Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан, Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
№9 орта мектеп

Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнектері

Авторы: Таспан Айна , 4 сынып.

Ғылыми бағыты: өнер туралы ғылым

Секциясы: этномәдениеттану

Жетекшісі: Адилова Мейрамгүл Қалыбайқызы-
бастауыш сыныптар мұғалімі

Сағыз - 2010 ж.
Мазмұны

1.Кіріспе...................................................................
..................2

2.Қазақ ою-өрнектерінің атаулары................................3-4

2.1. Қазақтың жүннен жасалатын қолөнер бұйымдарына салынатын ою-
өрнектер.........................5-6

3.Қорытынды.................................................................
...........7

Пайдаланған
әдебиеттер........................................................8

Кіріспе
Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге,
әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ
халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен
араласып , әр кезеңде түрлі қарым-қатынаста болғандығы мәлім.
Сондай-ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста.
Сондықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою - өрнектерді көршілес
елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Қазақ
ою - өрнегін зерттеген Еуропа , орыс ғалымдары қате пікірлер
айтып , осы өнердің дамуына кедергі туғызды.
Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде
дамып қана қоймай көршілес елдердің көлөнерінде үлкен әсер
еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ
ғалымы Төлеу Бәсенов. Ол қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі
болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп көптеген құнды
пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран оюларынан басты
айырмашылығы - ою - өрнектің әрбір элементі дара тұрады.
Төлеу Бәсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер
туындыларын алъбом етіп шығарып, әсемдік тектес ою - өрнектердің
даму тарихын және оншақты ою нұсқасын қалдырды. Бүгінгі
әшекейлеудің басты құ -ралы ретінде, біз қолданып жүрген ою-
өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі. Туымыздан орын
алған ою-өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі
болған осынау құндылық бүгінде азаматты- ғымыздың нышаны - көк
байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың
тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап,
қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз,өйткені ою- өрнек әр
халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан
мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер
туындылары мұражайларда ғана сақталды. Көбінесе бұл өнер
туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен
елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол
жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.
Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен
қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазір
киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман
талаптары- нан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады.

3
Қазақ ою-өрнектерінің атаулары
Ежелден келе жатқан кәсіп қолөнер халықтың өмірімен,
тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады.
Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент - әсемдеу, сәндеу
деген ұғымды білдіретін латын сөзі қазақ тілінде ою-өрнек болып
алынып жүр. Бұл сөздің ұғымы бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау
немесе екі затты оя кесіп қиюлас- тырып жасау, бір нәрсенің
бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Ою-өрнектің
бір түрі-ою, белгілі бір затты ою (тас,темір,ағаш), кесу (ағаш,
сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге
асады. Қазақстан аумағында ою-өрнектердің ең қарапайым элемент- тері
Андронов дәуірінен жеткен әшекейлерінен байқалады. Мұндай әше- кейлер
«жал», нүкте, ирек тәрізді болып келеді. [1.233]

Халқымыздың ежелгі ою -
өрнектердің мазмұнында қолөнер шеберлері ғасырлар бойы сақтап
келген дәстүр де кеңінен қамтылған. Шеберлер өздерінің қолөнер
туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған.

Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы,
құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы, иттің құйрығы т.б.
және өсім- діктердің түрлері кеңінен бейнеленген.
Ғылымда ою - өрнекті хайуанаттық (зооморфтық), өсімдік
тектес (көгеніс), ғарыштық (космологиялық) , геометриялық деп
бөледі. Қола дәуіріндегі саз балшықтан жасалған құмыраларда
геометриялық ою-өрнектермен әрленген. Аң аулаумен
айналысқандықтан ою – түрлері аңдарға байланысты болған. Сақ
мәдениеті дәуіріндегі бұйымдарда бейне- ленген жуан, жіңішке
жолақтар жазық даладағы шексіздікке ұласқан жолдар символы.
Мұндай сызықтарды түнде аспаннан жұлдыздар ағып түскенде байқауға
болады.
Арқар мүйізіне қарап қошқар мүйізін бейнелеген. Осы
деректерге қарағанда біздің ата - бабаларымыздың қолөнерінің
ішіндегі ою-өрнек дамып, бізге жеткені дәлел.
«Қошқар мүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле
түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын
долбар- лайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып
тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі
аңғарылады.[2.41]
Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы
Фариза Оңғарсынова былай деп жазыпты:
Түрін-ай текеметтің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным өзіме деп,
Әжем кеп сыйпағандай шашымнан жәй.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

4
Ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір
тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан
нұсқаларында құстың, гүлдің , жануардың түрін тұспалдап тұратыны
белгілі. Әр оюдың
өзіндік мағынасын түсіне отырып , қабырғаға әсемдік үшін ілетін
болған. Ата –бабаларымыз «тұмар», қошқар мүйіз» ою-өрнегінің
магиялық күші бар деп сенген. «Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес
болып келеді. Үшбұрыш тәрізді тұмарлар тіл - көзден сақтау үшін
адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде
тағылады.[2.47]
Оюлардың бояуларының да өз сыры болады. Қазақтарда
кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс - аспанның, ақ түс -
ақиқаттың, қуаныштың , сары түс - ақыл, парасаттың, қайғы
мұңның , жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын
жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне
лайықтап орналастырылады.
Сонымен қатар әр оюдың мазмұны бар. Мысалы: ай, күн,
жұлдыз –аспан әлеміне байланысты, табан, мүйіз, тұяқ, т. б. –
малдың дене мүшелеріне, түр-тұрпатына, ізіне байланысты,
өсімдіктерге, қару-
құралдарға байланысты болып бөлінеді.
Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық
мәні бар деп сенген. Қазақта торсықтың бірнеші түрлері бар,
торсық өзімен бірге алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі.
Торсық бетіндегі бедерленген ою-өрнектер жолаушыға қатысты күн
ашық болсын , береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдіреді.

5
Қазақтың жүннен жасалған қолөнер бұйымдарына салынатын ою-
өрнектер
Қазақ халқы ою-өрнекті киелі санаған. Мәселен қабырғаға
тұтылған тұскиіз бен кілемдегі өрнектерге біраз зер салып
көріңіздер. Қараған сайын ой-қиялдарың оянып, сол ою-өрнектер,
бейнелер мен сызықтар арқылы шеберлердің не айтқысы келгенін
байқайсыздар. Дәлірек айтсақ: баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында
қалған ауылына кестеленген кішігірім бет орамалды
керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібе- реді. Орамалдың
бетінде ұшқан құс пен бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті.
Мұны көрген ата-анасы:
-Е, қызымыз әуедегі құстай емін – еркін, жайраңдап өмір
сүріп жүр екен, -деп мәз болысады. Сонда әр кестенің астарында
алуан мағына бар.
Қазақ халқының ою-өрнектер бейнеленетін қол өнер бұйымдары
бір- неше түрге бөлінеді. Олар ағаштан жасалған, теріден, жүннен,
т.б. Соның ішіндегі жүннен жасалатын қолөнер бұйымдарын күні
бүгінге дейін үй жиһазы ретінде пайдаланып келеміз.
Үй жиһазының бірі-сырмақ ата-бабамыздың дәстүрлі төсеніші
болған.
Сонымен бірге ол-халқымыздың бай қолөнерінің қайталанбас туындысы,
тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдарының бірі. Әдемі
өрнекпен оюланған сырмақ көркемдігі жағынан кілемнен кем
түспейді. Еденге төсеуге, әрі шаңын қағуға ыңғайлы болу үшін
оның көлемі текеметке қарағанда кішілеу. «Қолтық», «иық» деп
аталатын ою - өрнектер, бір элементтің екінші элементпен қосылуын
айтады. Сырмаққа тұтас қылып ою қиғанда екі ойындық пайда болады,
сол тұтас екі оюдан екі сырмақ жасалады, сол сырмақтың ішкі
ойындысын «қолтық» деп атайды.
Тұскиіз –тұскиіздің түкті кілемнен, тықыр кілемнен
айырмашылығы, тұскиізге жібек жіптермен кестеленіп алуан түрлі
өсімдік типтес ою-өрнектер түсіріледі. Тұскиіздің кестеленетін шеткі
тұсы матадан жасала -ды, ал ортасына төртбұрышты қылып, бір түсті
мата немесе аңның терісі салынады. Қымбат тұскиіздерге алтын,
күміс теңгелер, жолбарыстың терісі тігіледі. Ортасына
жолбарыстың терісі тігілген тұскиізді Әбілхан Қастеев атындағы
музейден көруге болады.
Басқұр - киіз үйдің сүйегін бір - бірімен ұстастыру және
сыртқы киіздерін бастырып тұру мақсатында бау-басқұрлар
қолданылады. Олар басқұр, құр, танғыш, түндік баулар, т.б.
Ақ басқұр-ақ фонда түрлі-түсті жіптерден өрнек жасап, терме
алаша әдісімен тоқылады. Бұл басқұр сәндігімен қатар киіз үйдің
керегесімен уығының біріккен жерін жасыру мақсатында қолданады.
Кесеқап - ақ киізден конус тәрізді қылып жасайды да,
сыртына әр түрлі өрнек түсіреді. Төбесі мен түбінің дөңгелектенген
тұсына шашақ тігеді. Кесеқапта дорбаға ұқсаған бау
болғандықтан, мұндай бұйымға жолға шыққанда ыдысаяқ салып жүру өте
ыңғайлы.
Текемет – бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз, үй жиһазы.
Оның күзем жүннен басылған талдырма бетіне ақтай немесе
қызылға, көкке, қараға не басқа түске боялған жүнді әр түрлі
өрнектеп тартады.

6
Текемет басылатын жүнді де алдымен киіз басылатын жүн
сияқты көпсітеді. Текеметті де киіз басқандай әдіспен басады.
Алғашқы жарты -лай басылған түрі «талдырма» деп аталады.
Бұл әлі толық басы - лып , қатаймаған кезі. Оны оюлы түр
салуға негіз ретінде кептіріп, құрғатып дайындайды. Текемет
мықты болуы үшін жартылай басылған екі киізді беттестіріп
білектейді. Ою-өрнек негізгі талдырмаға салынады. Текеметтің бірнеше
түрі болады. Олардың ішінде шашақты текеметті халық жоғары
бағалаған.[3.97]
Тақыр кілемге өрнек салынбайды, тек әр түсті жіптен кілем
өрне -гінің ретіне қарай кілем тоқыла береді. Тақыр кілемге
теріп тоқу әдісі арқылы геометриялық сынық сызықтар, кемпірқосаққа
ұқсап түр-түстері рет - ретімен орналастырылған жолақтар жасалады.
Бұл кілемді қабыр -ғаға іледі.
Аяққаптың жасалуы әр жерде әр түрлі болады. Аяққапта
бейнелен- ген ою-өрнек мәнері алаша, кілем, текемет өрнектеріне
ұқсас. Аяққап киізден төртбұрышты формада немесе екі жағы тік,
төменгі жағы доғал формада жасалады. Аяққаптың шеткі жақтарына
шашақтар тігіледі. Көшпелі қазақ халқының аяқ табағын
сақтау үшін пайдаланылған үй мүлкі.
Қазақтың жүннен жасалатын қолөнер бұйымдарына «Мүйіз», «Өркеш»,
«Ботагөз», «Қаңқа», «Қарта», «Жіліншік», т.б. ою-өрнектері салынады.

7

Қорытындылау
Көне дәуірден ақпарат беретін археологиялық қазба
жұмыстары кезінде табылған қолөнер бұйымдары қазір
мұражайларда сақталған.
Ертеде жазу, сызу болмағандықтан көшпенділер өздерінің
күнделікті
тұрмыс-тіршілігін тастар мен қолөнер бұйымдарына бейнелеп отырған.
Ежелден қалған қолөнер туындылары ата - бабаларымыздың
өткен өмірінен көп мағлұмат береді. Еліміздің археологиялық
қазба жұмыс-тары кезінде табылған көне қолөнер туындыларының
барлығында дерлік ою - өрнек бейнеленген. Әр кезеңнің дамуына
байланысты шеберлердің қолөнер бұйымдарын бейнелеуде стилъдік
ерекшеліктері өзгеріп отырған.
Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық
тәлім- тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар.
Оның ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы - еліміздің
мүддесі, халқымыздың талабы. Ұлттық ою-өрнектердің бүгінгі заманға
пайдасы зор.
Ендігі міндет ұлттық дүниетанымын ерекшелігін танытатын
осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем,
рухани қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ қолөнерінің
күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми тұрғыдан тереңірек
зерттей түсу қажет.
Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, теңдік, үйлесім,
жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық,
ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады,
ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды,
тәрбиелейді.
Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген құштарлық
жиын-тығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.

8

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан ұлттық энциклопедия 7 том (-233бет)
Алматы,2005.

2. М.Ш.Өмірбекова. Қазақ халқының дәстүрлі өнері (-41,-47бет).
Алматы,2003.

3. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы (-97бет).
Алматы.Рауан,1990.

4. « Бейнелеу өнері» 3,4-сыныпқа арналған оқулық.

Алматы «Атамұра» 2003
5. «Еңбекке баулу» 3,4-сыныпқа арналған оқулық.

9

№9 орта
мектептің 4 сынып
оқушысы Таспан
Айнаның «Қазақ-
тың ою - өрнектері» атты ғылыми
жобасына

Пікір

Таспан Айнаның «Қазақтың ою - өрнектері» атты ғылыми
жобасында ол алдына қойған мақсаттарын орындаған. Қазақ- тың
ежелден келе жатқан мәдени мұрасын, ою-өрнек туралы деректерді
жинақтап, өз ойы мен пікірін қоса білдіріп отырған.
Қазақтың ою - өрнектерінің зерттелуі жайында ізденуші тек
зерттелген деректерге сүйеніп қана қоймай, еліміз тәуелсіздік
алғанға дейін қазақтың ою-өрнектерінің дамуына кедергі туғыз- ған
Еуропа, орыс ғалымдарының қате пікірлеріне сыни көз -қараспен
қарай отырып келіспейтініне және қазақтың оюлары- ның басты
айырмашылығы –оюдың әрбір элементі дара тұрады деп өз тұжырымын
айтқан.
Ізденуші тек зерттелумен ғана шектелмей, ою-өрнек туралы өлеңге
назар аударған.
Ғылыми жоба мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәлі-меттерге
сүйене отырып, оның тәрбиелік мәнін бүгінгі қоғам талабына сай
айқын да анық аша білген.

Ғылыми жетекшісі: Адилова Мейрамгүл -
бастауыш сыныптар мұғалімі

Сағыз селосының №9 орта мектеп оқушысы Таспан Айнаның «Қазақтың
ою-өрнектері» тақырыбындағы ғылыми жобасына

Аннотация
Тәуелсіздікке қол жеткен соң соңғы жылдары халқымыздың ежелгі
мәдени мұраларға деген қызығушылығы арта түсті. Ұрпақтан -
ұрпаққа мұра болған қазақ ою - өрнектерінің көне дәуірде мәдени
деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдей-тін баға жетпес асыл
қазына екенін ғылымда дәлелдейтін фактілер көп.Сол себептен
жұмысымыздың құндылығы да осында.
Жұмыстың мақсаты: елім деп өткен ата-бабаларымыздың өнегесін
үлгі ете отырып бүгінгі ұрпақтың ұлттық мәдени санасын
қалыптастыру және тәуелсіз қазақстанға деген патриот- тық сезімін
дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Ежелгі қазақтардың қолөнерлерінде
қолданған ою-өрнектерді іріктеп, тәлімдік мүм- кіндіктерін айқындай
отырса,онда мектеп қабырғасында-ақ руха- ни құндылықтарды бағалай
білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-қазақтың ою-өрнектері туралы қоғамдық көзқарастарға талдау
жасалынды;
-қазақ ою - өрнектеріндегі тәрбиелік мәселелердің бүгінгі күн
тәрбие мақсаттарымен үндестігі айқындалды;
- ою - өрнектердің кейбір түрлерін мектепте оқытудың және
жүннен жасалатын бұйымдарға салынатын оюлар анықталды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі:
Қазақстанның ою - өрнектерін, ежелгі қолөнерлерін зерттеген
ғалымдарының зерттеулеріне талдау жасай отырып, түсініктерін
деректермен дәлелдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты
тұжырым жасау және зерттеу дағдысы шәкірт бойында қалып- таса
бастаған.

Ұқсас жұмыстар
Шебердің қолы ортақ
Шебердің қолы ортақ жайлы
Қазақтың ұлттық ою-өрнегін оқытуда paint графикалық редакторын қолдану
Графикалық редактордың мүмкіндіктері
Ою - өрнек түрлері
Іскер тобы, Шебер тобы
Фариза Оңғарсынова Оюлар өлеңі
Геометриялық оюлар
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы
Жапсырмалау өнері. Сабақтың мақсаты
Пәндер