Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тіл - атадан балаға жеткен қатынас құралы
Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған
тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толтыратын осы
бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің
мәнін әділ пайымдау, бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге,
мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да
ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген. Ендеше өзіне берілген
жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын
асқақтататын Жастар – қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры
солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп
дайындау – аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым Әл – Фараби айтқандай
«Тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді.» Қазақстан
Республикасы тәуелсіз даму жолында, оның келешегі алда, біртіндеп дамыған
гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын
Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан –
жақты, білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет –
ғұрпын сыйлайтын осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар
білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Жаңа
ғасыр табалдырығын аттаған шақта ондағы жастар тәрбиесін сөз еткелі
отырмын. Жаңа заманға біздің жастарымыз нендей жетістіктермен келді және
алда оларды не күтіп тұр?
Ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ел ағасы, профессор
Мұхтар Арынның «Бес анық» атты кітабында адам өз ұлтының, халқының
толыққанды өкілі екенін айқын сезіну үшін, бес талапқа сай болуы керек
деген екен. Ол талаптар мыналар:
1. Тіл. 2. Дін. 3. Салт – дәстүр. 4. Тарих. 5. Атамекен.
Тіл – атадан балаға жеткен қатынас құралы. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы – Ата заңының 7 – бабында
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі,» - деп анық
жазылған. Қазақ тілінің биік мәртебе алуы тәуелсіздігіміздің жемісі. Еліміз
егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болып отырған кезде тіл
мәртебесін көтеру – болашақтың ісі.
Балаға ұлттық тәрбие беруде діннің де орны ерекше екендігін, ата –
бабамыздың қадір тұтып, қасиеттеп келген діні – мұсылман діні екенін үнемі
есінде болуы тиіс. Мұсылмандықтың жаршысы – Мұхаммед (Пайғамбар) тарихи
адам. Ол 610 – 632 жылдары араб жерінде мұсылман мемлекетін құрып, Ислам
идеологиясына басшылық жасады, Ислам дінінің негізгі заңы – Құран Кәрімді
бүкіл әлемге тарата бастады.
Ислам діні – ғасырлар бойы ешбір өзгермеген, ХХ ғасыр аяғында жер
шарын мекендеген барлық халықтардың арасына кең тараған 1,5 миллиардтан
астам адамның жүрегіне имандылық нұрын түсіріп, бір Аллаға ғибадат
қылдырған, үлкен құрметке бөленген дін.
Жаңа заман алдында тұрған өзекті мәселе оқушыға ұлттық тәрбие
беріп, салт – дәстүрімізді ұғындыру. Ұлттық тәрбие жолында мектеп пен ата –
ана біртұтас болуы тиіс. Жалпы ұлттық тәрбиенің бастауы, мектепте емес, ең
алдымен отбасында қалыптасатынын ерекше айту керек. Ата – анасы өзінің
жүріс – тұрысымен, мінез – құлқымен, сөйлеу мәдениетімен баласына тәрбие
береді. Бала үнсіз жүріп – ақ мұндай тәрбиені өзіне аудартпай салып алады.
Сондықтан халық даналықпен: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - деп
тектен – текке айтпаған. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін сабақ
беретін ұстаздардың жүріс – тұрысы, сөз мәнері, мінез – құлқы әсер ете
бастайды. Әсер етудің бес түрі бар: 1) үнсіз әсер ету. 2) көзбен әсер ету.
3) сөзбен әсер ету. 4) қимылмен әсер ету. 5) күшпен әсер ету. Үнсіз әсер
ету әркімге белгілі. Көзбен әсер ету баланың қияс қылығына алакөзбен қарау.
Сөзбен әсер етудің маңызы зор, әдеби шығармаларды талқылау, еліміздің
тарихы, өнері, мәдениеті не болмаса атақты адамдар туралы айтып, қызықтырып
отыру. Қимылмен әсер беру кей нәрсені меңзеп түсіндіру. Күшпен тәрбиелеу
жақсы нәтиже бермейтін әдіс екендігі түсінікті. Баланы ұрып жүрегіне дақ
қалдыру тәрбиенің әлсіздігі, жастар қалай тәрбиеленсе , жемісі де сондай
болады.
Тарихты білу шарт. Жаңа заманға қандай қиыншылықтарды жеңе отырып
келгенімізді, нендей ауыртпалықтарды өткергенімізді білуіміз, естен
шығармауымыз керек. Тарих деген сөз араб сөзі, ол көнені зерттеу деген
мағынаны береді. Ендеше өткенді білмей болашаққа жету мүмкін емес. Тарих
бұл ата – бабаның салып кеткен соқпағы. Тарихтағы ұлы тұлғалардың өмірін
үлгі тұта өсіруіміз керек. Кезінде үш жүздің басын қосқан Абылай ханның 40
баласы болған. Бабамыз ел, халық, жер тағдырын, қамын ойлай жүре бала
тәрбиесін жоғары қоя білген.
Атамекен - әр баланың туып - өскен жері. Кіші отан - ол отбасы.
Бала ата – анасының іс – қылығын қайталаушы деп жоғарыда айтып кеттік.
Дұрыс тәрбие баладан көрініп тұрады. Түсі игі келіп, бейтаныс адамға да
жылы ұшырайды. Қазақ содан «Түсі игіден түңілме» деп, жақсыдан жақсылық
қана күтеді.
Жақсы тәрбиеленген жастың өмірдегі қиыншылықтарды жеңе білуіне
дәрмені жетіп тұрады. Білімі жеткен, жақсы тәрбиеленген жас қана ата – баба
өсиетіне адал болып, орындау жолында жүреді. Әрине, баланы оқыту, оған
дұрыс тәрбие беру, әркімнің қолынан келе бермейтін іс, оның өз жолы бар:
«Ғылым – білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Оны қызықтырып, үйір
қылу керек, үйрене келіп өзі іздегендей болғанша, қанша бір бала ғылым,
білімді көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болғаны» - дейді Абай.
Жастарды бірлікке, білімге, жалпы ұлттық тәрбиеге баулу ата – ана
мен ұстаздар алдында тұрған биік мақсат. «Білім – адамның байлығы» деп Сайф-
әс- Сараий айтқандай, қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді, тарихи
танымы мол, саяси – экономикалық және педагогикалық – психологиялық сауатты
болуға тиіс. Сондықтан да халқымыз ең қымбат та, асыл қазынасы - өзінің жас
ұрпағын, оның бүгінгісі мен ертеңгі нұрлы болашағын мұғалімдерді ата отырып
шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы
деуге болады. « Адам емес, мәңгі өлмейтін атағы,
Өмір бақи жасайды ғой ол тағы» - деп ұлы ойшыл, данышпан, ақын Жүсіп
Баласағұни айтқандай, халық үшін саналы ғұмырын сарп еткен, оның жолында
бар мүмкіндігі келгенше саналы іс тындырған, өз ісін өзінен кейінгілер
жаңғыртып та жаңартып жатқан адам ғана ұстаз аталмақшы.
Егемен еліміздің ертеңі, болашағы бүгінгі жас жеткіншектер
заманымыздың талабына сай болуы керектігін елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан
халқына жолдауында атап айтқан еді. Бұл жолдау мұғалімдердің, әсіресе ауыл
мұғалімдерінің алдына биік мақсат, міндеттер жүктеді. Ауыл мұғалімі ауыл
интеллегенциясының алдыңғы тобының бірі. уыл мұғалімінің көтерер жүгі өте
ауыр, ол тек шәкіртке ғана үлгі емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін
үлгі. Себебі, қазіргі заманда ауыл мәдениетінің гүлденуіне, өсіп -
өркендеуіне, ауылдың өркениетті болуына үлкен роль атқарады. Бүгінгі таңда
ауылдағы бірден – бір мәдениет ошағы – мектеп. Сондықтан да мұғалімнің
әрбір істеген іс - әрекеті, тұрмыс – тіршілігі, жүріс – тұрысы, киім киісі,
сөйлеу мәнері, жалпы мәдениеті ауыл тұрғындары, ата – аналар және шәкірттер
үшін үлгі өнеге. Олар – шәкірт үшін теңдесі жоқ тұлға болуымен қатар, ауыл
тұрғындарының арасында мәдениет нәрін таратушы, білімді, парасатты адам.
Қазіргі шалғай ауыл мектептерінің бәрі дерлік оқушылармен бірге жергілікті
тұрғындардың рухани отауына айналған десек қателеспейміз. Мәдениет үйінде
көптен құлып тұрған ауыл тұрғындары бір сәт көңіл сергіту үшін оқушылардың
концерт, кештерін тамашалайды. Немесе әртүрлі жиындар, қоғамдық – саяси,
мәдени шараларға қатысу үшін де мектепке келеді. Мемлекетіміздің
болашағы бүгінгі партада отырған жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім,
салиқалы ұлағат алуына байланысыты.
Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі жасөспірім.
Сауатты, белсенді іскер тілі мен ұлтын қадір тұтатын ауыл ұрпағын тәрбиелеу
ауыл мұғалімінің қолында. Сол мақсатқа жету жаңа заман үлесіне тимек. Тіл,
дін тазалығы мен ұрпақ тәрбиесі жөніндегі іс оңай шаруа емес. Ендеше жаңа
ғасырда бірлікпен, татулықпен болайық, ағайын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал. №12. 2007 ж.
«Қазіргі жастар мәдениеті» Н. Келімбетов Алматы 1991ж.
«Қазақстан тарихы» журналы. №8. 2007 ж.
«Егемен Қазақстан» газеті. №36. 2006 ж.
Сарысай негізгі мектебі
Баяндама тақырыбы: «Жастарды бірлікке, жалпы ұлттық тәрбиеге баулу».
Баяндамашы Тасымова А.Т.
2010-2011 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz