Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Кітап қайдан шығады?


Дүниетану

Сабақтын тақырыбы: Кітап қайдан шығады?

Сабақтың мақсаты:
1.Кітаптың шығу тарихы туралы түсінік беру.Білімнің көкжиегін
кеңейту.
Оқушының кітапқа құмарлығын нығайту.
2.Оқушылардың дүниетанымын жан-жақты өмірмен байланыстыра отырып

дамыту.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, кітапты құрметтеуге,сүюге кітаппен
әуестенуге ,оны
қадір тұтып, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Компьютер,суреттер,қима қағаздар, «Т» кестесі,тест
жинағы.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты хабарлау.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі,геометрия,география.

Әдіс-тәсілдер:психологиялық дайындық,сұрақ-жауап,түртіп алу,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлеу.
Оқушыларға психологиялық дайындық жасап,қызығушылығын ояту үшін:
- Балалар,тақтада әр түрлі геометриялық фигуралар берілген.Қазір
әркайсысыңның алдарыңдағы қағазда берілген фигураның біреуін таңдап
белгілеп қойыңдар

Әр фигураны белгілеген балаға мінездеме беріледі.Мысалы: Шаршыны
алған бала-еңбексүйгіш,табанды,төзімді балалар.
Тік төртбұрыш таңдаған бала-тәртіпті сүйеді,әркашан досына көмек
беруге дайын тұрады.
Үшбұрыш таңдаған балалар -олар лидерлар,яғни топты ұйымдастыра
білетін оқушылар.
- Бүгінгі сабақты жақсы тілекпен бастайық!
Әр қатардан оқушы тілек айтады.

2.Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге: «Білімінді пайдаға асыр» тақырыбы берілген. Оқушылар мазмұнын айтып
береді.Үй тапсырмасын бекіту мақсатында сұрақтар қрйылады.
- Мектептен қандай білім алып жатырсың?
- «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деген мақалдың мазмұны
қандай?
3.Жаңа сабақты,хабарлау (мақсаты)

- Балалар,бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Кітап қайдан
шығады?»
Сабақты басталмас бұрын ана тілі сабағында Абайдың қара
сөздерін өткенбіз,естеріне түсіріңдер! Сонда,бір көріністі саһналап
едік,соны қайталап жіберейікші.
Абай мен әжесі Зере екеуінің арасындағы әңгімені сахналау.

Жаңа сабақ.Незгі бөлім.
- Балалар,бұл көріністе біз нені байқадық?
- Абайдың бала кезінен кітапқа құмарлығын
- Білімді кітаптан табады.
- Олай болса бүгінгі сабақта кітаптың шығу тарихы туралы мағлұмат
берейін.
Ерте заманда Еуропа,Азия Құрлықтарының ұлы даласын мекендеген рулармен
тайпалар аңшылықпен мал өсірумен,егіншілікпен шұғылданып жүріп,өздерінің
тіршілігі жайлы қышқа,саз балшыққа ,тасқа таңбалар салып,әр түрлі белгілер
қалдырған.Бұл белгілерді өз ұрпақтарына қалдырған хат деуге де болады.Ғылым
тілінде оны «петроглиф»,яғни грек тілінен аударғанда «тас қашау» деген
сөзді білдіреді.
Бұндай жазулар кейінірек қазба жұмыстары кезінде Енисей Орхон
өзені бойынан қыш ыдыстардың шетіне,тас қабырғаларға,құлып тасқа ойылып
жазылған руна (құпия)
жазулар табылған. Ғалымдар 1895 жылы бұл жазулардың сырын ашып,түркі тілдес
халықтардың жазуы екенін анықтаған.Бұл руна (құпия) жазулар көне
ұйғыр,моңғол,араб және әлі күнге дейін белгісіз жазулар.
1.Орхон Енисей жазбалары.
2.Орхон Енисей алфавиті.
3.Ежелгі түркі жазбалары.
4.Қарнақ. Тас кітабы.
Таңба салу,жазу енді келе-келе папируска көшті.Б.з бұрын ежелгі Мысырда тас
жазудың орнына қамыс,яғни папирусты қолдана бастады.Папирус-шөптекті
өсімдік. Египетте Ніл өзенінің жағалауында қалқып тұрған суда өседі екен
және көптеген мақсаттарда қолданады.
Мысалы: жұмсақ сабақтарынан тәтті шырын,тамырларынан египеттіктер
аяқтарына жеңіл сандал аяқ киім жасаған. Бірақ көбінесе папирусты қағаз
жасауға жинайды.Оның ұзын өзегін тілімдеп алып,тілімдерді қатарласа
орналастырып,оның үстіне тағы бір қабат тілімдерді көлденең төсейді.Сөйтіп
үстінен ауыр салмақпен жаныштанғанда тілімдерден шығатын желім сияқты шырын
қабаттарды тұтсатырып қағаз түріне келтіреді.Сосын оны күнге
кептіреді.Бұдан сары түстес қалыңдау,ұзындығы 10 метрге дейінгі папирус
қағазы дайын болады.Оны оқтауша түрінде шиыршықтап ораған.Мысырда фараон
патшалар папирус өңдейтін,көптеп көшіретін кітап шеберханаларын ашқан.
1.Папирус
2.Папирус кітабы.
Б.з.б 2-ғасырдан бастап папирусты қолданбайтын болды.Өйткені ол мықты
боламады.Папирустың орнына енді тері жарғақ-пергаментті Грецияда гректер
бірінші болып пайдалана бастады.Пергаментті жасау үшін жас малдың:
қойдың,ешкінің,бұзаудың терісін әкке салып илегеннен кейін,жүнінен
тазартып,ағашқа керіп қойған.Одан кейін оны кептіріп,өңдегеннен кейін
ағарту үшін бор жаққан.Пергом патшаның шеберханасында жасалғандықтан оны
пергамент деп атап кеткен.Пергмаенттің ерекшелігі оның бетіне түскен жазуды
жуып кептіруге болатын еді,әрі ол өте көп уақытқа сақталған.Пергаменттен
жасалған кітап 1000 жыл бойы өз үстемдігін сақтады.яғни мыңдаған жылдар
бойы адамдар пергаментті пайдаланды.

1.Пергамент (қазбадан табылған)
2.Манускрипт
Алайда кітап жазу сыры мен оқу кұпиясы көп замандар бойы тек дін басшылары
ғана білген.
Сондықтан дүние жүзіндегі алғашқы кітаптар: еврей тіліндегі-Тадрат,қытай
тіліндегі-Конфуций,парсы тіліндегі-Авеста,араб тіліндегі-Құран жаратушыға
құлшылық ету,сыйыну дұғаоар сияқты діни мазмұнда болған.
868 жылы Қытай шебері Чай Луно бамбук ағашынан қағаз жасап шығарды.13
ғасырдан кағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа карай тарай бастады.
15-ғасырда шамамен 1394 жылы неміс өнертепқышы Иоганн Гутенберг Майнц
қаласында кітап басып шығаратын қалып,құрал ойлап тауып,өзі 42-беттік кітап
басып шығарды.

(Иоганн Гутенберг)
15-ғасырда Низамидің,Ахмет Яссауидің,Фердоусидің кітаптары шыға
бастады.Осы сияқты құнды кітаптар қазір дүниенің түпкір-түпкірінде
мұражайларда сақтаулы.Алайда көне көптеген кітаптар,кітапханалар мейрімсіз
жаулап алушылар шапқыншылығынан көптеген құнды кітаптар өртеліп,жойылып
кеткен.
Ал қазақ тілінде тұңғыш рет 18-19 ғасырда «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжүн»
сияқты туындылар, эпостар жарық корді.
Бертін келе кітап графикасында өзгерістер болды.Кітапқа түрлі-түсті
суреттер енгізіліп илюстрациялау-безендіру жасалды.
Илюстрациялау дегеніміз: Ол кітап мұқабасын безендіру,ішкі бетіне түрлі-
түсті суреттерді басу деген сөз.
Кітап графикасы Қазақстанда 1920 жылдары басталды. «Мектеп,Өнер,Жалын»
деген баспалар басылып шыға бастады
-Балалар,дүниетану хрестоматиясында кітаптың қазіргі заманда қалай
жасалатыны берілген.Соны оқып келуге тапсырма бердім.Ары қарай сендер
жалғастырыңдаршы.Тындайық
Оқушылар ағаштың салмен ағып келіп,оны ары қарай өңдеп,жаңқалап,әр-түрлі
машиналарға түсетіні әр-түрлі операциялар орындалатыны айтылады.
(Кітаптың фабиркада басылып жатқаны туралы суреттер)

1990 жылдан бастап Кітап графикасында үлкен өзгеріс болды.Компьютердің
арқасында басылымдар тез әрі безендіру ісінде мүмкіндіктер көбейді.

- Балалар,сендер кітаптің қалай пайда болғанын білдіңдер.Заманның
ағымына қарай кітаптардың да түрлері көбейіп жатыр.Мысалға айта
қойыңдаршы,қандай кітаптың түрлерін білеміз?
- Компьютер,интернет
- Электронды оқулық

IV.Оқушыларға мәтінді тізбектей оқытып шығу.
V.Сергіту сәті. (қағаз туралы қысқаша мағлұмат).
VI.Жаңа сабақты бекіту.

- Сонымен балалар біздің бүгінгі тақырыпта кітап неден жасалыпты?Соған
кесте құрап көрейікші.Оқушылар алдарындағы №2 тапсырманы орындайды.

№2-тапсырма:(сызу ,жазу қалай құрылған?)

|Қыш,саз балшық |

|Құлып тас |

|Папирус |

|Пергамент |

|Қағаз |

VII. Сабақты қорытындылау.
- Балалар алдарыңда (№3 тапсырма) тесті жатыр,соған мен қазір
сұрақтарды оқимын,сендер не ия не жоқ деген жауаптың тұсына белгі
қойып отырасыңдар. Сұрақтарды оқимын:
1.Оқушылар кітапты кітапханадан алады. + (ия)
2.Кітаптың түбі ыдырап,беттері бос жүр. Оны корректор түптейді- (жоқ)
3.Кітапты безендіру илюстрация деп аталады.+(иә)
4.Ең алғаш кітап пергаменттен жасалды-(жоқ)
5.Папирус-шөптекті өсімдік+(ия)
6.Қағазды алғаш Қытайда ойлап тапты+ (ия)
7.Компьютердің арқасында басылымдар тез басылатын болды+(ия)
Ал енді,тесттің дұрыс жауабын белгілейік. (Тақтаға дұрыс жауабы
түседі).Қосымша сұрақтар қойылады.
- 2 –сұрақтар кітапты кім емдейді? (түптеуші түптейді)
- Илюстрация дегеніміз не? (кітап ішіндегі суреттер,мұқабасы)
- Ендеше (№4 тапсырма) «Т» кестесін құрайық

Оқушылар Ескі,Жаңа әлемді салыстыру арқылы кестені толтырады.

«Т»-кестесі

| Ескі әлем| Жаңа әлем|
|Қыш |Баспахана |
|Папирус |Газет-журнал |
|Пергамент |Кітапхана |
|Қағаздан |Электронды оқулық |
|Кітап шеберханасы |Компьютер |
|Кітапхана |Интернет |

Оқушылар алдарындағы тапсырмаға жазады.Сабақ соңында кітап,білім туралы
мақал-мәтелдер айтылады.

Оқушылар (№5 тапсырма) өзін-өзі бағалау кағазын толтырады.
Оқушыларды бағалаймын.


Ұқсас жұмыстар
Кітапты құрметте
Бақылау шығарма
Диірменге келдің қай жақтан
Бәрекелді балалар
Шығыс септік. 332-336 жаттығу
Шығыс септікте тұрған сөзді тап
Елім менің сайысы.
Шаттық шеңбері
Ө.тұрманжанов "жыртық кітап жылады"
Білімді мыңды жығар туралы
Пәндер