Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әділ - қазылардың берген бағалары
Күз мерекесіне арналған мектепалды даярлық тобында өткізілген «Күз
ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балабақша апайлары,қонақтар!
Сіздерге балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың
ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен
бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару
қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың
балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-
қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Күнсұлу-ата-аналар комитетінің төрайымы, 2.Майгүл-мүшесі, 3.Ұлмекен-
мүшесі, 4.Дина-балабақша әдіскері.
Жүргізуші: Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын)
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
( Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, сұлтандарымыз
мойындарындағы алқаларын аруларға ұсынады.)Сайысқа қатысушы аруларды реттік
белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнержұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Тосын сәт» (Бағбан ата тапсырмалары)
7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, тобымыздың
әншісі Нұрхан әсем әнін арнайды.
Ән: « Беташар»
«Менің ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.Назерке: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жана білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Сәдуақас Назерке мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп- өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.
2.Айда: Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата-баба өнегесі.
Айда атым Мейрамбектің қызымын мен,
Дүйсекен тегі, Мизам немересі.
3.Ақтыныс: Руым Қожа , мен қазақ,
Мақсоттың немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайлардың берген өнегесі.
Алғаш аштым балабақша есігін,
Қуатқызы Ақтыныс менің есімім,
Туып өстім Елтайда,
Алтын ұя –бесігім .
Құлкеш маған нағашы,
Қызыл тонның жағасы.
Мен үшін өте қымбат қой,
Нағашының бағасы.
5.Зылиха: Айдосқызы Зылиха атым менің,
Мақтан етер жанұя еркесімін.
Әкем Айдос, анам бар Алтынгүл атты,
Үлгі тұтар ағам бар Астанәлі.
6.Дильназ: Әке-шешем мақтаған,
Дильназ қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын.
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген
бағаларын көтерулерін сұраймын.
Ән: «Туған жер» Алмас,Диас,Әділхан, Сырым,Санжар, Асылбек.
2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып,ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып
соның жұмбақтарын шешкізу.
3. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
(күзгі байлықтардан жарнама жасау)
1.Назерке (Қызанақ)
Тал шыбығым бұралып ,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
2.Зылиха:(сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.
3.Айда: (картоп)
Мен картоппын,картоппын,
Жер жүзінде мен көппін.
Тамаққа көп қолдансаң,
Пайдамды сонда білерсің.
4.Дильназ:(пияз)
Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
5.Ақтыныс:(қияр)
Мен қиярмын,қиярмын,
Жесең есті жиярмын.
Кетіруге безеуді,
Шырыныммен жуарсың.
( мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)
Ән: «Айгөлек» Нұрхан,Диас,Назарбек.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
4. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.
Ән: «Біз балдырған баламыз.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
6. «Тосын сәт» (Бағбан атаның тапсырмасын орындау)
Ән: Айгөлек
Әділ-қазылардың берген бағасы.
7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ-қазылардың берген бағалары.
Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Айналайын» Мағжан,Нұрхат.
«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп
кеуделеріне лента тағылды.
1. «Күз ханшайымы» - Назерке .Е.
2. «Әнші ару» - Ақтыныс.М.
3. «Биші ару» - Айда. М.
4. «Сүйкімді ару» - Дильназ.Е.
5. «Шебер ару» - Зылиха.А.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz