Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Абайдың поэмалары. «ескендір» поэмасын талдау


Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Біләлова Әсем Өрісбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Абайдың поэмалары. «Ескендір» поэмасын талдау
Сабақтың мақсаты:
1. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту.
Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан
келіп шыққанын меңгерту.
2. Оқушыларды жаман мінез-құлықтардан, іс-әрекеттерден сақтандырып,
адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3. Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуге қол
жеткізу.
Көрнекілік:
«Абай елі» фото кітабынан шығыс ғұламалары суреттері: Физули, Низами,
Фирдоуси.
«Қалың елім, қазағым» кітабынан поэмалар мәтіні.
Биология дәрісханасынан алынған «Адамның бас сүйегінің» бейнесі.
Сабақтың өту әдісі: сын тұрғысына ойлап, талдау жасау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а)Оқушыларды тексеру
ә)Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығы
б)Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Сабақтың жоспары:
І. Қызығушылығын ояту. «Нені білеміз?»
ІІ. Мағынаны тану. «Нені білгіміз келеді?»
ІІІ. Ой қозғау «Нені білдік?»
Сыныпты 3 топқа бөлемін. І –топ, ІІ-топ,ІІІ-топ,
ІІ.Мағынаны тани білу
1. INSERT картасы

|Не білемін? |Білгім келеді? |Мен үшін жаңалық |Зерттеймін |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |

Мұғалімнің түсініктемесі
Сабақ эпиграфы
Қу жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсыз иман жоқ түпке жетер.-бұл Абай Құнанбаевтың қай шығармасынан
алынған үзінді?

Поэмаларға негіз болған оқиғалардың шығыс сюжетінен алынғаны, орта ғасыр
тарихымен байланыс.
Ескендір-Зұлқарнайын-Александр Македонский –белгілі қолбасшы.
Шығыс ақындары Фирдоуси,Низами, Науаилардың жырлауы (суреттері
көрсетіледі.)
Проблемаға шығу: Поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына шығамыз.
-Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Негізгі тақырыбы «Ескендір»
Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.

3. КУБИЗМ стратегиясы
Суретте. Шығармадағы аталған тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі
орны.
Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы
қолданылады)
Зертте. Абай ақын туралы не білесің?
Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы.
(Оқулықпен жұмыс)
Бұл туралы ойланғанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау, сурет) Ақынға хат
жазып көр.
Талда,қолдан,қарсы шық.------
1. INSERT картасы
5.Еркін жазу стратегиясы «Қанағат- қарын тойғызар»
6. Автор орындығы стратегиясы
7. Бекіту:
Сұрақ:
1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?
2. Осы поэмалардан қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма?
Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Үйге тапсырма: Соңғы 4 шумағын жаттау. «Масғұт», «Әзім әңгімелері»
поэмаларын оқу.Мүмкіндігің келсе сурет сал.
Бағалау: Оқушыларды өздеріне бағалату, қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы
Абай "ескендір" поэмасы. 9 - сынып
"ескендір" поэмасы
Шәкәрім-ірі тұлға
Шәкәрімнің поэмасын тап
Ескендір дастаны
Абай "ескендір" поэмасы. жоспар
Абай құнанбаев
Абай Ескендір поэмасы
Абай тұлғасының өзге тұлғалармен байланысын анықтай
Пәндер