Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Электр тогымен закымданғанда көмек көрсету

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының
ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі
алып
жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма
1. НЕГІГІ КАҒИДАЛАР
ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес,
барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында
кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер
ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек
көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын
жатгығулармен танысулары қажет, ҚауіпсІздік техникасы бойынша нұскау
берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес
үлгідегі журналға тіркеу керек.
ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек
қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік техникасының ережелері,
компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда
көрсетілетін алғашқы дөрігерлік көмек төсілдері, жалпы шаршағанда және көз
талғанда колданылатын жаттығулар жатады.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:
1.Жалпы
2. ДК-де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге
тыйым салынады.
5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз
аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының
бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс
жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл
бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-
70cм)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету
әдістерін,
өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен
тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және
оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсете білу
керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда
құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен
ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін
материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұүсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен закымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);
2. Закымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол
астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды карап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты
көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқьшы жедел жәрдем
немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин,
валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (винилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап,
суық судың астына ұстау;
4. Дерігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жөрдем
немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем
немесе жакын
жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы калпын тексеру керек, егер ары
кетіп қалған болса, қолмен
орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем
немесе жақын
жердегі емдеу мекемесінен).
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру
(ауыздан-ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздеріңді талдырмаңдар.
- Алысқа қадалып қарандар.
3-жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қарандар.
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
7-жаттығу
- Көздерінді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс
дәптеріндегі
4-5 беттердегі тапсырмаларды орындау.

Ұқсас жұмыстар
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Техникалық қауіпсіздік ережелері
Күйген кезде көмек көрсету
Көзге арналған жаттығулар. Оқушыларды бағалау
Көзге арналған жаттығулар
Қауіпсіздік техникасы
Қауіпсіздік техникасы. информатика пәнінің міндеттері, анықтамасы
Қорғау құралдары
Жаңа ақпараттық технологиялар
Асептик және антисептик шаралары
Пәндер