Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білім беруді ақпараттандырудың интернет жүйесінде

Білім беруді ақпараттандырудың интернет жүйесінде
НТМL – гипермәтіндік бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері

Сейтбаева Назгүл Әділбекқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
Талдықорған қаласы
№17 орта мектеп

Еліміздің қазіргі білім беру жүйесінде ереше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Осыған орай орта мектептердің
білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікті
құру енгізіліп, оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі
күннен күнге артып, мазмұнын өзгерту мақсаты қойылып отыр. Осы мақсаттың
бірі интернет желісіне қосылып, байланыс жүйелерін қолдана отырып, әлемдік
деңгей бағыттында еркін жұмыс жасайтындай мүмкіндікке ие болу керек.
Осы заманда бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып – ғаламдасу
құбылысы жүріп жатқанда, интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе
дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып
жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет,
электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім
беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі – оқушылардың
интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет – бұл кітап, журнал, телеэфир хабарларын көрсете алуымен бірге,
қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы
бір түрі болып саналады.
Сондай-ақ осы бүкіл әлемдік интернет жүйесінде өте көп мөлшерде әр түрлі
бағдарламада және бағдарламалау тілдерінде жасалған файлдар енгізілген. Бұл
файлдардың көбі интернетте Web-беттер түріндегі гипермәтіндік құжаттар
болып табылады және олар басқа құжаттарға сілтеме арқылы байланыстырылған.
Гипермәтіндік құжаттар НТМL (HyperText Markup Language) базасының тілінде
құрылған. Осы орайда интернет жүйесінің сипатамасына тоқтала кететін
болсақ, WWW – Word Wide Web (Дүниежүзілік тор) – бұл дүниежүзілік
ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген құжаттар жинағы
ретіндегі технологиясын пайдаланады. Әрбір құжатта мәтіннен басқа, график,
дыбыс немесе видеобейнелер болады. Ақпарат берудің мұндай формасы
мультимедия деп аталады. Құжат Web-беттерден тұрады, олардың әрқайсысы
бірнеше тақырыптарды баяндайды. Компьютердің экранында Web-бетті қарай
отырып негізгі мәтіндерді, бейнелерді және де түрлі боялған мәтінді,
сызылған сөйлемдерді көруге болады. Мұндай объектілер гипертекстік нұсқау
деп аталады. Олар нұсқау мазмұнын ашатын басқа құжатпен байланысуға
арналған. Осындай нұсқауды басқару тетігімен шертіп, Web-беттің экранына
басқа құжаттардан, қарастырып жатқан мәліметтерге байланысты құжаттар
шығаруға болады. Мұндай тәсілмен пайдаланушы керек ақпаратты алады,
программаларды көшіріп алады. Бұл үшін интернет және Web-парақтарды көру
программасы - броузер (ағылшынша сөзі browser шолу, байқап қарау), мысалы
Internet Explorer немесе Netscape Communcator қажет. Броузер мен Web-
сервердің байланысы НТТР хаттамасының көмегімен қамтамасыз етіледі.
Сонымен Интернет жүйесімен жұмыс барысында дүниежүзілік байланыс торынан
алуан түрлі мәліметтер алып, өз мәліметтерімізді ендіру мүмкіндігіне ие
бола аламыз. Бұл әрине, ақпараттандыру бағытындағы үлкен жетістік.
Мектеп бағдарламасында біздің мақсатымыз оқушылардың білімдерін интернет
жүйесінде тек пайдаланушылық деңгейінде ғана қалтырмай, оларды осы
гипермәтіндік құжаттарды құру тіліне үйрете отырып интернет жүйесін басқара
алатын деңгейлік дәрежеге жеткізуіміз қажет.
Интернет желісіндегі әртүрлі жүйеде безендірілген түрлі-түсті Web-
беттердің қалай пайда болатынын түсіндіре келе, ерте ме кеш пе әрбір
оқушының интернетті пайдалануда өзінің жеке Web-бетін құруға ұмтылатынын
көреміз. Бұл ұмтылыс кез-келген оқушының ішкі жан дүниесінде өзіне тән,
өзіне жағымды ойларымен, арманымен безендіруші-суретші болып келетіне
қарай, гипермәтіндік тілде бағдарлама құру шығармашылығы мен білімінің
дамуына үлкен себеп. Осыған байланысты оқытушының міндеті балалардың
қызығушылығын арттыра отырып, қарапайым HTML бағдарламасы негізін үйретуде,
әрбір баланың шығармашылық туындамаларын көрсете алуына үлес қосу керек.
ХХ-ғасырдың 90-жылдарында компьютерлік технологияның, коммуникацияның
дамуы Internet жүйесінің кең таралуына әсерін тигізді. Сол жылдары
интернетте Web-беттерді құру үшін мәтіндік редакторларды және көптеген
программалық кодтарды қолдана алу, HTML программалау тілін оқып үйрену
міндетті және оны терең меңгеру қажет болатын. Бірақ HTML тілінде жұмыс
істеу көп уақыт алғандықтан, көбінесе онда құрылған Web-беттер өте
қарапайым болып келеді. Сондықтан қазіргі кезде бұл жұмыстарды жеңілдету
мақсатында DHTML Menu, HtmlReader, Microsoft FrontPage және Netscape
Commposer т.б. программалар жасалынды. Бұл программаларда Web-беттерді
программалай-ақ құруға, өңдеуге болады. Мұнда мәтінді форматтауға, бірнеше
тізімдер типтерін, гиперсілтемелер құруға, графикалық объектілерді,
фреймдерді, жүгіртпе жолдарды, түрлі анимацияларды да орнатуға болады. Олар
кәдімгі мәтіндік редакторда жұмыс істеген секілді дайындалады да, HTML
программалау тіліне автоматты түрде аударылады және HTML файлы түрінде
сақталады. Ол файлдар кәдімгі мәтіндік файлдар болғандықтан, кез-келген
компьютерге жөнелтіле беріледі.
Ал мектепте өз тәжірибемде оқушыларға HTML программалау тілінің
қарапайым негізінен бастауды жөн көрдім. Өйткені программалаудың
түпнұсқасын үйренген бала, кейін өзінің таңдауына қарай кез-келген жылдам
жасау бағдарламаларын өз бетінше үйрене алады деп ойлаймын.
Әр мұғалім заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-
өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруда жаңа технологияларды қолданады.
Осы орайда 11 сынып оқушыларына ақпараттық технология негізінде «HTML –
гипермәтіндік бағдарламалау тілі. Web-дизайн негіздері» атты авторлық
бағдарлама құрастырып, өз іс-тәжірибесе енгіздім.
Білім беруді ақпараттандырудың басты бағытының бірі – оқушылардың
интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Бұл бағдарлама бойынша жұмыс кезінде оқушылар НТМЛ бағдарламалау
тілімен Интернет жүйесінде жұмыс істеуді үйренеді; әрбір оқушы өзінің жеке
Веб-сайтын құруға ұмтылады және кез-келген жерде, кез-келген уақытта олар
өздерінің әр түрлі хабарларын енгізіп, көрсете алады.
Бағдарлама аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатты құрайды.

HTML құжатын құру үшін бізге ешқандай редакторлар керек емес, оны
Windows жүйесінің «Блокнот» бағдарламасында құра аламыз. Бұнда HTML құжаты
екенін білдіретін декларациядан бастаймыз, ары қарай құжаттың тақырыбы HEAD
командасы, құжаттың денесі BODY командасымен және құжаттың соңы белгісімен
аяқтап, Web-бетті жасаудағы қарапайым алғашқы қадамын бастаймыз.


<br> құжат тақырыбы<br>


құжат денесі


HTML тілінің басқа командаларын үйрету мақсатында ары қарай оқушылардың
өз беттерінше әр түрлі суреттер, бейнефильмдер, дыбыстар, түрлі-түсті
жазулар, фреймдер т.б. объектілерді гипермәтіндік тілде бағдарлама жасай
отырып, өздерінің ойымен Web-беттерді безендіруге мүмкіндік береміз.
Мысалы, жүгіртпе жолдың бағдарламасынан үзінді:


<br> құжат тақырыбы<br>


scrolldelay=5 direction=left behavior=scroll> Поздравляю с
праздником!


Осыған байланысты ақпараттық білімдерін дамытуда жоғары сынып
оқушыларымен «Фреймдер», «Формалар», «HTML – ішіндегі графиктер»,
«Сілтемелер», «Жүгіртпе жолдар», «Таблицалар құру» т.б. объектілерді
жасауда тәжірибелік жұмыстар, «HTML – гипермәтіндік програмалау тілі» атты
ашық сабақ, «Дизайнер-бағдарламашы» атты шығармашылық жұмыс сабақтарын
өткіздік.
Сонымен бірге HTML бағдарламалау тілін пайдалан отырып сайт жасауға
болады. Әр түрлі тест түрлерін, электрондық оқулықтар құруға болады.
Оқушыларға HTML бағдарламалау тілімен интернет жүйесінде жұмыс істеуді
үйрете отырып, олардың кез-келген жерде, кез-келген уақытта өздерінің әр
түрлі хабарларын көрсете білуіне, әлемдік білім мен ғылым жетістігінен
хабардар болып, оны игеруге шексіз мүмкіндік алатынын түсіндік. Сонымен
интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы
білімдерін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Қоладнылған әдебиеттер:

1. Симонович С.В., Мураховский В.И. Интернет у вас дома. «Инфорком-
Пресс». Москва 2003г.
2. Коротеева Е. Введение в HTML. М, Махаон, 1995г.
3. Азанов Н.П. Основы HTML. Методисческое пособие. 2001г.
4. Грейнан Джой. Интернет: энциклопедия. Москва, 2000г.
5. «Информатика негіздері», №3, 2004г.

№17 орта мектеп

Білім беруді ақпараттандырудың интернет жүйесінде
НТМL – гипермәтіндік бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері

Орындаған: Сейтбаева Н.Ә.

Талдықорған қаласы
Ұқсас жұмыстар
Модульдік технология
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
ЖАСТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
Ақпараттық технология
Физика пәні мұғалімінің әдістемелік анықтамалығы
Электрондық оқулықтың құрылымы
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Балабақшада ақпараттық –коммуникациялық технологиялық ортаны құру
Білім беруді ақпараттандыра отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту жолдары
Пәндер
since 2008 © stud.kz Stud.kz | 0.006