Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шоқанның Қашқарияға сапары
Қайырбаева Сәуле Рысбекқызы
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласындағы № 30 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Шоқанның Қашқарияға сапары / 11-сынып/
Сабақтың мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын тарихи
деректермен толықтырып түсіндіру, оны жан-жақты салада еңбек еткен ғалым
ретінде таныту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,
зерттеуге дағдыландыру, ізденпаздық қасиеттерін дамыту, Шоқанның бойындағы
алғырлық, зеректілік, білімге деген құшталық сияқты қасиеттерді оқушылардың
санасына ұялату.
Сабақтың көрінекілігі:мультимедиялық құралдар, «Лики Евразии» филімінен
үзінді, интерактивті тақта, оқушылардың жұмысы.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсаты мен міндеттері , сабақтың барысы
таныстырылады/
ІІ Сәлеметсіңдер ме , балалар! Бүгінгі сабағымыз Шоқан Уәлихановқа
арналады. Үйге әр топқа Шоқанның өмірі мен шығармашылығына байланысты
тапсырмалар берілген:
І топқа Шоқанның өмірі
ІІ топқа Шоқанның еңбектері
ІІІ топқа Шоқанды Семеймен байланыстыру
/ Әр топ өз жұмыстарын ортаға салады, басқа оқушылар өздеріне керекті
деректерді дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ өз жұмыстарын POWER POINT
бағдарламасымен дайындады./
- Жақсы, балалар. Көп ізденіп, көптеген жаңа ақпарат тауыпсыңдар. Осы
материалды дайындауда Шоқанға байланысты зерттелмеген, ашық қалған
сұрақтар бар ма? / әр топ өз тақырыбы бойынша ойларын ортаға салады/
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шоқанның Қашқарияға сапары. Өздеріңе
белгілі 21 жасында Шоқан өзінің әйгілі Қашқария сапарына
барады.Шоқанға дейін бұл елге Марко Поло мен Гоестен ғана барған.
Қазір осы сапар туралы бейнетаспадан үзінді көрейік/7 минуттық « Лики
Евразии» 4 эпизодтан үзінді көрсетіледі/
- Осы сапардан келген соң , Шоқан бірнеше еңбектер жазады. Соның бірі
- «Алтышаһар немесе Қашқария туралы» Сендерге осы еңбектен үзінді беріп
отырмын.
Алтышаһар немесе Қашқария туралы./ 3 слайд/
Қашқария-үш жағы бірдей биік тау жоталарымен қоршалған, төртінші-шығыс
жағы Гоби даласымен ұласып жатқан құмды сахара. Шекаралық тау жоталарының
ішінде жол қатынасына қолайлысы Тянь- Шань.
Бұл тау арқылы үш жол өтеді.
Таудан талай өзен ағып шығады.Осы өзендер болмаса, бұл құлазыған құнарсыз
жерлер адам мекені бола алмас еді.
Қытайдан Қашқарияға келетін жалғыз-ақ жол бар. Ол бір жақсы өңделген жол
және оның бойындағы елсіз жерлерде почта тасу міндетін атқаруға тиісті
қашқарлықтар мекендейді.
Ауа райы жақсы, жергілікті адамдарға оның таза ауасы қандай жақса,
шетелдіктерге де сондай жағады. Қысы ұзақ болмайды, қары көп жатпайды.
Өлкенің минералдық байлықтары аз зерттелген, әйтсе де алтын және мыс
кендері бар екенін аңғартқандай белгілер кездеседі.
Бұл елде жүзім, мақта, астық және бақша өсімдіктері егіледі.
«Алтышаһар» халқының санын анықтау мүмкін емес.Қытайлардың қала деп санап
жүрген ең үлкен қыстақтарының өзінде халық саны өте аз. Қашқар округының ең
үлкен қыстақтары Файзабад пен Ханрықта небәрі 2 мыңға жуық үй бар.
Қашқарлықтар мейірбан әрі бауырмал, жарқын мінезді, еңбекқор және мейлінше
сыпайыгер халық.
Мәтінмен жұмыс
1. Оқу, аудару, қиын сөздермен жұмыс
2. Осы мәтінге жоспар құрыңдар.
3. Сұрақ: Берілген үзіндіде Шоқан сендерге қандай жаңа қырынан көрінді?
Шоқанның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Дәптермен жұмыс
1 Құрмалас сөйлемді теріп жазыңдар / интерактивті тақтада талдау/
ІІІ Топпен жұмыс. Әр топқа келесі тапсырмалар беріледі:
➢ Қашқария мен сол кездегі Қазақстанды салыстыр
➢ Қашқарияға барар кезде Шоқанның алдында қандай қиындықтар болды
деп ойлайсыңдар?
➢ Қашқария сапары несімен құнды?
/ әр топ өз жұмысын қорғайды/
Мұғалімнің сөзі
Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда біз сендермен халқымыздың
ойшылы, ұлттық мақтанышы, ғылымның барлық саласында еңбектер, пікірлер
қалдырған Шоқан Уәлиханов туралы өттік. Шоқанның өмірі, оның бойындағы
алғырлық, зеректілік, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі сендерге
үлгі - өнегі болуы тиіс. Бұқар жырау «Жақсының аты өлмейді, ғалымның
хаты өлмейді»дегендей Шоқанның мұралары әлі күнге дейін халықтың
жүрегінде сақтаулы, әлде сақтала бермек.
Үйге: Шоқан туралы нақыл сөздер.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz