Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу

Сабақтың тақырыбы: Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен жұмыс жасау, яғни компоненттерді формаға орналастыру, компоненттердің қасиеттерін өзгерту, компоненттерге оқиға жазу, оқиғаларды өңдеу жұмыстарын жүргізуді және қолданбаны орындауға жіберу мен бағдарламаны тестілеуді үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып білім беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) .

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі.

Көрнекі құралдар: ДЭЕМ, проектор, интерактивті тақта, Delphi 7. 0 интегралды ортасы, электрондық әдістемелік нұсқау, электрондық Hyper Test 1. 0 тест бағдарламасы, слайд, студенттерді бағалау бағдарламасы, видеофайл, электрондық толықтыру тесті материалдары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу. Кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: үй тапсырмасына берілген Standard панелі компоненттері және олардың атқаратын қызметтері туралы теориялық білімдерін тексеру мақсатында студенттерге электрондық ашық тест тапсырмасын беру. Тапсырманы орындағаннан кейін студент электронды жауап парағын желідегі көрсетілген арнайы бумаға жіберу керек.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жаңа тақырыпта өткен дәрістер бойынша алған білімдерді пысықтай отырып, Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерін қолданып, олардың қасиеттеріне мән, әдістеріне оқиға жаза отырып, қолданба әзірлеуді интерактивті тақтада түсіндіру. Жаңа сабақтың тақырыбы - «Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу». Бұл сабақта студенттер:

  • Delphi интегралды ортасында компоненттерді формаға орналастыруды;
  • Standard панелі компоненттерінің негізгі қасиеттерін;
  • Компоненттердің қасиеттеріне мән беруді;
  • Компонент әдістеріне оқиға жазуды;
  • Бағдарламаны орындауға жіберу және тестілеуді меңгеруі тиіс.

Standard панелінде мыналар орналасқан:

TMainMenu - программаның негізгі мәзірін құруға арналған компонент.

TPopupMenu - программаның контекстік мәзірін құруға арналған компонент.

TLabel - статикалық тексттерге арналған компонент. Түсініктеме тексттерді бейнелеуге қолданылады.

TEdit -біржолды редактор, оның көмегімен ұзын тексттік жолды енгізуге және/немесе бейнелеуге болады.

TMemo- көпжолды редактор, ұзын текстті енгізуге, редакциялауға және/немесе бейнелеуге арналған.

TButton - программаларды басқаруға қолданылатын кнопка.

TCheckBox - иә/жоқ типті шешімді қабылдауға арналған тәуелсіз айырғыш.

ТRadioButton- өзара жоққа шығарушы шешімдердің бірін таңдауға арналған тәуелді айырғыш.

TListBox- стандарт таңдау тізімі, оның көмегімен қолданушы таңдау элементтерінің бірін немесе бірнешеуін таңдайды.

TComboBox- құрастырылған таңдау тізімі, TlistBox тізімі және TEdit редакторы комбинациясын көрсетеді.

TScrollBar- жылжыту жолы, сандық шама мәнін визуалды басқаруға қолданылады.

TGroupBox - рамкалы тікбұрышты терезе. Ішкі компоненттерді орналастыруға арналған контейнер.

TRadioCroup - тәуелді айырғыштарды орналастыруға арналған арнайы контейнер.

TPanel - жалпыға арналған контейнер.

  1. Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу
  2. Объектілер инспекторы терезесінің екі беті бар:Events және Properties. Properties беті компоненттің қажет қасиеттерін белгілеуді атқарады, Events беті компоненттің сол немесе басқа оқиғаға реакциясын анықтауға мүмкіндік береді. Объектілер инспекторының жоғары жағында формада орналасқан барлық компоненттердің ашылатын тізімі орналасқан. Properties бетіндегі форма қасиеттерін қараңыз.
  3. Формаға Pаnel1 компонентін орналастырыңыз.
  4. Pаnel1 компонентінің Align қасиетіне alBottom мәнін беріңіз. Align қасиеті орналасатын компонентің формадағы орнының өзгерту әдісін көрсетеді.
  5. Pаnel1 компонентінің Caption қасиетін тазартыңыз.
  6. Pаnel1 компонентін қоршаған қара квадрат көмегімен қабырғаны жоғарыға созыңыз. Панель биіктігін 175- ке қойыңыз. Объектілер инспекторының Height қасиетінде бұл мән бекітілгенін көреміз.
  7. Формаға Panel2 компонентін сол жағына орналастырыңыз. (Align қасиетіне alLeft мәнін енгізіңіз) . Caption қасиетін тазартыңыз. Объектілер инспекторындағы Width қасиетіне 233 мәнін енгізе отырып панель енін өзгертіңіз.
  8. Формаға Мemo1 (көпжолды редактор) компонентін орналастырыңыз және Align қасиетіне alClient мәнін енгізіңіз. Компонент форманың қалған бөлігін алады.
  9. Көпжолды редактордың Lines қасиетін тазалаңыз. Ол үшін осы қасиетті сырт еткізіңіз және ашылған диалогтық терезеде Меmо1- текстін жойыңыз жәнеОКкнопкасымен терезені жабыңыз.
  10. Pаnel2- ге Label1 компонентін орналастыр. WordWrap қасиетіне True мәнін енгіз. WordWrap қасиеті жолды тасымалдауды рұқсат етеді/ рұқсат етпейді. Caption қасиетіне мына мәнді енгіз "Салмақ мәнін граммен енгіз".
  11. Pаnel2 панеліне Edit1 редакторын орналастыр. Техt қасиетін тазалаңыз.
  12. Панелге Button1 кнопкасын орналастыр. Caption қасиетіне "Енгіз" мәнін енгіз. Font қасиетінің оң жақ жолына сырт еткізіп шрифтті өзгертетін диалогтік терезені ашыңыз және шрифт биіктігін өзгертіңіз.
  13. Панелге (Раnel1) Additional панелінде орналасқан BitBtn1 кнопкасын орналастыр. Kind қасиетін blClose - ға өзгерт. ТBitBtn компоненттері үшін Kind қасиеті диологтік терезеде кнопка реализациялайтын типтік функцияларды анықтайды. ВkClose мәні осы кнопкамен байланысқан терезені жабу функциясын анықтайды. Кнопка өлшемдерін өзгертіңіз.
  14. Құрылған форма түрі 1- суретте бейнеленген.
  15. Button1 кнопкасын белгілеңіз. Объектілер инспекторында Button1 кнопкасының қасиеттері бейнеленеді. Events қосымшасына сырт еткізіңіз. Бұл қосымшада оқиғалар тізімі пайда болады. OnClick оқиғасы жолының оң жағына 2 рет сырт еткізіңіз. Экранда программалар терезесі пайда болады.
  16. Программалар терезесі программа текстін енгізуге және редакциялауға арналған. Бұл текстте программа жұмысының алгоритмі сипатталады. Бастапқыда терезеде стандарт текст пайда болады. Проектіні құру кезінде программист программаны толықтырады, жылжыту сызғышының көмегімен терезеде программа мазмұнын қараңыз.
  17. Программалар терезесіндегі бастапқы программа тексті мынадай:

procedure Tform1. Button1. Click (Sender: TОbjeet) ;

begin

end;

Begin және End операторлық жақшаларының арасына Objeet Pascal тілінің мына операторларын енгіз:

x:=strtofloаt (Edit1. Text) ;

y:= x/ 400;

Memo1. Lines. Add(Formatfloat('. ##граммов=', x) +formatFloаt ('. ## фунт', у) ) ;

Модулдің айнымалыларды сипаттау жолын толықтырыңыз.

Var form1: Tform1 жолынан kейін енгізіңіз:

x, y:Real;

  1. Бірінші оператор редактор терезесінің мәнін нақты санға айналдырады. Екінші оператор- түрлендіру формуласы. Есептеу нәтижесін ТМеmо терезесінде бейнелеу үшін осы компоненттің Add әдісі қолданылады. TStringList класының Add әдісі Lines жолдар тобына жаңа жол қосады. Қосылған жол экранда бейнеленеді. Әдіс параметрі - жолдық айнымалы. Formatfloat функциясы мәнді сипатталған формат көмегімен форматтайды.
  2. <Ғ9> клавишін баса отырып программаны орындауға жіберіңіз. Редактор терезесіне кез- келген санды енгізіңіз, <Енгізу> кнопкасын басыңыз. Көпжолды редактор терезесінде сіз жауап аласыз.

  1. сурет. Жалпы мысалдың Windows- терезесі.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Сіз мына қасиетер мен әдістермен таныстыңыз.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Қасиеттер
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Height, Width
Компоненттің биіктігі мен ені.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Align

Орналасқан контейнеріне сәйкес компонентті формаға

келтіру әдісі.

форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Caption
Тақырып.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Text
Енгізу жолының мәні.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Name
Программадағы компонент аты.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Kind

BitBtn кнопкасы үшін диалогтік терезеде

реализацияланатын типтік функцияларды анықтайды.

форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Lines
Редакцияланатын текст орналасады.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Word Wrap
Жолды тасмалдауды рұқсат етеді/ рұқсат етпейді.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Font
Компонент шрифтінің параметрлері.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .:
Әдістер.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: Add
Lines жолдар тобына жаңа жол қосады.
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .:
Оқиға
форма (Tform), панель(TPanel), белгі (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn) .: OnClick
Тышқанмен сырт еткізу.

Ұқсас жұмыстар
Визуальды программалау
Textbox, label, commandbutton компоненттері
Delphi тілінің негізгі компоненттері
Құралдар параметрлері
Қапшық терезесі
Жарияланымнан шығу
Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Bde- дегі мәліметтер қоры қосымшасын құру компоненттері
Газ көлемін есептеу
Тесттер жинағы. 8-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz