Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұқағали ағаның қорғасын бұлттай қөңілі астарынан көп сырды айтқызбай ұққан сыралғы
<<Менен сәлем дегейсің сұрағанға!>>
(Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдебисазды кеш)
Кеш Мақпал Жүнісованың орындауында <<Фаризаға>> атты әнімен басталады.
1-жүргізушы: Кеш жарық, құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мүрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бао халық шынымен бақытты халық.
Бабамның көзімісің?!
Данамның сөзімісің?!
Жаралған сезім үшін
Мазасыз жүрегімнің өзімісің?!
Домбырам,
Қоңыр қазым, аққуымсың!
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың!
Ән <<Дариға домбырамды берші маған>>.
2-жүргізуші. Бір оғын да далаға жібермейтін сұрмергендер сияқты ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ. Маздаған көңіл оты лапылдап, қызуы бетті қарып, тұла бойды қыздырады. Шебер тіл, шегенделген ой, құс қанатты қиял көзіне табындырып қояды. Мыңдаған таланттылар және талапшылар Мұқағалидың мұңды да сырлы, сан қырлы жырларын жаттап, әуен-ән іздеп шарқ ұрған, шабыт шақырғанына куәгер қауым көріп-біліп, естіп жүр. Оның оттай ыстық өлеңдері өз-өзінен әнге, толғауға, термеге сұранып тұр. Самалдай желпіп, маңдайдан сипайтын,жанға ләззат құятын, көкірек-көзіңді шайдай ашатын ән-әуез әрқашан да өмірсерік, жанға қуат, рухани азық.
1-жүргізуші.
Қарсы алмаса,
Құрысын, қарсы алмағын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған!
Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір.
Жатсын ұйып, жапанда дел-сал далам.
(<<Ән сал жаным>>)
Адамдар жүрегінен жансая іздеген, Мұқағали жырларына барлау жасап, балдай тәтті саз шәрбәтін сіңірген ұлы сазгер - Нұрғиса Тілендиев . Ендеше әнге кезек берейік.
Ән <<Сарыжайлау>>.
2-жүргізуші. Жан-жағына жандырып, күйдіріп, жалынға орап жыр төгетін саңлақ азаматтың көкірек шерін бар пейілмен ұққан Алтынбек Қоразбаев та (Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қырғызстанға еңбегі сіңген әртіс) қос ішегін қоңырлатып, үкілі домбырасын жиі қолына алатын болды. Алатау сілемдері арқылы көңіл жібі жалғасып жатқан қос таланттың ішкі дүниесі үндесіп, Хантәңірі шыңында тоқайласатындай сәт қандай, шіркін!
Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де алсамен таласасың.
Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хантәңірімен жанасасың? (<<Хаңтәңірі>>)
1-жүргізуші. Алай-түлей сезім буырқаныстары шарпысын, күрделі, соқталы бір әуеннің ұшпа бұлттары аспанда қалықтады <<Сәлемдеме>> әнінің аңызақ желі тұрып, ағаш басын қатты-қатты шайқай берді. Мұқағали ағаның қорғасын бұлттай қөңілі астарынан көп сырды айтқызбай ұққан сыралғы
Алтынбек аға қоңырлатып әкететін әдеттегі дауысымен терең күңіреніске салып тебіренді, теңселді.
Ән <<Сәлемдеме>>.
2-жүргізуші. Сағыныш, хал-ахуал сұрау, ағайындық ақжарма наз, достық ниет қан тамырда бүлкілдейді. Тағы да:
Дегейсің болашағы қамығып жүр,
Болмаса барлығы да табылып жүр.
Құлын-тайдай тең өскен құрбыларын,
Дегейсің сағынып жүр, сағынып жүр.
Қала мен даланың арасын көзге көрінбес қимастық жібімен жалғап тұратын сезім сергелдеңі аңғарылар аңқылдақтың, кешірімпаздың шумақтары ішті жылытады, жаныңды баурайды, бірге езілтеді, бірге күйзелтеді.
1-жүргізуші. Ақын жүрек елжіреп, езіліп, елегізиді, бәр-бәрін бауырына басып, құшқысы келеді. Сағыныш, өкініш, қимастың құймасындай сыңғырлаған сыр ғой бұл дегеніңіз.
Армандайды дегейсің, қиялдайды,
Қайда барса бір басы сия алмайды.
Сендер оны ұмытып кетсендер де,
Дегейсің сендерді ол қия алмайды.
