Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалім тек қана бағдар беруші

| Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумагулова|
|Лаура Курмангалиевнаның оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс |
|жайлы рефлексивтік есебі. |
|Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі.|
|Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат |
|дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі. Осы |
|мақсатта қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін арттыру мен |
|жетілдіру арналған жаңа бағдарлама ұсынылды. Бағдарламада орта білім беру |
|жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту |
|әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген |
|тәсіл кең тараған (Hattie, 2009) туралы баяндалады. Оқыту туралы сындарлы |
|түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын |
|оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай |
|ұйымдастыруын талап етеді. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың|
|қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін |
|нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі |
|дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын |
|қамтиды (Нұсқаулық, 6 бет) |
|Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу|
|жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - |
|мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай |
|алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап|
|етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай |
|жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада |
|сезініп, қабылдайды (Нұсқаулық , 8 бет) |
|«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда |
|қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған|
|идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара|
|байланыста болады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке |
|жеті модуль түрінде берілген. (Нұсқаулық, 12 бет) |
|«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық |
|негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді |
|практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Осы орайда|
|7 модульге қатысты туындаған пікірлерімді білдіргім келеді. |
|Практика барысында 10 «ә» класында алгебра сабағын осы жеті модуль бойынша |
|жоспарлап, дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттім. Осы мақсатты алға |
|қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген |
|қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. |
|Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін|
|дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзім жетті. Олай |
|дейтінім, бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен|
|жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім |
|алуға жетелейді. |
|Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзім үшін жазған болатынмын , ал енді|
|оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін, «қалай оқу керектігін үйренуін», |
|сыни тұрғыда ойлауын ескере отырып, оларға бейімдеп жазатын болдым. Әдеттегідей|
|мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардым: |
|*мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі, |
|*сабақтың негізгі идеясын анықтау, |
|*оқушыдан күтілетін нәтиже, |
|*сабақтың маңыздылығы. |
|*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? |
|*-өмірден алған тәжірибесінің әсері? |
|*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? |
|*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін? |
|*Өздері өздерін бағалай ала ма? |
|Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп |
|еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды. Жоспар құрған кезде ең |
|түйінді мәселені табуда қиналдым. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді |
|терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген |
|жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету (Бағдарлама 6 бет). Сол |
|мақсатты басшылыққа ала отырып, өз сабақтарымды оқушының идеясын мен |
|білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруға тырыстым.|
|Сыныпқа келгеннен кейін оқушыларды топқа бөлдім. Алдымен оқушылармен байланыс |
|жасаудың жолын табу керек, олармен бірге барлық класс бағынатындай тәртіптің |
|бірыңғай ережесін әзірлеу қажет екенін ұғындым. Ол үшін ынтымақтастық |
|атмосферасын қалыптастыру керек деп ойладым. Педагогтың тұлғасы көп жағдайда |
|шешуші рөл атқаратынын басшылыққа ала отырып, өз класымда «Не ортақ?» , «Мен |
|сізді таныстырғым ... келеді?» «Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» |
|атты кіріспе ойындар арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғанымда |
|оқушылар бір-біріне деген қатынасы артып, сабаққа ынталанып, класта болатын |
|жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға кірісті, топқа бөлінуге құлшынысы артты. |
|Сабақтарымда бұрын жиі қолданбаған топқа бөлудің әртүрлі әдістерін қолдандым, |
|бұл жаңалық оқушыларыма өте ұнады. |
|Жақсы қарым - қатынастардың кілті өзара түсіністік пен бірлескен жұмыста |
|жататындығын ұғынып, «Бәріміз үшін біріміз, біріміз үшін бәріміз» деген ұранды |
|басшылыққа алды. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде Кембридж ұсынып отырған жеті модульдік|
|бағдарламаның барлық бағыттарын қолдану тиімді екенін білдім. Бірінші сабақтан |
|кейін-ақ мен бұл бағдарламаның жақсы нәтижеге қол жеткізуге себепші болатынына |
|көз жеткіздім. Өткізілген әрбір сабақта ынтымақтастық атмосферасы жоғары болды. |
|Оқушыларды түрлі әдіс-тәсілдермен топтарға бөліп, тиімді де қызықты тапсырмалар|
|орындату арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта түстім. Дәстүрлі сабақ |
|тек мұғалімнің монологымен, мұғалімнің рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің |
|бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогымен, өзін-өзі |
|немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғасты. Үлгерімі орта, |
|өзіне, біліміне сенімділігі таяз, ұялшақ оқушылар топта басқа оқушылармен |
|диалогқа түсе отырып өзгере бастады. Әрбір оқушының жеке қабілетінің ашыла |
|түскенін байқалып, қызықты тақырыптарды бірге талқылап, өз ойларын еркін айта |
|бастағанда сенімділік жоғарылап, соның арқасында класта күлкі жиі естілетін |
|болды. Сол секілді мен сыни тұрғыдан ойлануға, талантты және дарынды оқушыларды,|
|көшбасшыны анықтауға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылармен диалогқа түсе |
|отырып олардың қандай екенін, бүгінгі күнде қандай көңіл күйде сабақта отырғанын|
|байқайтын болдым. Бұл мен үшін үлкен жаңалық, себебі осы курсқа келгенге дейін |
|тек өзімнің сабағымды түсіндіріп, есеп шығаруды үйретсем сол жеткілікті деп |
|ойлайтынмын. Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «құрдастар |
|тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады» (Мерсер, 2005) деген |
|пікір ойдың шарықтау шегі екенін білдірді. |
|«Білім беру арқылы адам факторына капитал құю үздіксіз экономикалық дамуға |
|апаратын жол болып табылады» (Бағдарлама, 4 бет) деген сөзді ескере отырып, |
|тақырыптардың мазмұны мен мақсатын кең көлемде ашуға оқушыларға сыни тұрғыдан |
|ойлауға сұрақтар қойып отырдым. Түрлі жағдаяттармен, тарихи деректермен, |
|қағидалармен, жаңалықтармен байланыстыруға бағытталған сұрақтар болды. Оқушылар |
|түрлі жауаптар берді, мысалы, «Тригонометриялық функцияның графиктерін сызуға,|
|мәндерін есептеуге көмекші құрал бар ма, болса не есептеуге көмектеседі?» деген|
|сұрақтарға кең көлемде өз жауаптарын жан-жақты талқылады. Егер оқушы «дұрыс емес|
|жауап» берсе, оның жауабының дәлелі бар ма, бар болса қандай екенін сұрап, дұрыс|
|жауапқа қандай да бір мысалдарға байланыстыра жақындатуға тырысамын. Балалардың |
|өз жауаптары арқылы алған білімдері алдымен ұзақ мерзімде есте сақталады, |
|екіншіден болашақта өз жауабын дамытуда үлес қосады оны қорғауға мүмкіндік алды.|
|Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен|
|меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады (Нұсқаулық, 7 бет). Аталған |
|пікірді басшылыққа алған жағдайда, әрбір оқушы түрлі қарым-қатынастық жүйелерге |
|енді. Осы жүйенің арқасында сабақтың мақсаты тригонометриялық фигуралардың |
|графиктерін сызу және есеп барысында қолдана білу керек екенін ұғынды. Әсіресе |
|2- топ мүшелері: «Графиктерді есеп шығаруда және ҰБТ есептерінде тиімді қолдану |
|міндеті алдымызда тұр»- деп нақты жауаппен таңғалдырып тастады. Оқушылар |
|өздерінің құрдастарымен ынтымақтастыққа жұмыс істеу барысында өз білімін |
|басқалардың білімімен салыстыруға, рационалды ойлау тәсілдерінің қалыптасуына |
|және сонымен қатар дүниетанымын кеңейтуде әрі қарай сабақтың мақсатын ашуда |
|топтық таныстырылым жасады. 1-топ синустар функциясының графигін медицинамен |
|байланыстырып, жүректің жұмысын тексеретін кардиограмма арқылы бейнелесе, 2-топ |
|косинустар функциясының графигін табиғатпен байланыстырып, биік тау басына |
|шығып, білім нәрін ұғынып, күннің жарқыраған көзіне ұмтылатындығын баяндаса, |
|3-топ тангенстер функциясының графигін Блум таксономиясына байланыстырып, ең |
|алғаш қарапайым тангенс ұғымын білу мен түсінуден бастап, оның формулада қалай |
|қолданатынын көрсету арқылы талдау жасап, барлық формулаларды жинақтап, графикті|
|кескіндеп, есеп шығаруда маңыздылығын бағалай отырып, сабақтың міндеттерін ашып|
|көрсете білді. Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар мақсаты мен|
|міндетін өздері әзірлеген материалды тез әрі жақсы игерді. Олар ойларын оңай |
|жинақтады, терең ойлады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы |
|тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізді. (үлестірме материалдары, 73 бет). |
|Қызығушылықтарын ояту мәселесін ойластырып отырдым: сурет пен ұлы адамдардың |
|сөздерін пайдаланып, сабақты қортындылағанда, 3 топты архижинақтаушы, |
|ізденушілер, теорияшылар деп бөліп, ғаламтордан мағлұмат жинап, таныстырылым |
|арқылы сабақ ену белсенділігін арттырдым. Осы кезеңде АКТ-ны пайдалануды жөн |
|көрдім. Оның тиімділігі: әрі көлемді, әрі қызықты болып көрінді. Тапсырмалардың |
|бәрін айтпай-ақ, тақтаға жазып қойса, уақыт үнемдеуге көмектеседі және мұғалімге|
|аз сөйлеуге мүмкіндік береді. Мағынаны тану барысында мәтінмен жұмыс жасағанда |
|сын тұрғысынан ойлау модулін пайдаланған өте тиімді. Сыни тұрғыдан ойлауды |
|дамытуға арналған жұптық әңгіме бойынша сабақты тригонометриялық теңдеулерді |
|шешу тақырыбында өткіздім. |
|Ол үшін «Қос жазба күнделігі» стратегиясын пайдаландым. Тақырыпты оқығаннан |
|кейін оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Тақырыпты оқу|
|барысында оқу олар сызықтың бір жағына теңдеуді шешуге қажетті формулаларды |
|жазса, екінші жағына мәндер кестесіне байланысты тағы да қорытып шығаруда |
|пайда болған формулалар жиынтығын жазды. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған |
|соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылды.Сонан соң Блум таксономиясы бойынша |
|жұптарға оқулықтағы есептерге талдау жүргізілді. Оқушылар сабақта «қалай оқу |
|керектігін үйренуді» меңгерді және дағдыланды. Яғни метатаным пайда болады. |
|Өздері ой қорытты, нәтижеге жетуге ұмтылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы |
|арасында, жұптық жұмысты пайдалану арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі |
|таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын Блум |
|таксономиясы негізінде құрылған сұрақтарға толық жауап берді. Жаңа сабақты өз |
|беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті». |
|Мұндай жұмыс түрі жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы. Оқушылар жұппен |
|бөлінді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі – пилот рөлін алды. «Штурман» |
|«пилотқа» не жасайтындығын және неліктен жасау керектігін айтады. Мысалы, |
|«Оқулықтағы №86 есепті теориялық бөлімдегі (3) формуланы пайдаланып шығар». |
|Пилот команданы орындайды және қажет болған жағдайда оны штурман түзетеді. |
|Штурман «формуланың пайдалану жолын» айтпауы тиіс. Штурман қылып дарынды |
|оқушыларды белгілеген дұрыс, алайда, рөлдерді алмастыру да пайдалы. |
|Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан |
|штурмандар пилоттарға қарағанда көбірек үйренеді. Бірлесе отырып, жұптық |
|жұмыстың нәтижесін көріп, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушы дами бастады. |
|Сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмысқа да көңіл бөлетін болдым. |
|Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек |
|тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі. |
|Сабақ соңында бұрын барлығын қорытындылап оқушылардың білімін тек өзім бағалап |
|жүрдім. Ал енді бағалаудың сабақ үстінде формативті мен суммативті бағалау |
|түрлерін қолданатын болдым. Бағалауға оқушыларды да қатыстыратын болдым. Топтық |
|жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан|
|кейін топтағы басқа мүшелерге баға берді. Баға қойған уақытта олардың топтағы |
|жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын ескерді. |
|Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір біріне кемшіліктерін айтып, әділ баға |
|қойды. Ол бағаға мұғалімнің бағасы қосылды да ортақ бір шешімге келді. Сабақ |
|барысында мұғалімнің қойған бағасынан гөрі оқушының өз жұмысына сыни тұрғыда |
|қарап, өзін-өзі бағалауы немесе кластастарының берген бағасының балаға оң ықпалы|
|болатындығын, өзіндік, өзара және мұғалім бағасы сабақ қорытындысында |
|салыстырылып, сараланып отырылса, бағаның объективтілігі артатындығын, бағаның |
|әділдігіне оқушының өзінің, тіпті ата-анасының да көзі жететіндігін байқай |
|бастадым. Мұғалім мен оқушының арасында жедел кері байланыстың болмауы |
|оқушылардың оқуға деген ынтасына кері әсер ететінін пайымдадым. |
|Тәжірибеме өзгеріс енгізу арқылы менің де оқушымен қарым-қатынас жасауым |
|жеңілдеді. Бұрын оқушыларым маған өз ойын ашық айтуға ұялатын болса, енді мен |
|оларға серіктес ретінде сеніммен қарауды үйрендім. |
|Жалпы менің түйгенім, бұлай оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды |
|білімменен сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан |
|туындайтын жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын «... не|
|болар еді?», «қалай өзгертуге болады?», «егер де ... сен не істер едің?» деген |
|сияқты сұрақтарға оқушылар өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз |
|біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. |
|Бұрынғы сабақтарымда мен сөйлете алмаған белсенділігі төмен «үнсіз оқушының» |
|өзі басқа балалардың ықпалымен жұрт алдына шығып, өз ойын айта білуге үйренді. |
|Бұрын сабақты өте жақсы оқитын бала ғана дарынды болып есептелсе, енді |
|кез-келген баланың бойынан ерекше қабілетті көре білуге, соны әрі қарай дамытуды|
|үйрендім. Оқушыларымның ішінен суретші, болашақ жазушы, АКТ-ны жетік білетін |
|баланы анықтап, ол оқушыларға дарындылық қабілетін әрі қарай шыңдайтындай |
|тапсырмалар беріп, әр сабақ сайын балалардың ерекшеліктерін ескере отырдым. |
|Класқа «Менің ішкі үнім» корзинасын жасап, жарға ілдім. Балалар ішкі |
|толғаныстарын, сабақтан алған әсерлерін қымсынбай жеткізуді әдетке айналдырды. |
|Әрбір сабақ сайын оқушы үнін біліп, олардың ұсыныстарына құлақ асуды мен де |
|үйрендім. |
|Оқушылармен талқылау кезінде олардың мұғалімдер тапсырған жұмыс туралы пікірін |
|жиі талқылауға тырысатынын байқадым. Олар жалпы «Бұндай бағалаумен келіспеймін» |
|дейді, себебі өлшемдердің қандай екенін біледі. Олар теріс пікірге қарсы шыға |
|алады және меніңше олар өздері тапсырған жұмыстың құндылығы туралы ашық диалог |
|жүргізу қабілетіне ие болды. |
|Мен осы курста оқығаныма қуаныштымын. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ |
|жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік. Өзімнің бойымда өзгерістер пайда |
|болды: сабақта көп сөйлейтінмін, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгере |
|алатын жағдай туғызуға тырысамын. Мұғалім тек қана бағдар беруші. Ұлы ғалым |
|Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана |
|оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. |
|Оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір |
|болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын |
|нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырғанымда, оқу үдерісіндегі|
|қажеттіліктерінен басқа, оқушыларымды жаңа қырынан байқай бастадым. Табысты |
|оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз|
|сезінуіне жағдай жасағанымды байқай отырып, олардың пәніме (математикаға) деген|
|қызығушылығын арттырамын. |

Ұқсас жұмыстар
Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында
Ұстаз болу - бақыт, әрі абырой..
Тәжірибені үйлестірудегі әдістер
Алға қаласындағы Жастық жігер мектептен тыс аула клубы
Қандай қасиетті сөз
Оқушылар бағалану үшін талпынбайтын
Үшінші деңгей
Қанайналым мүшелері
Нәтижелі өзгеріс
Балаларға берілген жүрек
Пәндер