1-сынып математика: қосынды мен бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыру

Математика.

  1. сынып.

Тақырыбы: Қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға

арналған есептерді салыстыру.

Мақсаты: қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға

арналған есептерді салыстыра қарастыру; қосу амалы

компоненттерінің өзара байланысын анықтау; 1-ден

10-ға дейінгі ауызша қосу және азайту дағдыларын

қалыптастыру; өрнек пен өрнекті салыстыра білуге

машықтандыру; логикалық ойлауын дамыту; еңбексүй-

гіштікке тәрбиелеу; білім алуға деген құштарлықтарын

арттыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: геометриялық пішіндемелер,

цифрлар, санау материалдары, интерактивті тақта.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, жарыс.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, қазір сергіту жаттығуын жасайық.

Хормен: Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

-Ал, балалар, математика сабағын бастайық. Бүгінгі біздің сабағымыз жарыс түрінде өтпекші. Бірінші топ- «Азайту», екінші топ-«Қосу». Балалар, мына жәндіктің аты қалай?

-Өрмекші.

-Ол не істейді?

-Өрмек тоқиды.

-Ендеше, балалар, біз оған өрмек тоқуға көмектесейік. Біздің көмегіміз- бір тапсырма орындасақ, оның да өрмегі тоқылады. Ал, іске сәт!

«Менің орным қайда?»

Интерактивті тақтада шашылған цифрлар берілген. Сол цифрларды өсу ретімен орналастыру керек.

1 4 6 3 8 9 2 10 0 7 5

Тапсырма дұрыс орындалған соң интерактивті тақтада өрмекшінің бірінші өрмегі тоқылады

3. Жаңа сабақ.

А ) Электрондық оқулықтан «Арифметика» тарауынан «Салыстыру» бөлімін көрсетіп, тапсырмаларын орындату.

Ә ) Электронды оқулықтан «Алгебра» тарауынан «Әділетті таңбалар» бөлімін көрсетіп, тапсырмаларын орындату.

Б) 1-есеп.

«Ұқсас па?»

Есептерді салыстыру. Ұқсастығын, айырмашылығын табу.

Ұл бала-7 ? Қыз бала-7

Қыз бала-3 Ұл бала-? 3 артық

Ш: 7+3=10 Ш: 7+3=10

Ж:барлығы 10 бала. Ж:ұл бала 10.

(Екінші өрмек тоқылды. )

В ) Сергіту сәті .

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер- азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай!

Г) 2-мысал.

«Жұмбақ сан»

4> Бос торкөздің орнына әртүрлі сандар қойып шығару.

Тура теңсіздік құрастыру.

Шешуі: 4>0 4>2

4>1 4>3

Ғ) 3-мысал.

Cалыстыру.

6+3=9 9-6=3 9-3=6

9>6 9>3

Д ) «Ойлан, тап!»

-Балалар, қосу мен азайту амалдары қашып кетіпті. Бос орындарға теңсіздік тура болатындай етіп, амал таңбаларын қояйық. (Барлық жағдайларын қарастырамыз. )

9 1>5 4

Шешуі: 9+1>5+4

9+1>5-4

9-1>5-4

Дәптерге мысалдар мен есептерді жазып отыру керек.

4. Сабақты бекіту. Бағалау . Сайыс қорытындысын шығару. Ұпай сандарына байланысты жеңімпаз топ анықталады.


Ұқсас жұмыстар
1-сынып математикасы: артық және кем ұғымдары арқылы мәтіндерді салыстыру және есептің мәнін анықтау
4-сынып математика: Санның разрядтық қосылғыштары мен есептерді салыстыру
3-сынып математика пәні: Есептерді салыстыру - ашық сабақ жоспары
1-сынып математика пәнінің сабақ жоспары: Есеп - қанша артық?
№25 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып математика пәні ашық сабағы: Сандарды салыстыру (артық және кем таңбалар)
1-сынып математика: Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру
3-б сыныбына арналған математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
1-сынып математика. №50 сабақ: сандарды қосу және азайту - қосынды мен айырмаларды оқу және жазу
2-сынып математика сабағы: қалдықты табуға арналған құрама есептер
Белгісіз санды табуға арналған дамытушылық ойын сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz