Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қайырлы таң, балалар

Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар!

Төкті оған нұрын дала
Астана сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
Жүректе сақтап атын
Жүретін салтанатым.
Астана биігіміз.
Биіктер күнге жақын.

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанышты күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Балақай!

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!

Бір – тәңертең тұр,
Екі – шынығып бекі!
Үш – тазала тіс,
Төрт – сабындап жу бет.
Бес – сүлгімен сүртін тез.
Кәне, кәне шынығайық
Денемізді ширатып
Ауамен, күнмен сүмен біз
Шынығамыз қорықпаймыз
Айналдырып әдетке
Шынығамыз күнде біз.

Қол ұстасып алайық
Киіз үйді құрайық.
Қазша қанат жаяйық.
Аққуша мойнымызды созайық.
Құсша қанат қағайық
Алақанды соғайық
Орнымызды табайық.

Денсаулығың мықты болсын!
Өмір жасын ұзақ болсын.
Еліңің сәні бол!
Ата – анаңның әні бол!
Кел, балар ойын ойнайық,

Тобымызда балалардың түған күнін
Бәріміз бірге тойлайық
Кел, балалар,
Ән салайық, би билейік.
Тату – тәтті ойнайық!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір – бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.
Алақай – ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан.
Қол соғайық балақан!
1 – бала: Еліме тыныштық тілеймін!
2- бала: Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсы!
Көк туымыз биік болсын!
Аналар аман болсын!
Тыныштық болсын!

Армысыз, қайрымды Аспан ата!
Армысыз, мейрімді Жер – Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын – Күн!
Қуан, шаттан алақай!

Қайырлы таң, қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Ешқашан ешкім ауырмасын!

Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы күн, қайырлы таң
Ақ тілекті балалар.

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебі.

Жинақтаған: мектепалды даярлық
тобының І санатты тәрбиешісі

Тапалова С.Е.

Тасқала.

Түсініктеме

Тіл адамдардың бір – бірімен пікір алысу, қарым – қатынас жасау құралы
болып қана қоймай, қазіргі кезеңде кез келген адамның мәдени және рухани
өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі боп саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың
тілін дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың
қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ – баланың тіл
құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі. Сондай – ақ бұл кезде
баланың өзін қоршаған дүниені танып – білуге құмарлығы, қызығушылығы ерекше
дамиды. Ал танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап – білу,
өз ойын хабарлап, жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Мектепке дейінгі
кезеңде, балалардың зейінін дамытуға арналған ертеңгілік жиын және сергіту
жаттығулары тілін дамыту мақсатында қолданылады.

Ұқсас жұмыстар
Менің моншағым
Жабайы жануарлар
Қонақтарды күтеміз
«ғажайып математика»
Қайталау жайлы ақпарат
Ана тілім - бал тілім
Қыс ғажайыптары
Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу
Оюлар әлемінде
Жабайы аңдар туралы
Пәндер