Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шеберхана кезеңдерін қолдану

Педагогикалық шеберхана сабағы

Жаңаша инновациялық оқытудың(авт Т. Б. Казачкова, О.Л. Смирнова Санкт-
Петербург. Ресей) «Авторлық педагогикалық шеберхана» технологиясы бойынша
топтық жарыс сабағы.

Шеберхана тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші
түрге айналу заңы.
Шеберхана мақсаты:
Энергия туралы түсініктерін тереңдету.
- «Күй» ұғымын қалыптастыру.
- Күй параметрлерімен таныстыру.
- Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.
- Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.
.Білімдік мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту,
оқу материялын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге
үйрету.
Дамыту мақсаты: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде
пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға
қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Эксперименттік.
Шеберхана түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Пән аралық байланыс:
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютер, серіппе,
қыстырғышы бар тұғыр, жүк.
Шеберхана барысы:
➢ Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын
топтарға бөлініп отыруы.
➢ Жаңа сабақпен таныстыру. Шеберхана кезеңдерін қолдану.
1. Индукция кезеңі(ой бағыт)
Индуктор – металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті
көрсетіледі.
Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?
Демонстрация:Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.
Серіппеге ілінген жүк қалай қозғалды?
Жүк неге тоқтады?

2. Өзіндік құрастыру (Самоконструкция)
Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ
оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.
І топ тапсырмасы
• Сіз, күйлі - қуаттысыз ба?
• Энергия – қандай ұғым?
• Механикалық күй дегеніміз не?
ІІ топ тапсырмасы
• Механикалық энергия дегеніміз не?
• Механикалық энергияның қандай түрлері бар?
ІІІтоп тапсырмасы
• Толық механикалық энергия деп нені айтамыз?
• Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?
3. Топты құрастыру(социоконструкция)
Жұптаса отырып шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне айтып беруі,
дайындығы.
4. Әлеуметтендіру (социология) кезеңі.
a) Оқушылардың алған тапсырмасы бойынша араласып отыруы.
b) әр топтан келген оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық
әңгіме құрастыру.
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның
күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі
бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз
етеміз.
Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2
мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны
2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен
жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық
энергия деп аталады.
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін
айтады.
Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)

➢ Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады.
➢ Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара
орналасуына байланысты энергия-потенциялық энергия деп аталады.
Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі
потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады.
Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі,
жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның
түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).
Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.
Етолық= Еk+ Ep=const

Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия
жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге
ауысады.
Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген
энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия
өзгеруі қажет.
➢ Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар?
➢ Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында кинетикалық энергия
туралы сөз болады: иілген серіппеде; соққан желде; сарқырамадан құлап
аққан суда; сығылған ауада;үй шатырының шетінде жатқан таста?
5. Жарнамалау (афиширование):

|Механикалық |Жұмыстың |Мех. |Энергияның |Жұмыстың |
|жұмыс |формуласы |Энергияның |формуласы |энергия |
| | |түрлері | |өзгерісімен |
| | | | |байланысы |
|Ауырлық күші | | | | |
|Серпімділік | | | | |
|күші | | | | |
|Үйкеліс күші | | | | |

6. Үзіліс (разрыв) кезеңі
Әр оқушы бір сәт ойға кетіп, бүгінгі алған білімін бұрынғы білімімен
салыстырады.
7. Ойтүйін(рефлекция) кезеңі
Бүгінгі сабақ және тақырып бойынша қорытынды жасау:
a) Нені бұған дейін білдім;
b) Нені бүгінгі сабақта білдім;
c) Нені әлі де білемін.

8.Үй тапсырмасы:§22,23 19, 20 жаттығу.
Сабақ аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

-----------------------
кинетикалық энергия
Еk=m*v2/2;

Потенциялық энергия
Ep=k*x2/2;

Потенциялық энергия
Ep=m*g*h;

Дененің күйі
-
энергия

Ұқсас жұмыстар
Байланыс құралдарының дамуы
Фитодизайн
Қайталау. Өзіндік жұмыс 2
Оқушылар тақырыпты қорытындылау
Сабақтың мақсаттары. Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Баланың бос уақыты
Сенің есіміңмен
Paint графикалық редакторының терезе элементтері
Көлік жөндеу шебері
АКШ ЖКШ
Пәндер