Орынбордағы қазақ институты

Күні: 6 желтоқсан 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: §24. 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанда білім және ғылымның дамуы, өнер саласындағы жетістіктерді оқушыларға ұғындыру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи - әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Жастардың Отан тарихын сүю, ұлтжандылық сезімдерін ояту

Сабықтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Компьютерде жұмыс жасау, ауызша баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайт суреттер, хронологиялық кесте, сөзжұмбақ, тест, тамсырмалар.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Тапсырмалармен жұмыс

V. Жаңа сабақты бекіту

VІ. Оқушыларды бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару .

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

1. Қазақ КСР Конституциясы қабылданған мерзімі:

а) 1937 жылғы наурыз

ә) 1934 жылғы сәуір

б) 1936 жылғы желтоқсан

в) 1935 жылғы мамыр

г) 1933 жылғы шілде

2. Қазақстандағы ұлттық шеткері аймақтарды бағындыру саясатын белсенді жургізушілер:

а) Н. Ежов, Ф. Голощекин

ә) Н. Ежов, А. Байтұрсынов

б) Ф. Голощекин, Т. Рұсқұлов

в) Т. Рұсқұлов, Н. Ежов

г) А. Байтұрсынов, Ф. Голощекин

3. Қазақ АКСР-інің одақтас Республика болып құрылған жыл:

а) 1932 жыл

ә) 1936 жыл

б) 1937 жыл

в) 1938 жыл

г) 1940 жыл

4. Лаңкестік жаппай сипат алды:

а) 1941-45 жж. ә) 1937-38 жж.

б) 1927-31 жж. в) 1931-33 жж.

е) 1918-20 жж.

5. Ф. И. Голощекин ұсынған идея:

а) «ЖЭС». ә) «Әскери коммунизм».

б) «Азық-түлік салғырты». в) «Индустрияландыру».

е) «Кіші Қазан».

Жауабы:1- а, 2- а, 3- б, 4- ә, 5- е.

Балалар, өткен сабақта біз Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайын өтіп, алдын ала үй тапсырмасы ретінде 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар жайында баспасөз материалдарынан, қосымша әдебиеттерден мәліметтер іздеу керек болды. Сабаққа дайынбыз ба? Дайын болсақ сабағымызды бастайық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою.
  2. Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.
  3. Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.
  4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.

1. Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын.

Кесте арқылы түсіндіру:

Жылдары

Маңызды оқиғалар

Нәтижесі

Жылдары: 1921 жыл
Маңызды оқиғалар:

«Казграмчека» қрылды.

Нәтижесі: «Мәдени жорық», «Қызыл мүйістер», «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды.
Жылдары: 1918 жыл
Маңызды оқиғалар:

«Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды.

Нәтижесі:

1920-1921 жылдары 2, 5 мың

«Сауатсыздықты жою қоғамдарында»

70 мыңнан астам азаматтар сауатын ашты.

1925 жылы республикада 2, 7 мың мектеп болды.

Жылдары: 1919-1931 жылдар
Маңызды оқиғалар:

«Сауатсыздықты жою туралы Декрет»,

Ж Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді.

Нәтижесі:

1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды.

1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды.

Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды.

Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев.

Географиядан Әлихан Бөкейханов.

Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.

1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді.

1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқу- лықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды.

1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді.

1929 жылғы араб әрпінен латын әрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді.

2. Кесте арқылы түсіндіру: Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.

1919-1920 жж.
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды
1919-1920 жж.: 1921 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды: Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды
1919-1920 жж.: 1928 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды:

Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты

1935 жылы оған Абай есімі берілді

(қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)

1919-1920 жж.: 1929 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды: Алматы мал-дәрігерлік институты
1919-1920 жж.: 1930 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды: Қазақ ауыл шаруашылық институты
1919-1920 жж.: 1931 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды: Алматы медициналық институты
1919-1920 жж.: 1934 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды:

С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті

(қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті),

1919-1920 жж.: 1938 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды: ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды.
1919-1920 жж.: 1940 ж
Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды: Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды.

3. Кесте арқылы түсіндіру: Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.

Жылдары

Маңызды оқиғалар

Нәтижесі

Жылдары: 1918 ж
Маңызды оқиғалар:

Ташкентте Түркістан Шығыс институты

Нәтижесі: Қолданбалы ғылымдар дамыды
Жылдары: 1919 ж
Маңызды оқиғалар:

1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылды.

Нәтижесі:

Бөлім тарих, этнография және

жаратылыстану - география секцияларынан тұрды,

кейіннен археология секциясы да ашылды.

Жылдары: 1919- 1920 ж
Маңызды оқиғалар:

Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы

құрылды

Нәтижесі: Қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов, Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
Жылдары: 1932 ж
Маңызды оқиғалар:

К КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды

Нәтижесі: Республикада 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды.
Жылдары: 1938 ж
Маңызды оқиғалар: Ғылыми-зерттеу а институттары (ҒЗИ) ашылған К КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды.
Нәтижесі: Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған

4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.

20-30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды.

Семей әуесқой театр.

Орынбордағы қазақ институты.

Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың жабыдығы
Ыбырай Алтынсарин кім
Ыбырай Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы
Ы.алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы
Ахмет байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы
Қазақтың ауылшаруашылық институты
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір жайлы ақпарат
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz