Алгоритмдерді графикалық кескіндеу: блок-схемаларды құру және талдау

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

№36 орта мектеп

Тамабекова Саулет Махатқызы

Информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритмнің график түрінде кескінделуі

Сыныбы: 9«А»

2012 жыл

Күні:

Уақыты:

Өтетін орны:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің график түрінде кескінделуі

Мақсаты: Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін меңгерту.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін үйрету.
  2. Оқушының ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, еркін айтуға, талдау жасауға дағдыландыру.
  3. Терең ойлауға, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың құрал-жабдықтары:

Құралдар: интерактивті тақта, Activote құрылғысы, Activslate құрылғысы, магнит тақтасы

Көрнекіліктер: электронды оқулық, стикер, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: өзің үшін жазу, Т кестесі

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Өзіндік жұмыс

V. Сабақты қорыту.

VІ. Үй тапсырмасын беру.

VІІ. Бағалау.

Күтілетін нәтиже: Алгоритмді график түрінде кескінделуін біледі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин. /

а) оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгелдеу, екі топқа бөлу.

ә) олардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10 мин. /

Тест / Activote құрылғысының көмегімен/

  1. «Алгоритм» атауы кімнің есімінің латынша атауы?

А) Әл-Тарази; Б) Әл-Бируни ; В) Әл-Хорезми; * Г) Ибн-Сина.

  1. Алгоритмді . . . пайдаланады.

А) есеп шығаруға; * Б) мәтін теруге; В) программалауға; Г) график сызуға;

  1. Алгоритмнің қасиеттері

А) 6; Б) 5; * В) 4; Г) 3;

  1. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі

А) программа; Б) кесте; В) алгоритм; * Г) блок-схема

  1. Алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуы

А) айқын өрнектелу ; Б) үзіктілік; * В) нәтижелік; Г) ортақтық

  1. Әрекеттер тізбегінің орындалуы

А) программа; Б) кесте; В) процесс; * Г) блок-схема

  1. Табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде неліктен орындалмайды?

А) дәлдік сақталмайды; * Б) ақпарат өңделмейді;

В) формалды түрде атқарылады; Г) нәтиже бермейді

  1. Программалау тілі қандай тілге негізделіп жасалады?

А) орыс; Б) қазақ; В) неміс; Г) ағылшын*

  1. Программа тізбегі:

А) программа; Б) кесте; В) алгоритм; Г) команда*

  1. Кез келген алгоритмнің нәтижесі . . .

А) болмайды ; Б) болады; *

В) шартына қарай болады; Г) сипатына қарай болады

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. / 13 мин /

Қызығушылықты ояту. «Өзің үшін жазу» стратегиясы

«Блок-схема» деген сөзді қалай түсінеміз? /стикер парағына жазып, магниттік тақтаға жапсырылады/

Мағынаны ажырату.

Алгоритмнің өрнектелу жолдары

Табиғи тіл Графиктік тілде Программалау тілінде

Негізгі ұғымдар: /электронды оқулық/

Алгоритмнің жекелеген қадамдары әртүрлі геометриялық фигуралардың көмегімен өрнектелетіндей, осы фигураларды жалғастыратын байланыс сызықтардың көмегімен алгоритмнің графикалық кескінделуі блок-схема деп аталады.

Блок- схемада пайдаланылатын фигуралар оның блоктары , ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Алгоритм блоктарының арнайы белгілері

Іс-әрекеттің орындалуы
Блок пішімі
Атқаратын жұмысы
Іс-әрекеттің орындалуы: Процесс
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Математикалық өрнектерді есептеу
Іс-әрекеттің орындалуы: Таңдау
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Есеп шығару жолын таңдау
Іс-әрекеттің орындалуы: Модификация
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Цикл (қайталау) басы
Іс-әрекеттің орындалуы: Құжат
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Нәтижені шығару, қағазға басу
Іс-әрекеттің орындалуы: Енгізу
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Мәліметтерді енгізу
Іс-әрекеттің орындалуы: Бастау, аяқтау
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Басталуы, аяқталуы
Іс-әрекеттің орындалуы: Түсініктеме
Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы: Схеманы, формулаларды түсіндіру

1 қадам. «Сандық фокус»

Берілген алгоритмді орындау керек.

1) Кез келген сан ойлан

2) +1

3) *3

4) +1

5) басында ойлаған санға шыққан санды қос

2 қадам. Блок-схемасын құру

IV. Өзіндік жұмыс /10 мин. /

Ой толғаныс.

1 тапсырма. Блок-схеманы ретімен орналастыр /Activslate құрылғысының көмегімен/

y=3x+8, мұндағы x-тің мәні кез келген натурал сан.

2 тапсырма. Берілген блок-схеманы толтыр/Activslate құрылғысының көмегімен/

S=ab

«Өзің үшін жазу» стратегиясы.

Сабақтың басында қойылған сұрақ қойылады. «Блок-схема» деген сөзді қалай түсінеміз? /стикер парағына жазып, магниттік тақтаға жапсырылады/ Әр топтан оқушы шығып, бастапқы жазып берген жауап пен соңғы жауабын салыстырады.

V. Сабақты қорыту /5 мин/

1. Күн тәртібінің алгоритімінің блок-схемасын құру.

2. Т кестесі. (Алгоритмнің берілуі)


Ұқсас жұмыстар
Алгоритмді ұсыну түрлері және блок-схемалар: негізгі блоктар мен құру ережелері
Алгоритмдерді жазу тәсілдері: сөзбен, шартты таңбамен, блок-схема және программалау тілінде
8-сынып: Блок-схема құру және алгоритм трассировкасы бойынша сабақ жоспары
КОМПАС-3D LT V10 негізінде графикалық редакторда геометриялық денелерді 3D кескіндеу: сабақ жоспары
Алгоритмнің жазылу формалары және блок-сызбалар
Paint графикалық редакторы: суретті ашу, құру, сақтау және түрлендіру
Алгоритм түрлері және блок-сызба арқылы құру: 6-сыныпқа арналған тәжірибелік сабақ
Microsoft Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері және диаграммаларды құру әдістері
Мәтіндік редактордағы графикалық мүмкіндіктер мен гиперсілтемелерді құру
Word құжаттарында кестелерді құру мен редакциялау және Paint графикалық редакторында сурет салу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz