Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Баласының ана
Тақырыбы:М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» 8-сынып
Мақсаты: а) білімділік: Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушыларға
сезіммен өлең өрген жыр пырағы- М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы, әдебиет
саласындағы еңбектерінің бағасы туралы мағлұмат беру,поэманың тақырыбы мен
идеясы, композициясын Қ.Бітібаеваның технологиясы , дебат әдісі арқылы
білімдерін кеңейту;
ә)дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық бағалау қабілетін,
ойлау,есте сақтау, еркін сөйлеу, мәнерлеп оқу, ізденгіштік, шығармашылық
қабілеттерін арттыру;
б) тәрбиелік: Қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант-
Мұқағали бейнесіне, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімін
қалыптастырып,ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық
талғамдарын шыңдау, табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын
қалыптастыру, әдебиетін тануға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Мәнерлеп оқу, Қ.Бітібаева технологиясы, дебат әдісі, жоба
қорғату, сұрақ-жауап,ақпараттандыру технологиясы
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, ақын портреті, әдебиетшілердің Мұқағали
шығармашылығына берген бағалары, кестелер , «Аққу»күйі
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдеп, бейнелеу өнері,экология,музыка
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын сұрау
«Менің Мұқағалиым» 8 минут
Мұғалім өзі Мұқағалидың поэзиясынан үзінді оқып бастайды.( бәсең дауыста
қүй ойналып тұрады )
Поэзия,
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедеім.
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан...
Махабббаттан іздедім,алып ұщқан,
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан
Сені іздедім... (Үнсіздік)
Оқушы қол көтереді,мен басымды изеймін. (оқы деген белгі, сөзбен үндестікті
үзуге болмайды.
Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін оқиды. (Күй тоқтатылады.)
Балалар,Ф.Оңғарсынова апамыз: «Мұқағали-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп
суреткер.Қазақ жырының құдіреті»,-деп ақынға осылай деп баға берген
екен.Әр оқырманының Мұқағали ақынға деген сүйіспеншілік сезімдері де әр
қилы болмақ.
Үйге ақынның өздеріңе ұнаған өлең-жыр –естелігін оқып, «Сенің Мұқағалиың»
ерекше тұлға екенін дәлелдеу берілген болатын.
Мұғалім: Ендеше,Жансая,айта қойшы ,сенің жан дүниеңдегі Мұқағалиың
қандай?
Оқушы өзінің рухани жан дүниесін сыртқа шығарады.
Мұғалімнің сұрағы :
Мадияр,сенің Мұқағалиың не дейді?
Оқушының жауабы тыңдалады.
Мұғалімнің сұрағы:
Айханым,сенің Мұқағалиың бар ма?
Оқушы жауабы тыңдалады.
Мұғалім:
Өте жақсы балалар, сендер биыл туғанына 80 жыл толып отырған ақиық ақын-
Мұқағали аталарыңның ақындық құдіретіне бүгін тағы да көз жеткіздіңдер.
Б) Жаңа сабақ
1. Оқушыларды сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру. 2 минут
«Мұқағали рухына бас иейік»атты үнсіз фильм
Балалар, Мұқағали:
Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген,-депті.
Бүгінгі сабағымызда қазақ жырының құдіретіне айналған ақынның сондай жырын,
сұмдық сыры бар жырын-«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сөз етеміз.
Енді осы поэма жайлы Т.Молдағалиев ағаларыңның мына бір тамаша сөзіне назар
аударалық.
(Интерактивті тақтадан көрінеді)
«Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы» мен
«Аққулар ұйықтағанда»деген дүниесін атаймын. Бұлар-алтын ішіндегі
меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы 1973
жылы «Жалын»альманағында жарияланды. Бұл поэманы оқығанда менің жеке өз
басымның қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмайтын сияқтымын. Мұқағалимен
кездескенде поэмасын көп мақтадым. «Тұмаш,осы поэманы Ғабит ағаға апарып
оқыдым. Разы болып, мына алтын қаламды сыйлады»,-деді Мұқаң.Мен: «Өте дұрыс
еткенсің, Мұқа. Ғабең ұнатса, бүкіл халық ұнатты деген сөз»,-дедім
тебіреніп.
Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды. Бұл-Мұқағалидың өзінің аққу әні еді»
(Н.Тілендиевтің «Аққу»күйі қойылып тұрады.
Бұл - оқырманын бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін
оқыттыратын ,адам жанына мұң тарту ететін ерекше туынды.Сендер бұл
поэманың мазмұнын өз беттеріңмен оқып келіп отырсыңдар.Ендеше талдау
жұмысына кірісейік.
(Интерактивті тақтаға назарларын аударады.)
І. Берілген тапсырмаларға орай қысқаша ,нақты түсінік беру. 8 минут
І. ... Жетімкөл жетімсіреп қала берді... Ақынның суреттеуінде Жетімкөл
жетімсірегенге дейін қандай еді? (Экспозициясынан нақты дәйектемелер
келтіру )
ІІ.Бала-ана-аққу (Үшеуінің поэмадағы байланысы) (Оқушының өз дәлелі)
ІІІ. Қасиетке оқ атқан ана қасіреті ( Поэма соңында ана қасіретін ақын
қалай суреттейді? Поэмадан тауып оқу )
ІҮ . Поэмадағы жылқышы қарттың ырым туралы айтқан сөзінде қандай мән бар?
( Поэмадан тауып оқиды. Оқушы пікірі тыңдалады.)
ІІ. Кесте -графаға негізделген дәйектемені талдау.( Қ.Бітібаева
технологиясы бойынша)
8 минут
|Оқиға |Эпизодтар |Кейіпкерлер іс-әрекеті туралы |Негізгі ой |
| | |ақын көзқарасы | |
|Ана қайғысы |«Баласының ана |«Екеу болса,дүние-ай арман бар|Өлім аузында |
| |отыр күйін |ма!...» |жатқан жалғыз |
| |бағып» |«Үн шығармай іш құса зарлауда |баласына арашашы |
| | |ана» |бола алмаған |
| | |«...Айналайын аққудың |ананың қасіретінің|
| | |қанатынан, қайтеміз ол да |үміті |
| | |адамға бола туған» | |
|Жетімкөлге |«Балам өлсе |«Бас бағып жағада отыр жалғыз |Баласын өлімнен |
|аттанған ана |бақыттың керегі |ана» |арашаламақ болмақ|
| |не?!» |«Ана жүрек тыпыршып қабынуда» |болған ана күйі |
| | |«Қасиетке оқ атып жойған | |
| | |пақыр» | |
|Қарт жылқышы |«Қасиет көлден |«...Білмеймін сор аттың | |
| |кетті,сорлады |ба,бақ аттың ба?!» | |
| |ғой» |«Солай,солай... Аманат бір | |
| | |Құдайға...» | |
|Қасиет атқан |«Жаралы аққу |«Келеді ана қарабет |Ана қайғысы мен |
|ана |секілді жаттың |қарақшыдай» |өкініші |
| |ба,ана?...» |«Қалсын ана Жетімкөл | |
| | |жағасында, Өлі менен тірінің | |
| | |арасында» | |
М:Сонымен сендер поэманың сюжеттік коипозициясын толығымен меңгеріп
шықтыңдар деп ойлаймын. Ақын бұл шығармасында бір ғана емес, екі
проблеманы тілге тиек етіп отыр. Қалай ойлайсыңдар, Мұқағали ақынның
көтеріп отырғаны қандай проблемалар?
(Оқушы жауаптары тыңдалады) Ендеше келесі тапсырма –Дебат үлгісінде ақын
көтеріп отырған мәселер бойынша пікір қорғау.
ІІІ. Жоба қорғау 5 минут
(Екі оқушы «Аққу-киелі құс» тақырыбындағы шағын жобаларын қорғайды.)
Ү. Бекіту
Дебат ойыны 6 минут
1-топ «Табиғатты қорғаушылар»- жақтаушы топ
Поэманың өзектілігі- «Аққулар ұйықтағанда»-экологиялық тақырыптағы поэма
Дәлелдеуі (Топ тағы оқушылар өз ұстанымдарын қорғайды)
Дәйек сөздер 1.Көлдің сәні –аққулар. 2.Аққу киесі оңдырмайды.
2-топ «Азамат»-даттаушы топ
Поэманың өзектілігі- «Аққулар ұйықтағанда»-ананың баласына деген
махаббатын суреттейтін поэма

Дәйек сөздер 1.Бәрі де адам үшін жаратылған. 2.Ана –махаббатымен
құдіретті.
Бес жолды өлең (Екі топқа беріледі)
1.Зат есім- Аққу
Ана
2. Сын есім- сұлу,киелі, ақ мейірімді,
арашашы,бақытсыз
З. Етістік- жүзеді,таранады,ұшады қайғырады, атады,
өкінеді
4. Сөйлем- аққу Жетімкөлді мекен еткен. Ана аққуды атқанына өкінеді.
5. Зат есім- құс
адамзат
(Мұғалімнің қорытынды сөзі)
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі
Айшықты ой
Қарасаз,қара шалғын,өлеңде
өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас,алайда,өлеңді ешкім!
В) Үйге тапсырма
Шығармашылық топ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасап, Ф.Оңғарсынова
мен Ә.Кекілбаевтің пікірлеріне үндес өз пікірлерін қағаз бетіне түсіріп
келу .
Анаға хат жазу.
Г) Бағалау
-----------------------
Мұқағали Мақатаев –қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты
жанашыры болған суреткер. Ол – ең алдымен ақын. Қазақ жырының
құдіреті.
Ф. Оңғарсынова.
Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен
келісімнің жыршысы.
Ә. Кекілбаев.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz