Стандарттық бағдарламалар

Серікова Назерке Рымбекқызы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
"Құрылыс колледжі" коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
физика, информатика, электротехника пәндері оқытушысы
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ
Тақырып: «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»
Сабақ түрі: Практикалық шеберліктерді дамыту сабағы
Сабақ типі: аралас
Көрнекіліктер: плакат «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары», буклеттер, ребус.
Құрал - жабдықтар: дербес компьютерлер, проекциялық аппарат, жекелеме тапсырмалар
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: WordPad, Paint, Қойын дәптер, Күнтізбе, Калькулятор, Сағат, Дыбыс жазу, Медиаплеер, Терминал жайлы түсінік бере отырып, олардың кеңейтілуі, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың І курс бойынша информатика пәнінде алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларымен жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту шығармашылық қабілетін, қызығушылығын арттыруға ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушылардың шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өзіндік ойын жеткізу білуге жағдай жасау.
Пән аралық байланыс: сызу, математика .
Сабақ жоспары:
Сабақ барысы
Топтағы оқушылар топтарға бөлініп, отырғызылған. Қай топ сабаққа жарыса қатысып, берілген тапсырмалар бойынша фигураларды көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Оқушыларға дербес компьютермен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жайлы нұсқау беру
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.
Оқушыларға жекелеме парақшалар таратылады. Ол парақшаларда өткен тақырыптарды қамтитын 5 - сұрақ, 3 - нұсқадан тұратын қайталау тапсырмалары беріледі. Оқушылар оларды орындай отырып, өткен тақырыптар бойынша білімдерін көрсетеді.
Информатика пәнінен қысқаша қайталау жұмысы
Оқушының аты - жөні:
Тобы: Нұсқасы: І
- Өз сөзіңмен жауап жаз:
- Ақпараттың сипаты, қасиеттері, алыну әдістеріне сипаттама бер.
- Берілген сөздерден ақпараттың өңделу түрін көрсету керек.
- қамал - қалам, қыран - нарық, кене - неке, қарта - тарақ, қасық - қысқа (Жауабы: әріптердің орнын ауыстыру) ;
- балық - бал, торғай - тор, қара - қар, жолбарыс - жол, басқыш - бас (Жауабы: берілген сөздің алғашқы үш әрпі алынады) .
- Қажетті сөздерді көп нүктенің орнына толтырып жаз.
ғылымында ақпаратты өлшеудiң өз өлшем бiрлiктерi бар. Ең кiшi өлшем бiрлiгi - . 1 - сұраққа бiр мағыналы, ешқандай түсiнiктеменi қажет етпейтiн жауап беру («ие» немесе «жоқ» деген жауаптар) арқылы алынатын ақпарат. Компьютерде ақпарат санау жүйесінде кодталады, ыңғайлы болу үшiн олар 0 және 1 деген екiлiк цифрлармен белгiленедi. өлшеудiң негiзгi бiрлiгi - байт, 1 байт - 8 бит.
- Кестені толтыр. ДК-дің буындары бойынша келесі кестені толтыр.
- Схеманы толтыр.
![]()
Бағасы
Информатика пәнінен қысқаша қайталау жұмысы
Оқушының аты - жөні:
Тобы: Нұсқасы: ІІ
- Өз сөзіңмен жауап жаз:
- Компьютер деген не? Құрылысы, қызметі бойынша түрлеріне тоқтал.
- Берілген сөздерден ақпараттың өңделу түрін көрсету керек.
- қырық - қырық, шаш - шаш, қазақ - қазақ, керек - керек, түс - сүт, таз - зат, заман - намаз, кесе - есек (Жауабы: сөз соңынан бастап, кері жазылады) ;
- шана - ана, басқыш - қыш, жұмыс - мыс, аңқылдақ - дақ (Жауабы: берілген сөздің соңғы үш әрпі алынады) .
- Қажетті сөздерді көп нүктенің орнына қой.
жадта деректер мен программалар ұяшықтарда түрiнде орналасады. ақпарат атауы бар белгiлi бiр үлестер түрiнде жазылады. Мұндай құрылым , ал үлестер деп аталады.
- Кестені толтыр.
- Схеманы толтыр.
![]()
Бағасы
Информатика пәнінен қысқаша қайталау жұмысы
Оқушының аты - жөні:
Тобы: Нұсқасы: ІІІ
- Өз сөзіңмен жауап жаз:
- Операциялы жүйе түрлері, қызметіне сипаттама бер.
- Берілген сөздердің өңделу түрін көрсетуі керек.
- қымыз - қыз, қарта - ата, қасық - қақ, намаз - наз (Жауабы: сөз ішінен тек үш әріп алыну) ;
- ажар - ар, семсер - ер, алмас - ас, сурет - ет (Жауабы: сөздің соңғы екі әріпі алынады) .
- Қажетті сөздерді көп нүктенің орнына қой.
Windows'XP - ден қалай шығу қажет екеніне тоқтала кетейік. Бұл өте қажетті нәрсе, егер жүйеден дұрыс шықпаса, онда жүйеде күтпеген жағдайлар болуы мүмкін, тіпті компьютерде сақталып тұрған программалардың . Сонымен тышқан бағыттауышын экранның сол жақ төменгі бұрышында орналасқан "Пуск" батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз, пайда болған бас мәзірден әмірін таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Сіздің алдыңызда шығады.
деген сұраққа тышқан бағыттауышын алып барып, сол жақ батырмасын басыңыз.
- Кестені толтыр.
Иiлгiш магниттiк
дискiлер
(флоппи дискiлер
немесе дискеттер)
Лазерлiк және оптикалық дискiлер
(CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW)
- Сызбаны толтыр.
Бағасы
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ тақырыбы: «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»
Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:
1) программа-көрсеткіш Проводник,
2) графикалық редактор Paint,
3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad
4) Калькулятор
5) Адрестік кітап
6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,
7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,
9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс) .
Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1) . «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.
1. Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС. ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға . tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
2. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad кұжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.
WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:
CTRL + N - кұру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P -басу
CTRL + Z - болдармау
CTRL + Y- қайталау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C - көшірме алу
CTRL + V - қою
CTRL + F - табу
CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)
CTRL + А - барлығын белгілеу
3. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (калыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет) . Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.
Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - алу, sqrt - квадрат түбір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- санның таңбасын өзгерту, = - есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С - жаңа есептеуді бастау
СЕ - терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС - жадыдағы санды өшіреді,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz