7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісі

Сабақтың тақырыбы : Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : Дәстүрден тыс - саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың өту жоспары : 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.

Балалар бүгін сабағымызды біз «Сиқырлы бұрыштар» әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында аялдамаларға тоқталамыз.

І. «Сиқырлы бұрыштар әлемі»

Мұнда сызба бойынша есептер берілген, оқушылар жауап береді.

Барлық жауаптарды алған соң мынадай нақыл сөз шығады:

«Еліміз еңселі болсын десек,

Шәкіртіміз білімді болсын»

Оқушылар, сендер - Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті білімді жастар болып жетілулерің қажет.

∆EFD = ∆MKS

Тең үшбұрыштардың сәйкес элементтері де тең болады

ІІ. "Қызықты сандар қалашығы" аялдамасы .

Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау:
АВС үшбұрышында
А 1 В 1 С 1 үшбұрышында
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: А
В
С
а
b
c
А 1
В 1
С 1
а 1
b 1
c 1
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: 1
40 о
3
4
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: 2
30 о
6
5
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: 3
3
60 о
7
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: 4
30 о
45 о
8
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау: 5
35 о
50 о
4

Оқушылар сәйкес ұяшықтарға дұрыс жауаптарын жазу керек.

ІІІ. «Білімділер қалашығы» аялдамасы. Бұл аялдамада жаңа тақырып түсіндіріледі.

І. Проблемалық сұрақ:

1. «Үш элементі (екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш) бойынша үшбұрышты толықтырып салуға бола ма?

2. Екі үшбұрыштың элементтерін салыстыр

3. Үшбұрыштарды беттестірмей салыстыруға бола ма?

ІІ. Жаңа сабақ:

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі (І белгі)

Теорема: Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

Бер: ∆ABC, ∆A 1 B 1 C 1

AB=A 1 B 1

AC=A 1 C 1

Д/к: ∆ABC = ∆A 1 B 1 C 1

Дәлелдеу:

А және А 1 бұрыштары және оған іргелес қабырғалары сәйкес келетіндей, үшбұрыш АВС-ны A 1 B 1 C 1 , үшбұрышына беттестіреміз.

AB=A 1 B 1 , АС=А 1 С 1 болғандықтан АВ және А 1 В 1 , АС және А 1 С 1 қабырғалары

беттеседі =>В және В 1 , С және С 1 төбелері де сәйкес келеді.

=>BC = B 1 C 1 және ∆ABC = ∆A 1 B 1 C 1 .

Теорема дәлелденді

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

Үшбұрыштар І белгі бойынша тең болу үшін қандай шарт орындалу қажет?

MP = ES

MK = ST

M = S

IV. «Дұрыс жауапты анықта» қалашығы аялдамасы.

V. Келесі аялдама «Қабілеттілер» аялдамасы

Оқулықпен жұмыс №92

VІ. Үйге тапсырма

  1. Үшбұрыш жайлы сөзжұмбақ құрастыру.
  2. №90, №91
  3. Теорема жаттау

VІІ. Қорытындылау. Бағалау

«Геометрияны білмейтін адам бұл үйге кірмей-ақ қойсын» деп ежелгі грек философы Платон өзінің мектебінің кіре берісіне жазып қойған дейді. 2000 жылдан астам бұрын айтылған бұл сөздер қазірде де өз күшінде деп айтуға болады. Себебі айналамыздан геометрия сұлулығын, геометрия кереметтерін көреміз. Ал геометрия математиканың бір бөлігі десек, онда біздің өмірімізге өте қажет. Сондықтан оған қызығушылықпен қарайық.

С. Датұлы атындағы №26 орта мектеп

АШЫҚ САБАҚ

7сынып

Пән мұғалімі: Тажиева Маншук Болтасовна

Атырау 2012-2013


Ұқсас жұмыстар
7-сыныптағы геометрия: Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі - ашық сабақ жоспары
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі - сабақ жоспары
Үшбұрыштардың ұқсастығы тақырыбындағы 9-сынып геометрия сабақ жоспары
Шыншылдық - адамдықтың белгісі: 1-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштардың түрлері мен қасиеттерін бекіту
Шыншылдық - адамдықтың белгісі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Үшбұрыштардың ауданы: сабақ жоспары мен есептер
8-сыныпқа арналған Рәміздерім - елдігімнің белгісі тақырыбындағы сайыс сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Компьютер құрылғылары
Бірінші байлық - денсаулық: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz