Өзендер, көлдер және тоғандар: түрлері, ерекшеліктері және шаруашылықтағы маңызы

Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар

Білімділік міндеті: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы,

шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер

және көлдермен таныстыру.

Дамытушылық міндеті: оқушылардың сана-сезімін, ойлау қабілетін дамыту,

салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік міндеті: айнала қоршаған табиғаттың қыр-сырын танып білуге, есте

сақтауға, өмірде пайдалана білуге баулу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, ауызша баяндау, сұрақ-жауап әдісі,

картамен саяхатқа шығу, Венн диаграммасы, мәтелдің мағынасын ашу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу;

-оқу құралдарын дайындауы;

2. Үй тапсырмасын сұрау:

-Жауын-шашын. Жер асты суы. Құдық

- Тест тапсырмалары арқылы тексеру:

1. Судың 3 түрлі күйі:

А) мөлдір, сұйық, түссіз;

ә) сұйық, қатты, бу;

б) ерігіш, қатты, жылы

2. Су өткізбейтін жер асты қабаты:

А) құм Ә) қиыршықтас Б) саз

3. Жауын-шашын түрі:

А) бұршақ Ә) тұман Б) бұлт

4. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:

А) шарбы бұлт Ә) будақ бұлт Б) қабат бұлт

5. Құдықтың тереңдігі:

А) Жер бедеріне байланысты;

Ә) Жануарлар қажетіне байланысты;

Б) Су қабатының орналасуына байланысты

-Оқушылардың бірін-бірі тексеріп, бағалауы

-Жауын-шашын бұлт өзен, көлдердің булануы

ІІІ. Жаңа материал:

А) Жұмбақтар шешу:

Келеді алыстан Ауыл сыртында сайда,

Ашулы арыстан. (Өзен) Жатыр үлкен айна. (Көл)

Ә) Өзендер (слайдтан көрсету)

-Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға;

-Жазық жердегі өзендер;

-Таулы жердегі өзендер;

-Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы.

Б) Көлдер және тоғандар (слайдтан көрсету)

-Көлдердің көлеміне қарай түрлері;

-Көлдің анықтамасы;

-Көлдің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы;

-Жасанды көлдер;

В) Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.

-Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.

- Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.

- Өзендер : Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.

Г) -Ал, енді өзіміздің облыс орталығы Ақтөбе қаласының ортасынан қандай өзен ағып жатыр?

- Елек өзені туралы жазған мәліметін оқыту.

-Ал, Шалқар қаласында қандай көл бар?

- Шалқар көлі туралы жазған мәліметін оқыту.

ІV. Сабақты қорытындылау:

  • Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.

- «Су анасы- бұлақ» мәтелінің мағынасын аштыру.

V. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: Өзендер. Көлдер және тоғандар.


Ұқсас жұмыстар
§42 Көлдер: пайда болуы, түрлері және шаруашылықтағы маңызы
Өзендер: құрылымы, ағыс сипаты, шоңғалдар мен сарқырамалар, қоректенуі және шаруашылықтағы маңызы
6-сынып география сабағы: Өзендердің бөліктері, ағыс ерекшеліктері және шаруашылықтағы маңызы
Торы құлын: анықтама, шаруашылықтағы маңызы және жас ерекшеліктері
Ірі көлдер: түрлері, географиясы және шаруашылық-экологиялық маңызы
Тастағы қыналар: түзілу механизмі, түрлері және шаруашылықтағы маңызы
Дүниетану 4-сынып: Жерасты сулары, өзендер мен көлдер
Құрлық сулары: өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты және жасанды су көздері - оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Төрт түлік: түрлері, төлдері және шаруашылықтағы маңызы
10-сынып географиясы. §13 Құрлық сулары: өзендер, көлдер, жер асты сулары және мұздықтар - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz