Тәрбие сағатының жоспары: Нағыз қазақ жігіті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекаыстан би ауылынын №24 орта мектебінің орыс тілі және әдебиети мұғалімі, сынып жетекшісі Сейткерей Гулшат Жасболатқызы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Нағыз қазақ жігіті»

Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалаыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Нағыз қазақ жігіті - 2012» тақырыбы, мақал- мәтелдер, байқауға қажетті құрал - жабдықтар, шарлар т. б.

Байқау барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1-жүргізуші: Ж. Назерке.

- Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!

Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде « Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

2-жүргізуші: А. Саят.

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

1-жүргізуші: Ж. Назерке.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсың ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! Дей отырып, ортаға « Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: А. Саят.

« Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыскерлердің ақыл- парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

4.

1-жүргізуші: Ж. Назерке.

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:

I. Бөлім « Тегімді менің сұрасаң . . . » өзің таныстыру.

II. Бөлім « Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

III. Бөлім « Көркіне ақылы сай» салт - дәстүрге байланысты сұрақ- жауап сайысы.

IV. « Ердің асылы күшінен білінеді» Қол - күрес, гір тасын көтеру.

V. Бөлім « Тығырыққа тірелгенде» Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау. Мысалы: Садақты тура атып тигізу.

2. Картоп аршу 3. Шалбар тігу. 4. Ілулі тұрған шарды жару. 5. Бантик тағу. 6. Автоматтын магазинің шашып жинау. 7. Пародия салу. 8. Әзіл айтып күлдіру.

2-жүргізуші: А Саят.

Ақыл- көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршанызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп, « Тегімді менің сұрасаң . . . » өзін таныстыру сайысың бастайық

1-жүргізуші: Ж. Назерке Ортаға 1- сайыскерімізді шақырамыз

2-жүргізуші: А. Саят Ортаға 2- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Ортаға 3- сайыскерімізді шақырамыз

2- жүргізуші: А. Саят Ортаға 4- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке Ортаға 5- сайыскерімізді шақырамыз

2-жүргізуші: А. Саят Ортаға 6- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке Ортаға 7- сайыскерімізді шақырамыз

2-жүргізуші: А. Саят Ортаға 8- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке. 1-Бөлім. «Тегімді менің сұрасаң . . . » атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.

2-жүргізуші: А. Саят . Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

« Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес»2- бөлімін бастаймыз.

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Ортаға 1- сайыскерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші: А. Саят Ортаға 2- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Ортаға 3- сайыскерімізді шақырамыз

2- жүргізуші: А. Саят Ортаға 4- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке Ортаға 5- сайыскерімізді шақырамыз

2-жүргізуші: А. Саят Ортаға 6- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке Ортаға 7- сайыскерімізді шақырамыз

2-жүргізуші: А. Саят Ортаға 8- сайыскерімізді шақырамыз

1-жүргізуші: Ж. Назерке . Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп.

( сайыскерлерімізге салт- дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады )

3-Бөлім «Көркіне ақылы сай» бөлімін бастаймыз.

2-жүргізуші: А. Саят. Бірінші -сайыскерге сұрақ:

Қазақша ай аттарының аталуын ата.

Жауабы: Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүек, Қазан, Қараша, Желтоқсан.

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Екінші сайыскерге сұрақ:

4- түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

Жауабы: I. Жылқы малы: Құлын, жабағы, тай, құнан неменген, бесті, тұлпар.

II. Сиыр малы: Бұзау, тана, құнажын мен өгіз, бұқа.

III. Қой малы: Қозы, тоқты, Ісек, тұсақ, саулық, қошқар.

2-жүргізуші: А. Саят. Үшінші сайыскерге сұрақ:

Қазақ халқының дәстүр-салт, той-томалақтарын атап шық,

Жауабы: Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Төртінші сайыскерге сұрақ:

Қазақ халкының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Жауабы: Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т. б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет,

Кенесары.

Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т. б.

Билер: Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Әйтеке би, т. б.

2-жүргізуші: А. Саят. Бесінші сайыскерге сұрақ:

5 асыл мен 5 дұшпанды ата.

Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Алтыншы сайыскерге сұрақ:

Ұлттық ойындардың түрлерін ата.

Жауабы: Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т. б.

2-жүргізуші: А. Саят. Жетінші сайыскерге сұрақ:

Жігіттің үш асыл мінезін ата.

Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.

1-жүргізуші: Ж. Назерке. Сегізінші сайыскерге сұрақ:

Аттың ер- тұрмандарына нелер жатады.

Жауабы: Жүген, ішкілік, желдік, тоқым, ер, құйысқан, өмілдірік, үзенкі Аткөрпе, тартпа, қамшы.

2-жүргізуші: А. Саят. «Көркіне ақылы сай» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт.

Атына ерік бер, жігіт


Ұқсас жұмыстар
Қазақ мифологиясындағы ұлттық таным: тәрбие сағатының жоспары
Тәрбие сағатының сабақ жоспары: Менің күн тәртібім
Достық және адамгершілік: тәрбие сағатының жоспары
Менің Отаным - Қазақстан: патриоттық тәрбие сағатының жоспары
Отбасы ынтымағы: тәрбие сағатының тақырыбы мен жоспары
Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы: тәрбие сағатының жоспары
Нан - дастарханның байлығы: тәрбие сағатының сабақ жоспары
Тәрбие сағатының құрылымы, жоспарлау және өткізу әдістері
1 желтоқсан - Президент күні: тәрбие сағатының тақырыбы мен жоспары
Денсаулық әліппесі: мектептегі тәрбие сағатының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz