Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Домбыраның құрылысымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлт аспабы домбырамен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы
қысқаша мәлімет беру. Домбыраның
құрылысымен
таныстыру .

Жаңа сөздер: шанағы, қақпақ, шегі үлкен тиек, кіші тиек, 2 құлағы , түйме.
Көрнекілік: Домбыра, домбыраның суреті.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүрісі:
-Балалар менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?
- Балалар домбыра деп жауап береді.
Дұрыс айтасыңдар. Осы домбыра аспабымен таныспас бұрын мен,сендерге
ел аузындағы аңыз әңгімені айтып берейін. Балалар сендер мұқият тыңдаңдар.
Ертеде қахарлы ханның жалғыз қызы бас хан баласына аттастырылып
қойғанына қарамастан кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді.
Мұны білген хан оны дереу дарға астырады. Жігіт құрбан болғаннан кейін
қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады.
Ашулы хан қос бүлдіршінді құртуды мыстан кемпірге тапсырады.
Мыстан кемпір екі нәрестені жапан дүзге апарып, жап-жасыл мәуелі ағашқа
қызды шығысқа , ұлды батысқа қаратып іліп кетеді.
Нәрестенің көз жасы тамған ағаш бұтақтары қызара бастайды.
Қос жүрек соғуын тоқтатқанда бәйтерек өсуін доғарады. анасы егізін іздеп
жолға шығады. Іздеумен айлар, жылдар өтеді. Шаршаған қыз шіруге айналған
биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен оны сиқырлы әуен оятады.
Құлақ түріп тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы биік ағаш екен «Бұл
қасиетті ағаш»,- деп ол күнде бәйтеректің түбіне түнеп,сырлы әуен естіп,
көңіл жұбатып тынығып жүреді. Бр қызығы,самал жел шығыстан соқса, ағаштан
зарлы,ал батыстан мұңды қоңыр үн естіледі. Қатты дауыл тұрса ағаш құлайды.
Ағаштың зарлы күйі жел екілене соққан сайын күшейе түседі.
Сорлы ана оның құпиясын білмек болып тексереді. Қарағаш жуан
түбінен жіңішке басына дейін қуыс екен. Ұшар басынан екі жағында бұтақтан
–бұтаққа ілініп қалған ішектер көзге ілінеді. Батыс жағындағы бостау,шығыс
жағындағы ілмек қатты тартылыпты. Ағаштан күйдің қалай шығатынын түсінеді
де, өзі қуыс ағаштан аспап жасап алып, манағы 2 шекті соған тартып,шертіп
көрсе керемет үн шығады. Зарлы бейбақ бостау тартылған ішекті үні мұңды
шығатындықтан
«Ұлым –Мұңлық», ащы зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті «қызым-
Зарлық», деп атап күндіз түні тастамай күй шығарып егізін іздеп кеткен
екен.
Міне балалар екі ішект домбыраның дүниеге келуіне байланысты
осындай аңыз сыр толғайды. Егер «аңыз түбі шындық» дегенге сыйынса мұндағы
домбыра қасиетті аспапқа айналған. Музыкалық аспаптардың әуені қоршаған
орталық ырғағы мен үнін неғұрлым толығырақ қамту үшін ата-бабаларымыз
музыкалық аспаптарды мынадай топтарға топтастырған:
І Ұрма, 2. Қияқты, 3. Үрмелі, 4.Сарнамалы, 5 шертпе аспаптар деп бес түрге
бөлген.
Домбыраны ағаштан жасайды. Біздің өз ауылымызда домбыра жасаған шебер Ізім
Бекмағанбетов деген атамыз болған. Балалар ол кісі домбыраны сүйекпен
әдемілеп, әшекейліп жасаған. Ол кісінің жасаған домбырасы көрмелерге
қойылған.
- Ал енді балалар мынау не еді?
- Домбыра.
- Енді біз осы домбыраны құрылысымен танысайық. Домбыраның төменгі
жағы шанағы дейді, бетін қақпақ,ал қақпақтың бетінде дыбыс шығатын тесігі
болады. Ұзына бойына пернемен бөліктерге бөліп қойған бұны мойны деп
атайды. Екі басындағы шекті ұстап тұрған құлағы мен шек қақпаққа тиіп
тұрмау үшін көтеріп тұратын тиектері боладжы.
-Балалар домбыраның бөліктерін кім айтып береді
Бабалар жауабын тыңдап болған соң домбыра туралы қорытындылап айту.
Балаларды келесі сабақта біздер шебер домбыра жасаушы І. Бекмағанбетов
мұражайға қойылған домбыраны жасайтын құралдарымен таныстырылды
Сабақты қорытындылап жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Индер ауданы ,Елтай селосы «Қызғалдақ» балабақшасы

Балабақша меңгерушісі Тасимова Д.А.

Ұқсас жұмыстар
Домбыра халық даналығы ересектер тобы
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары
Домбыра құрылысы
Музыкалық аспап, домбыра
Жас домбырашылар
Домбыра физикасы
Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
Оқушылар дарынын дамытудағы домбыраның ролі
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. 5 сынып
ҚҰРМАНҒАЗЫ ДИНА
Пәндер