Түбір және туынды сөздер: жұрнақтың қызметін түсіндіру және түбірді анықтау

Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстырта отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру; туынды сөздердің түбірін табуды үйрету; сөздік қорын дамыту.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Венн диаграммасы, «Топ тастыру» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Венн диаграммасы арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіре отырып, түбір сөз бен туынды сөзді салыстырады.

Әр топқа бір түбір сөз беріледі. Олар ол сөзден бірнеше түбірлес сөз жасауы керек (бас, еңбек, бала, су, оқу, т. б. ) .

Ең көп туынды сөз жазған топ жеңіске жетеді. Мағынаны тану кезеңі

Түбір + жұрнақ + жалғау. Осы сызба бойынша екі топтағы оқушылар мысал құрастырады.

Осы тақырыпқа берілген ең соңғы сабақтағы жаттығу жұмыстары орындалады. 1-жаттығу сөздердің түбірі мен жұрнағын ажыратуға арналған. Бұл жаттығу арқылы оқушылар жұрнақтың жаңа сөз жасайтынын түсінеді.

  1. жаттығуда сурет бойынша мәтін құрастыру білігін жетілдіру көзделеді. Мәтін құрастыру кезінде туынды сөздерді көбірек қолдану тапсырылады.
  2. жаттығу туынды сөздер туралы алған білімін тиянақтай түседі.
  3. жаттығуды орындау үшінтүбір, жұрнақ, жалғаудантұратын зат есімдерді теріп жазады. Бұл жаттығу арқылы түбірге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғау жалғанатыны бекітіледі.
  4. жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Түбір, жұрнақ, жалғаудың белгілері бойынша берілген сызбаларға сәйкес сөздер тауып жазады. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай бір сызбаға бірнеше сөз жазуға болады.

Ой толғаныс

Мынадай кестелерді толтыруды ұсынуға болады:

Түбір сөз
Туынды сөз
Туынды сөз
Түбір сөз
Түбір сөз: таза бұғы өнер
Туынды сөз: . . .
Туынды сөз:

үлкендеу

өнім

шегеле

Түбір сөз: • • •

Ұқсас жұмыстар
Зат есімдерді оқыту: түбір мен жұрнақ арқылы туынды зат есімдер
Жұрнақ: туынды сөздерді анықтау және сөз құрамына талдау
3-сыныпқа арналған қайталау сабағы: Түбір мен туынды сөз
Түбір мен туынды сөз: сөз құрамын, тұлғасын және құрлысын талдау бойынша жаттығу сабағы
Туынды көмегімен функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер және Қазақстан қалалары: саяхат сабақ жоспары
Функцияның өсу және кему белгілері: туынды арқылы аралықтарды анықтау
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Туынды арқылы функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау (10-сынып, ашық сабақ)
Функцияның өсуі мен кемуін туынды арқылы анықтау: сабақ жоспары мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz