріншіден, өмір бойы білімге ұмтылуы керек,
екіншіден, өзіне қажетті ақпаратты өте тез ала алуы қажет. Ал осы
жағдайларды мемелекеттік деңгейде жүзеге асырудың ең басты жолы -
электронды оқытуға көшу.
- Ал электронды оқыту...
- Электронды оқыту ұғымының анықтамасы көп. Алайда ЮНЕСКО қызметкерлері
ұсынған және элек-тронды оқытуға көшкен немесе көшіп жатқан елдердің бәрі
мойындайтын әмбебап анықтама бойынша «Элек-тронды оқыту дегеніміз - оқыту
барысында интернет пен мультимедианы қолдану».
Демек, электронды оқыту мұғалімді ауыстырмайды, оның мәртебесін
төмендетпейді немесе басқа сөзбен айтсақ, мұғалім мен оқушы арасындағы
өзара «тірі» байланысты жоққа шығармайды. Қайта оқу, оқыту барысын
нәтижелі, сапалы ету үшін жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп
тұрғандай, интернет пен мультимедианы үйлесімді, тиімді пайдаланудың
жолдарын іздестіреді. Ал бұл жағдай орындалу үшін оқушының, әсіресе,
мұғалімнің интернет және мультимедиа жайлы терең білімі болуы керек.
Жалпы, интернет дегеніміз не? Интернет - ол әлемдік шырмауық (WWW, World
Wіde Web), әлемдік жүйе, ғаламдық ақпараттық кеңістік. 1957 жылы Кеңес
Одағы жердің жасанды серігін ұшырған соң АҚШ Кеңес Одағымен болып қалуы
ықтимал соғысқа дайындықты күшейтті. Осы мақсат үшін өте жоғары деңгейде
жетілген байланыс, қарым-қатынас мәселесін шешу қажеттілігі туындады. Міне,
осы жағдайды шешу негізінде өмірге алдымен «ARPANET», кейін «интернет» деп
ат берілген ғаламдық ақпараттық кеңістік келді. Бұл жағдайға байланысты
барлық шығын АҚШ қорғаныс министрлігінің мойнында болды. Бастауын осындай
жағдайдан алған интернет бұл күнде әлемдік деңгейдегі адамзат баласы
жинақтаған білім қоры және оның көзі болумен қатар, әртүрлі қызметтердің
жиынтығы.
2001 жылы Джимми Уэлс пен Лари Сэнгер ашық Википедия деп атаған сайт дами
келе WІKІPEDІA (Википедия) - Ашық энциклопедия болып қалыптасты. Бұл күнде
ол әлемдегі ең танымал 10 сайттың бірі. Алғаш ашылған кезде ағылшын, неміс,
жапон, швед, орыс тілдерінде ғана болған Википедия бүгінде 281 тілде
материалдар жариялайды. Қазіргі кезде мұнда ағылшын тілінде 3,5 миллион,
неміс және француз тілінде 1 миллион, орыс тілінде 730 мың, қазақ тілінде
60 мың мақала (жылдың соңына дейін 200 мыңға жеткізілмек) бар. Соңғы
деректер бойынша, сайт пайдаланушылардың саны жөнінен Википедия әлемде
бесінші орынға ие. Ал сайт қызметін айына 400 миллион адам пайдаланады. Бұл
интернеттегі миллиондаған білім көзінің бірі ғана. Жалпы, интернеттегі
материалдардың басым көпшілігі ағылшын тілінде. Одан кейінгі орындарда
қытай, испан тілдеріндегі мақалалар. Орыс тіліндегі материалдар саны
жөнінен тоғызыншы орында.
Осы жерде айта кететін бір мәселе, еліміздегі үштілділік саясат та осындай
жағдайлардан туындап отыр. Көп тіл білген маман сәйкесінше көп ақпаратқа
қол жеткізе алады. Біз қазақтар, мемлекеттік тілде өте сапалы мақалалар
жазсақ, жаңалықтар ашсақ, онда әлем бүгін ағылшын тілін білуге ұмтылғандай
өздері-ақ қазақ тілін үйренуге тырысатын еді. Демек, қазақ тілін
білмейтіндерге оны үйретудің ең басты тетігін өзміздің білім деңгейімізден
іздеуіміз керек.
Сол сияқты, интернетте форум (веб-сайтқа енгендердің пікір алмасуы, ал
логин оған кіру үшін алынған сөз), блог (оқиға жайлы интернет-жорнал,
интернет-күнделік-үнемі қосылып тұратын, талқыға түсетін мәтін, көрініс,
мультимедианы қамтитын, веб сайт), чат (нақты уақытта, компьютерлік желіде
хабар алмасу және оны ұйымдастыруды бағдарламамен қамтамасыз ету. Іс-
әрекеттің нақты уақытта өтуі чаттың форумнан басты айырмашылығы), интернет-
дүкен, интернет аукцион, әлеуметтік желі, электронды почта, жаңалықтар,
файл ауыстыру желісі, электронды төлем жүйесі, іздеу жүйесі, интернет-
жарнама және т.б маңызды қызметтер бар. Бұл қызметтерді пайдалана алған
адамның уақыты, қаржысы үнемделеді. Сол сияқты, ондай адам қоғамдық өмірдің
кез келген саласына белсенді қатынаса алады.
Осыған сәйкес тағы да айтпай кетуге болмайтын бір мәселе, интернеттің
арқасында ел орталығы мен шет аймақтар арасындағы ақпараттық алшақтық
жойылады. Алтай мен Атыраудың арасында үш мың шақырымға созылып жатқан және
де барлық мектептердің 56,2%, ал ауыл мектептерінің 69% шағын жинақы мектеп
болып отырған біздің еліміз үшін бұл тіптен де маңызды. Осындай жағдайларға
байланысты, интернеттің маңызы бүкіл әлемде күн сайын өсіп келеді. Бұл
күнде интернет пайдаланушылардың саны бойынша Қытай әлемде бірінші орынға
шықты. Және де бұл жағдайға аспан асты елі оншақты жылдың аясында ғана қол
жеткізіп отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы бұл елде интернет пайдаланушылар
саны 22,5 миллион болса, 2010 жылы 420 миллион, ал 2011 жылы материктік
Қытайда 485 миллион, Гонконгты қосып есептегенде 490 миллион болған. Бұл
Қытай халқының 36,3 пайызы болса, бүкіл әлемдегі интернет пайдаланушылардың
23 пайызы. Сол сияқты, Ұлыбритания халқының 82 пайызы, ал АҚШ-тың 78,2
пайызы интернет пайдаланушылар. Жалпы, 2008 жылдың ортасында интернетті
үнемі және тұрақты қолданушылар саны әлем халқының төрттен бірі болған.
Ал ешкімнің жекеменшігі болып саналмайтын және мүлдем өшіріп тастау мүмкін
емес интернетті және оның қолжетімділігін 2011 жылы 3 шілдеде БҰҰ адамның
басты құқы деген қарар қабылдады. Сондықтанда осы уақыттан бастап қандайда
аймақта интернетті мүлдем өшіру адам құқын бұзу болып есептелінеді.
Демек, жоғарыда айтқанымыздай, электронды оқытудың келесі маңызды саласы -
Мультимедиа (Мultum and Medіum) - әртүрлі формада (график, мәтін, дауыс,
цифр, көрініс) ұсынылған ақпараттарды бір мезгілде пайдалану және оларды
өңдеу. Ақпараттардың цифрлық (цифр, сан), мәтіндік (әріп, сөз, сөйлем,
мәтін), графиктік (сурет, сызба, бейне), дыбыстық (саз, сөз, дауыс),
бейнелік (бейнефильм, мультфильм, кинофильм) деп аталатын бес түрі бар.
Бұлардың бәрін бір сөзбен «мультимедиа» дейді. Оларды пайдалану оқытудың
көрнекілік, қолжетімділік және т.б қағидаларын іс жүзіне асыру емес пе?!
Сарапшылардың пайымдауынша, электронды оқытудың бұдан басқа мынандай
артықшылықтары бар:

1. Кез келген уақытта, яғни «24/7/365» қағидасы бойынша оқу.
2. Білімнің әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді болуы.
3. Бүкіләлемдік білім қорын пайдалану.
4. Кез келген ақпараттың жылдам табылуы.
5. Оқу барысын тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі.
6. Оқу барысын автоматтандыру.
7. Оқу барысында мультимедианы пайдалану.
8. Өз бетімен білім алуға ыңғайлылық.
9. Күнделікті өмірге қажетті компьютерлік сауаттылықтың қалыптасуы.
10. Қазіргі жастардың менталитетіне сәйкес болуы және т.б.
- Ал бұл мәселенің шет елдерде орындалу барысы қандай?
- Электронды оқытудың жоғарыда айтқандай артықшылықтарын байқаған әлемнің
дамыған елдері, әсіресе, жиырмасыншы ғасырдың соңғы және жиырма бірінші
ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бұл мәселеге ерекше мән беріп отыр. Атап
айтқанда, электронды оқыту бойынша Еуропалық одақ 2001 жылы 28 наурызда
«Электронды оқыту - болашақтағы білім беруді негізі», «2000-2010 жылдарда
білім беруді дамыту жайлы Лиссабон стратегиясы», «2004-2006 жылдарда
ақпараттық технологияны білім беру саласына кіріктіру жайлы бағдарлама (e-
learnіng programme)», «2007-2014 жылдарға арналған бүкіл өмір бойы оқу
бағдарламасы (lіfelong learnіng programme - LLP)» атты құжаттар қабылдады.
Сол сияқты, мұндай бағыттағы құжаттар АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай,
Австралия, Сингапур, Жапония, Жаңа Зеландия, Финляндия, Ирландия және осы
сияқты дамыған немесе дамушы отыздан аса елдерде де қабылданды.
Осы құжаттар негізінде бұл елдерде білім мекемелерін ақпараттық
технологиямен қамтамасыз ету, оқыту барысында интернеттің мүмкіндігін кең
қолдану, цифрлық (сандық дегеніміз дұрыс болмайды) білім беру ресурстарын
дайындау және оларды шығару, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технология
тұрғысынан педагогикалық мәселелерге байланысты ғылыми-зерттеу жұмысын
жандандыру, электронды оқыту индустриясын құру және т.б ауқымды іс-шаралар
қолға алынды. Бұл елдерде жаңа университеттер, кітапханалар, жатақханалар
салу баяулап, мемлекет пен жеке бизнестің білім беру саласындағы
инвестициясы негізінен, электронды оқытуға байланысты мәселелерге құйылуда.
Мұнда әсіресе, Франция мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне жеке-дара
тоқталмаса болмайды.
2002 жылы ақпараттық қоғам көрсеткіштері бойынша АҚШ-тан екі есе артта
қалған Франция интернет пен ақпараттық-коммуникациялық технологияны өмірлік
қажеттілік және ұлт дамуының, ұлт болашағының негізі ретінде қарауға көшті.
Сондықтанда ел үкіметі осы бағыттағы мәселелерді жүйелеу үшін заң және
«Әрбір студентке - ноутбук» (ноутбук бағасы бір кесе кофе бағасындай),
«Электрондық контент дайындау», «Интернетпен бірге», «100% оқушыларға
(тыңдаушыларға) арналған 100% цифрлық формадағы курс» деген сияқты
бағдарламалар қабылдады. Соның негізінде Франция бұл күнде территориясының
99 пайызын кең жолақты интернетпен қамтамасыз еткен, ақпараттық-
коммуникациялық технологияны балабақшадан бастап оқыту, тәрбиелеу барысында
кең қолданатын, білім беру ресурстары бүкіл халыққа қолжетімді болып
отырған мемелекет. Көптеген сарапшылар Францияның Еуропа елдері ішінде
экономиканың даму қарқыны бойынша жетекші орында болуын осы жағдаймен де
түсіндіреді. Әлемде элек-тронды оқыту бойынша көшбасшы мемлкеттердің бірі -
Оңтүстік Корея. Бұл елде де ақпараттық қоғам қалыптастыру үшін заң және
әртүрлі жобалар қабылданды. Сондай жобалардың бірі «Үйде оқытушы» деп
аталады. 2006 жылы әлем деңгейінде ең жақсы жоба деп бағаланған бұл жобаның
көмегімен оқушылардың білім деңгейлері 40 пайызға көтерілген. Осы құжаттар
бойынша жүргізілген жұмыстар негізінде Оңтүстік Кореяның бастауыш
мектептері 2014 жылы, орта мектептері 2015 жылы, жоғары мектептері 2016
жылы электронды оқытуға толық көшпек. Сол сияқты Оңтүстік Корея
мектептерінде 2011 жылы оқулық орнына 20 млн смартфондар қолданылды. Жалпы,
бұл елде электронды оқулық қағаз оқулықтан арзан. Оңтүстік Кореяның барлық
мектептері 2015 жылы сымсыз нүктелік интернетпен қамтамасыз етілмек.
Электронды оқыту мәселесінің жолға қойылуы Оңтүстік Кореяда электронды
оқыту индустриясының дамуына үлкен серпін беріп отыр. Атап айтқанда,
қазіргі кезде бұл ел ақпараттық қоғамға қажетті барлық заттармен өзін
қамтамасыз етіп қана қоймай, осы бағыттағы дайындалған тауарлардың 35
пайызын экспортқа шығаруда.
- Ал біздің елімізде бұл бағытта қандай іс-шаралар қолға алынуда?
- Қазақ елі әлемдік деңгейдегі мұндай ауқымды шаралардан тыс қала алмайтыны
анық. Оның екі үлкен себебі бар. Біріншіден, қалай болғанда да ақпараттық
технологияның негізі компьютер алғаш рет 1943 жылы ( 1943 - жылы алғаш рет
«Марк-1» деген компьютер өмірге келді) адамзат өркениетінің есігін ашса,
бұл күнде ол лампалы есептеу машиналары, транзисторлы ЭЕМ, интегралды ЭЕМ,
үлкен интегралды ЭЕМ, өте үлкен дәрежедегі сызбалы ЭЕМ деген кезеңдерден
өтіп өзінің бесінші буынын өмірге әкелді. Сонымен бірге ол басқа да
техникалық құралдармен толыға, дами, жетіле келе ақпараттық технология
деген үлкен атаумен адамзат өркениетінің төрінен нық орын алды. Сондықтан
оны ескермеу, елемеу мүмкін емес. Жалпы, өркениет көшіне ілеспегеннің, оның
даму барысына сергек қарамағанның жағдайының қандай болатындығын көне тарих
талай рет көрсетті. Екіншіден, біздің елімізде 2015 жылға дейін жалпы құны
80 миллиард болатын 500 инновациялық жоба іске асып 200000 аса жұмыс орны
ашылмақ. Бұған бүгінгі жұмыс істеп тұрған, модернизацияланып жатқан өндіріс
орындарын қосыңыз. Бірте-бірте олар әлемнің 126 еліне 200-ден аса өнім
түрін шығаруы керек. Демек, бұл өндіріс орындары үшін сауатты (компьютерлік
сауаттылық бұл күнде жаза алу, оқи алу сияқты сауаттылыққа жатады),
біліктілігі жоғары мамандар керек. Осындай жағдайларды ескеру негізінде
елімізде бұл бағытта көп жұмыстар қолға алынуда және оның нәтижелері де
жаман емес. Атап айтқанда, 2010 жылы Қазақстан электронды үкіметке дайындық
бойынша әлемде 46-орын (барлығы - 192 орын), ал халықтың электронды үкімет
жобасына қатынасуы бойынша 18 орын (екі жыл бұрын 106-орында болған едік),
он-лайн қызметінің дамуы бойынша 24-орын, АҚТ дамыту индексі бойынша 69-
орын...
- Енді білім саласындағы жағдайға ойыссаңыз...
- Бұл саладағы жұмыстардың үлкен бір бағыты электронды оқыту бойынша Білім
және ғылым министрлігінің қолға алған ауқымды шаралары да көңілді қуантады.
Атап айтқанда, өткен он жылда бұл бағыттағы іс-шаралардың құқықтық негізі
айқындалды, республика мектептерінде бір компьютерге 16 оқушыдан (ауылдық
жерлерде 18 оқушыдан) болатын жағдайға қол жеткізілінді, интернет желісіне
мектептердің 98 пайызы қосылды (ауылдық жерлерде 97 пайыз), кең жолақты
интернетке 37,3 пайыз мектеп қосылды, интерактивті тақталармен 3571 мектеп
жабдықталды, он-лайн сабақтары 2007-2008 оқу жылдан бастап өткізілініп
келеді және т.б.
2010 жылы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №1118
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде бұл жұмыс
2011 жылдан бастап жаңа қарқынға ие болды. Атап айтқанда, мемлекеттік
бағдарлама бойынша
• Орта білім беру ұйымдарының 2015 жылға дейін 50 пайызы, 2020 жылға дейін
90 пайызы электронды оқыту жүйесіне көшеді;
• Бір компьютерге 2015 жылы 10 оқушы, 2020 жылы бір компьютерге 1 оқушы
болатындай жағдай жасалады (дәл осындай жағдайды Жапонияда жоспарлап отыр);

• 2011-2020 жылдарда білім мекемелері цифрлық білім беру ресурстарымен,
жылдамдығы 4-10 Мбит/с болатын кең жолақты интернетпен жабдықталады;
• Оқу барысы мен оған байланысты статистикалық мәселелерді автоматтандыру
(электронды журнал, кітапхана, сабақ кестесі, күнделік, электронды почта
және т.б) жүзеге асады;
• Орта білім беру ұйымдары бірте- бірте ақпараттық техникамен жабдықталады;

• Электронды оқытуға көшкен мектептерге қосымша штаттар беріледі;
• Мұғалім, кітапханашы және медбике орындары жаңаша жабдықталады және т.б.
- Ал биыл қандай нақты істер қолға алынуда?
- Биыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан
Жұмағұловтың ұйғарымымен еліміздің үш аймағында Астана, Алматы қалалары мен
Қарағанды облысындағы 44 білім беру мекемелері педагогтарының электронды
оқыту мәселесі бойынша біліктілігі жетілдірілді және ол мекемелер қажетті
техникамен қамтамасыз етіледі. Оны «Білім беру жүйесі басшы және ғылыми-
педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт»
ғалымдары жергілікті мамандары қатыстыра отырып, іске асырды. Биылғы жылы
шектеулі ғана аймақтың, аз санды білім мекемелерінің ғана қамтылуының
себебі тыңдаушыларды оқыту бағдарламаларының мазмұнын, біліктілікті
арттыратын мамандардың білім деңгейін байқап көру. Бұл жұмыстар жыл соңына
дейін жинақталады, жүйеленеді, қорытындалады. Соның негізінде алдымыздағы
жылдан бастап электронды оқыту мәселесі жаңа серпінге ие болады. Атап
айтқанда, 2012 жылы 536 білім беру мекемесі, 2013 жылы 926 білім беру
мекемесі, 2014 жылы 1317 білім беру мекемесі, 2015 жылы 1311 білім беру
мекемесі электронды оқытуға көшеді деп жоспарланып отыр.
Осындай жұмыстардың негізінде білім жүйесіне қатысушылардың барлығы іс-
әрекетке қосыла алатын ақпараттық орта құрылады. Онда мұғалімдер ата-
аналармен қарым-қатынас жасауға, жоғарғы инстанциядан кідірмей ақпараттар
алуға, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасуға, оқушылар жайлы толық және
үнемі ақпараттар алуға, онлайн жүйесінде үй тапсырмасын беруге және баға
қоюға мүмкіндік алады. Сол сияқты, бұл жағдайда оқушылар сабақ кестесін,
бағаларын көруге, чатта қарым-қатынас жасауға, өз білімін он-лайн жүйесінде
тексеруге, кез келген мөлшерде ақпарат алуға және оны талқылауға қол
жеткізеді. Ата-аналар балаларының үлгерімін, сабаққа қатынасуын
қадағалауға, басқа ата-аналармен қарым-қатынас жасауға, ақпараттар алуға,
мектеппен үнемі байланыста бола алады.
- Бұл орайда электронды оқытуға көшудің бала денсаулығына зияны жоқ емес
пе?
- Бір ғұлама «Адамның табиғаттағы әрбір жеңісі қымбатқа түседі» деген екен.
Сол тұрғыдан қарағанда, «элек-тронды оқытуда адамдардың қимыл қозғалысы
азаяды, өзгенің мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын
сезіне бермейтін, жүрегі селт етпейтін ұрпақ, яғни адами қасиеттерден тыс,
нақты өмірден алыс, тұрпайы ойлы «электронды ұрпақ» қалыптасуы мүмкін,
оқушымен тікелей қарым-қатынас жоқ, яғни оқыту барысында оның көңіл күйін,
сабаққа деген ынтасын ескеру мүмкін емес, интернеттегі барлық материалдар
жақсы емес, интернет пайдаланушылардың қандайда пайызы оған тәуелді болып
қалады екен және т.б.» деген пікірлер де жоқ емес. Алайда мұндай
жағдайлардың қауіптілігі, адамзат баласы жабайы жылқыны қолға үйреткенде
де, жылқыны қойып машинаға отырғанда да, суық үңгірден жылы үйге енгенде де
және осындай миллиондаған жетістіктердің бәрінде де айтылған. «Осылай
айтылды екен» деп біріншіден, ешкім де кері жүрмеген, екіншіден, мұндай
ауқымда шараларда болмай қоймайтын жекелеген кемшіліктерді жоюдың жолдары
табылған.
Интернеттегі ана мен бала сайтында мынандай кеңес берілген: «3-4 жастағы
дені сау балалар үшін күнделікті компьютерді пайдалану уақыты 10-15
минуттан, 5-6 жастағы балалар үшін 20-30 минуттан, 7-8 жастағы балалар үшін
40-60 минуттан, 9-12 жастағы балалар үшін 60-90 минуттан аспауы керек». Сол
сияқты, «ересек адамдарға да компьютер алдында тәулігіне бес сағаттан артық
отыруға болмайды» деген сияқты тұжырым бар. Бұл жағдайларды әлі де зерттеу
керек және оның нәтижесіне қарай интернетке қол жеткізуге белгілі бір
шектеулер қоятын бағдарламаларды (мысалы, қазір әлем елдерінде қолданылып
жүрген «Кибер-мама» бағдарламасы) немесе интернетті толық болмағанмен де
оның қызметін шектеуге арналған заң (мысалы, Қытайдағы «Алтын қалқан» заңы)
арқылы реттеуге болады деп ойлаймыз.
- Демек, осы бағытта не істеу керек?
- Жалпы, электрондық оқытуға көшу - Президент Назарбаевтың бастауымен қолға
алынып отырған шикізаттық экономикадан индустриялық-инновациялық
экономикаға көшу сияқты білім беру жүйесіндегі ауқымды жоба. Оны іс жүзіне
асыру үшін жоғарыда айтқандарымыздың қорытындысы ретінде төмендегідей
пайымдауларды келтіреміз:
1. Электронды оқыту мәселесіне байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүйелі түрде жандандыру.
2. Барлық ЖОО, оның ішінде, әсіресе, педагогикалық ЖОО электронды оқытуға
көшіру.
3. Мектептерді ғана емес, бүкіл ел аумағын интернетпен қамтамасыз ету.
4. Мүмкін болса барлық мектеп, бұл қиынға түссе, ең болмаса ауыл мектептері
мұғалімдерін ноутбукпен қамтамасыз етудің және оны жеңілдікпен алуға жағдай
жасау.
5. Интернеттегі қазақ тіліндегі материалдардың үлесін жарты жыл сайын
еселеп арттыру.
6. Теледидардан жалпы халықтың ақпараттық технология жайлы білім деңгейін
көтеру үшін бірнеше жылға есептелінген, халыққа ыңғайлы уақытта берілетін
қазақ тілінде хабар таратуды жолға қою.
7. Латын шрифтіне көшуді тездету.
8. Электронды оқытудың әртүрлі жағдайларын қамтыған байқау, олимпиада
(оқушы үшін де, мұғалім үшін де) өткізуді жүйеге айналдыру.
9. Электронды оқыту мәселесінің шет елдердегі, оның ішінде, әсіресе,
Оңтүстік Кореядағы жағдайын сараптайтын орталық құру.

Ұқсас жұмыстар
Физика сабағын оқытуда электрондық оқулықтың ролі
Бүрку жуйесі бар қозғалтқыштың отын беру жүйесін тексеру
Жүктеме жалғасқан орам саны
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты
Шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану
Металдарды тозаңдату
Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақты ұйымдастыру әдістемесі
Есептеу техникасының даму кезеңдерін санамалау
Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салалар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану
Пәндер