Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларда диаграмма ұғымын қалыптастыру

КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДЕ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН КӘСІБИ МАМАНДЫҚТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА
ОҚЫТУ

Бүгінгі күннің талабы – заманға сай қоғам дамуының тұтқасын ұстайтын
белсенді маман дайындау. Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа
көзқарас және жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – мұғалімге оқу
үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудың пәнаралық байланысын
күшейте отырып оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге толық жағдай жасайды.
Қазіргі кәсіптік лицейлердің алдына қойып отырған талабы - жас
жеткіншек ұрпақтарды арнаулы пәндермен сапалы біліммен қаруландыру, жалпы
кәсіптік пәндерден алған, меңгерген білімдерін жаңа технологияларды
пайдалана отырып, өндірістік сабақтарда өз деңгейіндегі өзінің іскерлігін
шеберлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін оқытушы алдындағы
оқушының мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін танып, оқушының
қабылдауын, зейінін, ойлауын дұрыс қадағалау танымдық процестерді
қалыптастырушы негізгі тұлға болып табылады. Кәсіптік лицейдерде
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын мамандықтармен байланыстыра отырып
оқыту әр мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын талап етеді.
Көрнекті педагог Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалдық
өміріне тек сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болу шарт» деген. Оқушыларды
өздерінің алып жатқан мамандықтарымен байланыстыра өткізілсе олардың пәнге
деген қызығушығын арттырады. Алған білімдерді тереңдеп, оны күнделікті
өмірде қолдана білуге үйренеді.
Информатика сабағын кәсіптік пәндермен байланыстыра оқытудың тиімділігі
зор. Информатика сабағының құрылымында бір емес бірнеше технологияларды
пайдаланып өткізсе, оқушылардың сабақққа деген ынтасы арта түседі.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында информатика сабағын кәсіптік
пәндермен байланыстыра өткізіп келемін.
Электр газдәнекерлеуші тобында «ДК сыртқы құрылғылары» тақырыбында
өткізілген сабақта «ВЕНН» диаграммасымен жұмыстана отырып пернетақта мен
электрод құрылғылары арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді.
Пернетақта
Электрод

«ВЕНН» диаграммасымен жұмыс жасау оқушыларға жеңіл. Себебі компьютер
құрылғыларынан өз мамандықтары бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
шапшаң анықтайды.

Енді тігіншілер тобында «MS Word мәтіндік редакторында мәтінді
пішімдеу» тақырыбында өткізілген сабағымда деңгейлеп оқыту технологиясын
қолдана отырып тігінші мамандығымен байланыстыра құрылған деңгейлік
тапсырмалар беремін.

- І деңгейдегі тапсырма:
1. Мәтінде по центру, по правому краю, по ширине туралауын орындаңдар.

2. Мәтінде кезекпен келесі интервалдарда орындаңдар: полуторный,
одинарный, двойной, точно. Жоларалық интервалдардың айырмашылығына көңіл
бөліңдер!.
Блузканы, белдемшені, көйлекті түрлі фасонмен дәл пішу үшін киімнің
өлшемін, ұзындығын және олардың адамның дене құрылғысына лайықтылығын білу
қажет.

ІІ деңгейдегі тапсырма:
Формат – Шрифт сұхбат терезесін пайдаланып сөйлем мүшелерін шартты
белгісімен сыз. Сөйлемге Қаріп (Шрифт) - Times New Roman, мөлшері – 16 кг,
Туралау (Выравнивание) – ортаға, . Шрифт астарлы бетінде астын сызу
өрісінде қажетті сызық, әрбіреуін әр түрлі түс және анимация түрлерін
таңда.
Райгул лицейден тігін машинасының дұрыс паудалануын үйренді

- ІІІ деңгейдегі тапсырма:
Формат – Шрифт сұхбат терезесін пайдаланып төмендегі үлгідей мәтінді теріп
жазыңыздар.
1. Тақырыпты Қаріп (Шрифт) –Tahoma, Мөлшері (Размер) – 18 кг, Түсі (Цвет) –
қызыл түс. Ортада орналасқан, Анимация – фейерверк.
3. Әр сөйлемді азат жолдан бастап жаз.
2. Мәтінге Қаріп (Шрифт) - Times New Roman, мөлшері – 16 кг, түсі – көк
түс, Туралау (Выравнивание) – сол жаққа, жоларалық интервал – қалыпты
параметрлерін енгізіңіз. Таңбаларды белгілеудің Ж «жартылай қарайтылған» Ч
«асты сызылған» К «курсив» батырмаларын қолдан.

Әйелдер киімі
Қыздар киімі – белі қынамалы етек жеңіне желбезек салынған қос етекті
көйлек сыртынан камзол биік шатыршамен немесе күміс белдікпен буған.
Көйлек – бел тігісі бар етегі кең қос етекті камзол көйлек сыртынан
киетін бұйым кестеленген безендірілген белі белдікпен буылады.
Белдемше – көйлек сыртынан киетін бұйым.
Бас киім – тақия үкілі бас киім.
Бөрік – үлбіреген және безендірілген жылы бас киім.
Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі.
Бешпет – жеңді камзол.
Ішік - әйелдерге қой терісінен тігілген күпі.
Бас киім – кимешек иық, мойын арқаны жауып тұратын әйелдердің бас
киімі.
Жаулық – тұрмысқа шыққан әйелдердің бас киімі.

1 курс «Аспаз» тобында «Диаграмма тұрғызу, көлемін, типін өзгерту»
тақырыбын кәсіптік пәндермен байланыстыра өткізген сабақ жоспарын ұсынып
отырмын.

Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты:
Excel электрондық кестесінде графикалық объектілермен жұмыс
жасауға, диаграмма құра білуге үйрету. Оқушыларда «диаграмма» ұғымын
қалыптастыру. Диаграммада көрсетілген мәліметтерді ерекшелеп белгілеуге
және топтауға үйрету. Диаграммада берілген мәліметтерді салыстырып, анализ
жасай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға қолайлы жағдай туғыза
отырып, өзінің қызметіне анализ жасай білуге үйрету.
Болып жатқан құбылыстарды қарап, салыстыра отырып ойлау қабілетін
арттыру.
Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушыларды еңбекке, үнемділікке,
ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалай білуге
баулу.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, тест әдісі,

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Пәнаралық байланыс: өндірістік оқу, сызу.

Оқушылар білуі қажет: Диаграмма ұғымының мағынасын,
диаграмманың тор, аңыз, тақырып,

горизонталь, вертикаль осьтері
сияқты
бөліктерін және диаграмманың
типтерін
басқаларынан айыра білуі,
диаграмма
құрастыру кезінде қолданылатын
командаларды және кестеге
графикалық
объектілерді кірістіре білуі
қажет.
Оқушылар үйренуі қажет: Кестеде көрсетілген мәліметке сәйкес
диаграммының типін таңдап,

құрастыра білуі,
диаграмманы және
диаграмманың жеке
элементтерін,
және кестеге кірістірілген
басқа
графикалық объектілерді
форматтай білуі қажет.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.: Оқушылармен амандасып оларды түгендеу. Назарын
сабаққа аудару.

1. Сематикалық картамен жұмыстандыру.
| |Формула |Бағандар |
| |ұяшыққа | |
| |қалай | |
| |енгізіле| |
| |ді | |
|Тәтті бұрыш |133 |1064 |
|Сәбіз |74 |592 |
|ақжелкен |21 |168 |
|томат пюресі |20 |160 |
|құмшекер |10 |80 |
|уксус 9%тік |7 |56 |
|жас томат |47 |376 |

Тест тапсырмасы (оқушылар компьютерде автоматтандырылған тест
программасымен жұмыстанады)

Күтілетін нәтиже:

✓ Дербес компьютермен жұмыс істеу принциптерін меңгереді;
✓ Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа қалыптасады;
✓ Өзіндік ойлау, танымдық белсенділігі артады;
✓ Интерактивті тақтаны сауатты қолдана алады.
ІV. Бағалау

V. Үйге тапсырма

«Диаграмма тұрғызу, көлемін, типін өзгерту» тақырыбын оқып келу. Электронды
оқулықтан қосымша ақпарат алу.

Сүлейменова Гүлсезім Абайқызы БҚО,
Қаратөбе ауданы №21 кәсіптік лицейінің ІІ
санатты информатика пәні мұғалімі.

-----------------------
Компьютердіңнегізгі, әрі
міндеттіқұрылғысы.Ол
ЭЕМ менқолданушы
арасындағысұхбатты
іске асырады,яғни,
компьютер
жұмысын басқара-
ды. Пернетақта
мүмкіндігіне қарай
3 топқа бөлінеді.

Дәнекерлеудің негізгі ажырамас құрылғысы
болып табылады.
Олар пісіруге
қажетті
бұйымдарды бір
-біріне қосу үшін
қолданылады.

Сыртқы, әрі негізгі құрылғылар. Адам мен қолданушы
арасындағы байланысты іске асырады.

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды сабаққа
Бағалау парағына сабақ барысында
Математикалық сауаттылық
Топтарда өзара бағалау
Информатика пәнін оқытудағы практикалық жұмыстың маңызы
Excel бағдарламасында диаграмманы форматтауға болама
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі - моль
Дұрыс және бұрыс бөлшектер. 5 сынып
Пәндер