Ән <<Сен бе едің?>> (Т.Мұхамеджановтікі).
2-жүргізуші. Қай жырына көз жүгіртсең де бей-жай оқи алмайсың, көңіл қобалжып, жүрек сыздайды. Үміт ұшқыны тек қос ішекппен дірілдеп,ауаны кезеді. Ақын көкірегінің күрсінісі көзге жас үйірілтті, домбыра шанғына мұңайыс дірілі қамалып, амалсыз сыртқа шықты.
Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме,
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне - деп Алтынбек ағаның өзегі өртенге, әрмен қарай айта алммай, булығып, даусының тарғылданғаны әлі есімізде.
Ән <<Емханада>>.
1-жүргізуші. Маңдайы кере қарыс кең тұлғалы тұлғалы тарланбоздың тағдыр торына қамалып, бейшара күй кешуі қандай қкініш десеңші, қазақтың алып ұлы бір-ақ уыс болып төсек тартып жатыр дегенге кім сенеді? Қазақтың қара өлеңін күзетіп, оның әрбір жолынан нәр алып, енді солардың сыңсыған тоғайға, ну орманға айналуына үлес қосып жүрген ең қайратты, ең қуатты кезінде пұшайман халге түсуі сазгер көңіліне қатты қозғау салды.
Ән <<Арман>> (А.Қоразбаев).
2-жүргізуші:
О дәурен, неткен ғажап сүйікті еді,
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған оңашада биіктегі
Жататын таңғы самал сүйіп мені,- деп, туған өлке көркін, табиғи көрмесіндейтаулы аймақты ауызынан тастамайды. Қозы қайырып, көбелек қуып өскен өз ауыл-аймағын алға тартады, тамаша өңірдің құлпырмалы бел-белесін айтады.
Ән. <<Туған жер>>. Алтынбек аға соны жырларды өз жүрегінен, талғам-таразысынан өткізе білген. Миуалы Меркі өңірінің перзенті Мұқағали аға туып өскен Аспантауларды өзінің Аспарасына балап, жан дүниесіне жақындатқан. Қос таланттың жан дірілдері жалғасып, небір ән-толғаулар дүниеге келді.
...Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!
2-жүргізуші. Қарасаздың шыбығын жел тербеген
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген,-деп қамсыз-мұңсыз тіршілігін қаузап, мамыражай өмір кешін жатқан ауылға жетелейді.
Ән <<Қарасаздың шыбығын жел тербеген>>.
1-жүргізуші.<<Сарыала қаз оралды сазға тағы,
Ақ тырналар аспанды боздатады.
Сұқсыр көкек тоғайдан сұңқылдаса,
Қай-қайдағы мұңымды қоздатады>>
Көз алдыңа қазақтың көркем өңірі елестейді. Ән қандай! Домбыра ішегімен жосылып сары ала қыз ұшып, аққу қонғандай жыр мен ән дүбірі залды сәнге бөлеп, барша көрерменге қанат біткендей сезім билейді.
Ән <<Сарыала қаз оралды>>.
2-жүргізуші. <<Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын, бірақ өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жызып кеткем. Ол сендерді де асырайды, туған жерім Қарасаздың да атын әлемге жаяды. Сол өлеңдерді шашау шығарма, соларды күт балаларға бас ие бол, мықты едің ғой, одан да мықты бол!>> Қалай дәл айтылғандай.
Білемін, керемет бір күн келеді!
Жайнайды, жасыл бағым, гүлденеді.
Көремін, керемет бір күн кешемін,
Болашағым, сенімен бірге өсемін.
1-жүргізуші. Мұқағали Мақатаев туған жер табиғатына тартып туған шашасына шаң жұқпас тарланбоз, көк жұлдызын бағдар ғып ұстап олармен қоныстас қонуға талпынған аспантаулардың ақиық қыраны.
2-жүргізуші. Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өз дауысымен оқыған өлеңдерін тыңдату. <<Қазақ даласының ең биігі - Нарынқол, ал қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали>> дейді керемет теңеумен Әкім ағамыз. Сол Хантәңіріне айналған перзент Мұқағали аға елі есенінде, жұрты тынышында халқымен қанаттасып, Қарасазымен санатталып мәңгі жасайды. Мәңгі есімізде!
Әдеби музыкалық бөлімді ұлттық киім киген оқушылар мерекелі түрде жабады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz