Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-4 сыныптар
Аcтана 2010
\

жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367
бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Турыскелдина М.Т., Курманбаева К.Т., Тайжанов
С.Т., Нұралиева С.К.
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Дене шынықтыру»
оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 23 б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Дене шынықтыру» оқу пәні Мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру
саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік
ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың
дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің
заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және
психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету
жөніндегі білімге ие болу.
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық
саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық
әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
• бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы
және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру,
организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты
қарапайым білімдерді қалыптастыру;
• оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
• қозғалыс қасиеттерін дамыту;
• қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді
дамытуға көмектесу;
• сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі
қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
Оқытудың деңгейлері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының
сабақтастық қағидасын сақтау қарастырылады.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын
оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс
белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және
соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді.
Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі
факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін,
үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды
қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің,
беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту
жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
• жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;
• әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
• құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;
• денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті
түрде сақтауды қарастырады.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1-4 сыныптардағы «Дене
шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат;
2-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат;
3-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат;
4-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат;
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі
бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-
аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен
шұғылдану.
ІІ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1 сынып
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағаттан)
Жалпы дамытатын жаттығулар. Саптық жаттығулар. Бір қатарға және бір
лекке сапқа тұру. Бір орында, оңға, солға, артқа бұрылу. Теңел! Тік тұр!
Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта! командалары.
Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан орындау.
Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені байлай
түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын жаттығулар.
Тұлғаны қалыптастыруға, дұрыс еркін дем алуды қамтитын жаттығулар. Басты
оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды екі жанға созылған
бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ айналдыру.
Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру.
Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту.
Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа
қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Аяқтар-ды бірге,
алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. Тобық буындарының
қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын
жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.
Жүру және жүгіру. (10 сағ.) Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені
жоғары көтеріп, жүру. Жүзу мен жүгіруді жалпы дамытатын жаттығуларды
орындаумен үйлестіру. Кедергілерден өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды
орындауды музыка әуенімен үйлестіре баяу және жылдам екпінде жүру және
жүгіру.
Жарысып жүгіру. 30,40,60 м-ге жүгіру. Қайталап жүгіру.1-1,5 минут бойы
баяу жүгіру.
Секірулер. (10 сағ.) Екі аяқпен қарғу. Алға қозғала екі аяқпен орнынан
ұзындыққа секіру. 50-60 см. биіктіктен төмен секіру. Екпін алып ұзындық пен
биіктікке секіру.
Доппен орындалатын жаттығулар. (5 сағ.) Допты жоғары лақтырып екі не бір
қолмен ұстау. Допты еденге соғып, шоршыған допты бір не екі қолмен ұстау.
Допты серігіне екі қолмен әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден, иықтан,
бастап асыра, төменнен беру. Тор арқылы допты бір және екі қолмен
лақтырысу. 3-4 метрлік қашықтықтан допты нысанына бір қолмен лақтыру.
Өрмелеу. (8 сағ.) Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып,
өрмелеу. Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен
гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып
тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға
көтеру.
Тепе-теңдік жаттығулары. (6 сағ.) Қолдармен әр түрлі қимылдарды
орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындық, бөрене үстімен жүру. Төбеге
жеңіл салмақты зат қойып, жүру. Гим-настикалық орындықта көзді жұмып,
жауырынды алға беріп, бір орында шырқ айналғаннан кейін жүру.
Акробатикалық жаттығулар. (12 сағ.) Таянып отырған бастапқы қалыптан
жинақталу. Артқа, жанға тоңқалаң асу. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан
жинақталу. Оңға, солға аударылып түсу. Жартылай шатқа отыру. Шалқалап
жатқан бастапқы қалыптан созылған қолдарға таянып, аяқтарды көтеру.
Шалқалап жатқан бастап қалыптан жауырынға тұру. Етпеттеп жатқан бастапқы
қалыптан денені шалқайту.
Би қозғалыстары. (4 сағ.) Әртүрлі әуендердің ырғағымен би
қозғалыстарының кешенін (комплексін) орындау.
Төбешіктен сырғанау. (4 сағ.) Екі аяқпен тұрып, отырып, ішпен жатып
сырғанау. Төбешіктің мұзды баурайымен бір-бірлеп, жұппенен, топпенен төмен
қарай сырғанау.
Шанамен сырғанау. (6 сағ.) Төбешіктен шанамен түсу. Шапшаң сырғанап
жарысу. Шананың артынан итеріп, серігін сырғанату. Қарды нысанаға лақтыра ,
төбешіктен шанамен түсу. Төбешіктен сырғанап түсу кезінде шананы оңға және
солға бұру.
Шаңғы дайындығы. (6 сағ.) Орнында тұрып, аттап басып бұрылу. Қозғалу
кезінде оңға және солға бұрылу. Таяқсыз жүру. 300-500 м қашықтықты жүріп
өту. Ойындар «Нысанаға тигіз», «Жалаушаны алмастыр», «Қуаласпақ», «Ұзын
адым», «Түсіріп алма», «Бір шаңғымен».
Күрес пен жекпе-жек элементтерінің түрлері. (3 сағ.) Жекпе-жек пен күрес
элементтсрін кезекпенен және топтасып орындау.
Қозғалыс ойындары. (10 сағ.) Жеке орындайтын «Кімді атаса, сол ұстайды»,
«Кім қашыққа лақтырады», «Қоян», «Бақа мен көкқұтан», «Ленталарды жина»,
«Ормандағы аю», «Ал да орнына қой», «Жоғарыдағы доп», «Маймылдарды ұстау»,
«Әтештер соғысы», «Кеглиге тигіз», «Жапалақ», «Қашақ»
Жұппенен орындалатын: «Кімнің добы алысқа ұшады», «Тышқанның іні»,
«Сиқырлы таяқ», «Өз жұбыңды (серігіңді) қуып жет», «Аттар», «Тақия
тастамақ», «Кілттер», «Өз орнынды тап».
Топпен орындалатын: «Арқан», «Допты шеңбермен», «Қырғи», «Екі аяз»,
«Торсылдақ», «Допты ұста», «Ботақан».
Командалық: «Доп аз болсын», «Күн мен түн».
Қозғалысты көп қажет ететін ойындар: «Ұшты-ұшты», «Жаңғырық», «Телефон»,
«Не өзгеріс бар», «Даусынан таны», «Қанша тас», «Фигураны жаса»,
«Саусақтармен өрнек жаса», «Домино», «Дойбы», «Стол үстіндегі футбол»,
«Стол үстіндегі баскетбол» және басқалар.
Спорт ойындары. (12 сағ.)
Баскетбол. Ойыншының тұрысы. Бір орында допты жүргізу, ілгері қозғалып
алып жүру. Бір қолмен, екі қолмен, кеудеден, иықтан, төменнен, жоғарыдан
лақтыру. Орнында тұрып допты лақтырып, бір және екі қолмен ұстап алу. Кез-
келген тәсілмен допты қалқанға лақтыру. Қысқар-тылған ережемен ойын ойнау.
Футбол. Кез келген тәсілмен допты аяқпен тебу. Допты тоқтатқаннан кейін
оны тебу. Қойылған заттардың арасымен допты алып жүру. Доппен жонглерлік
жасау. Қысқартылған ережемен футбол ойнау.
Қазан доп. (Қазан шұңқыр). Имек таяқпен серігіне допты лақтыру және оны
тоқтату. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.
Салауатты өмір салтын сүру дағдыларын орнықтыру. (2 сағ.) Ересектермен
бірге күн сайын таңертеңгілік гимнастика, су процедураларын жасау. Жыл
маусымын есептегендегі дененің және спорттық киім гигиенасы. Құрдастарымен
таза ауада дене жаттығуларын орындау. Спорттық жарыстар мен мейрамдарды
көру. Конькимен, шанамен сырғанау, шаңғымен серуендеу.
Қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын,дұрыс тұлғаны қалыптастыру. (2
сағ.) Отырғандағы, тұрғандағы бастапқы қалыптан, жүру кезіндегі тұлғаға
арналған жаттығулар. Таяқшалармен, шеңбермен, қабырғада тұрғанда жаттығулар
жасау. Жылдамдық пен икемділікті дамытуға арналған жаттығулар. Жүгіру мен
секірулері бар қозғалыс және спорттық ойындардың элементтері. Шаңғымен
жүру, өрмелеу.
Сабақтың әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайлары туралы білімі. (2
сағ.)
Қарапайым спорт жабдығының атауы, оны пайдалану біліктілігі. Спорт зал
мен спорт алаңының құрал-жабдықтары. Жекелеген жалпы дамытатын жатығуларды
орындаудың әртүрлі тәсілдерін меңгеру.
2 сынып

Жалпы дамытатын жаттығулар. Саптық жаттығулар. Сапқа, екі қатарға, екі
лекке тұру тәсілдері, жүріп келе жатып бір лектен екі лекке қайта сапқа
тұру. Қолдардан ұстасып дөңгелене (шеңберге) тұру. Теңел! Тік тұр! Орнында
қадам бас! Тоқта! командалары.
Негізгі тұрыс (қолдар кеуде тұсында бүгілген, қолдар жанға созылған),
тізерлеп отыру, бір тізерлеп отыру, төрт тағандап тұру, жартылай отыру,
толық отыру, аяқты бірге ұстау, аяқты алшақ ұстау секілді әр түрлі бастапқы
қалыптардан жаттығуларды орындау. Басты оңға, солға бұру, басты шырқ
айналдыру. Тұлғаны дамытуға, дұрыс дем алуды қамтитын жаттығулар. Бүгілген
және жазылған қолдарды айналдыру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре кеудені
жанға бұру. Қолдар мен аяқтардың қозғалысымен үйлестіре кеудені алға және
жанға еңкейту.
Жүру мен жүгіру. (10 сағ.) Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру.
Бағытты өзгертіп жүгіру. Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс.
Баяу екпінде жүру мен жүгіру. Жүріспен жүгірісті ауыстыру; жүруден жүгіруге
ауысу. 30, 40, 60 м-лік қуып жету, озу жүгірістері. Қайталап жүгіру. 1,5-2
минут баяу жүгіру.
Секірулер. (10 сағ.) Екі аяқпен ырғып секіру. Алға қозғала екі аяқпен
секіру. Алға қозғала бір аяқпен секіру. Екі аяқпен итеріле орнынан
ұзындыққа секіру. 60-70 см биіктіктен секіріп түсу. Екпін алып ұзындық пен
биіктікке секіру.
Доппен орындалатын жаттығулар. (8 сағ.) Допты жоғары лақтырып, оны екі
не бір қолмен қағып алу. Допты еденге соғып, одан шоршыған допты бір не екі
қолмен ұстап алу. Допты серігіне әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден,
иықтан, бастан асыра, төменнен екі қолмен беру. Тор арқылы бір не екі
қолмен допты лақтырысу. 5-6 м қашықтықтан нысанға допты бір қолмен лақтыру.
Өрмелеу. (6 сағ.) Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып,
өрмелеу. Жоғары- төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен

көтеру. Аяқтың көмегінсіз өрмелеу.
Тепе-теңдік жаттығулары. (6 сағ.) Қолдармен әр түрлі қимыл-
қозғалыстарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындықпен, бөренемен
жүру. Төбеге аз ғана салмақты зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта
көзді жұмып, жауырынды алға беріп, жанымен, қосарланған адыммен, жартылай
отырып (қол белде) жүру.
Акробатикалық жаттығулар. (8 сағ.) Жартылай шат, шатымен отыру, көпір
жасау. Еденде отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа қарай тоңқалаң
асу, жанға аударылып түсу. Еденде отырған бастапқы қалыптан бір уыстай боп
жинақталып (домаланып), жауырынға аударылу - жауырында жатқанда тербіліп,
теңселіп, жауырынға тұру. Таянып жатқан қалыптан жамбасты ілгері
ұмсындыра, аяқтарды бүгу (артқы жақта). Таянып жатқан, таянып отырған,
таянып, бір аяқпен отырған қалыптан да осылай жасау. Етпеттеп жатқан
қалыптан кеудені ию (қолдар мен аяқтарды көтере қарсы қозғалыс жасай).
Сандарға таянып жатқан қалыптан, аяқтарды бүгу, денені ию.

сырғанау, төбешіктің мұзды жолымен бір-бірлеп, жұппен, топпенен төмен қарай
сырғанау.
Шаңғы дайындығы. (6 сағ.) Таяқтарды пайдаланып, кез-келген тәсілмен
жүру. Шаңғы жолымен жүру. Таяқтарды артқы жаққа қарай шығарып ұстап,
тізелерді бүгіп, төбешіктен сырғанап түсу. Баспалдақ тәсілімен төбеге (
қырға) көтерілу. Орнында тұрғанда және жүріс кезінде аттап басу әдісімен
бұрылу. Шаңғы жолымен 500-800- ді жүріп өту. Шаңғымен өткізілетін ойындар.
Коньки. (5 сағ.) Мәнерлеп сырғанау, дөңгелекті (роликті) конькилер тебу.
Екпін алғаннан кейін тоқтау.
Жүзу. (6 сағ.) Құрлықтағы дайындық жаттығулары: қол және аяқтардың
қозғалыстары. Су ішіндегі жаттығулар: басты суға батыру, су ішінде дем
шығару, үрмелі белбеу, тақтайшалар т.б. көмегімен жүзу. Суда ойналатын
ойындар.
Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері. (3 сағ.) Қазақша күрес,
еркін күрес жөне жеке-жекелеген түрлерінің бастапқы, қарапайым тәсілдерін
орындау.
Қозғалыс ойындары. (14 сағ.) «Допқа тигіз», «Арқар», «Қу түлкі қуып
жет», «Үйшіксіз қоян», «Сынып», «тік тұр», «Саптағы батырлар», «Айқыш-ұйқыш
лақтыру», «Ине, жіп, түйішек», «Қарақұлақ».
Доппен ойналатын ойындар. «Кім жоғары», «Шеңберге түсір», «Шортандар мен
шабақтар», «Жырадағы қасқыр», «Қашақ», «Ақбұлақ», «Ақ сандық, көк сандық»,
«Көрші», «Алтын балық», «Құтқарушылар», «Шыршадағы күрес», «Допты тигіз»,
«Шеңберді кеңейт», «Аңшылар мен үйректер», «Сызықтан өткіз»,
«Қырықаяқтылар», «Өзжалаушаңды тап», «Допты беру», «Доптарды ауыстыру»,
«Теңге алу», «Кім бірінші», «Доп түсір».
Спорттық ойындар (12 сағ.)
Баскетбол. Допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан беру. Қозғалыс
кезінде кеудеден екі қолмен серігіне доп беру. Кеуде деңгейінде, жанынан,
төменнен келген допты ұстау. Допты оң және сол қолмен алма- кезек алып
жүру.
Футбол. Бір орында тұрып оң және сол аяқпен серігіне доп беру (ара
қашықтық 3-4 см.). Допты аяқпен көтеріп, тастап, оны қолдарымен ұстап алу
(жеке тапсырма ретінде). Қойылған заттардың ара - арасымен допты алып жүру.
Допты аяқпен тебу жаттығулары. Қақпаға доп соғу.
Бадминтон. Қарсыласы жағына воланды лақтырып жіберіп, оны соғу. Алаңдағы
ауысу қозғалыстары. Төменнен және жоғарыдан воланды ойынға қосу.
Стол тенисі. Шарды ойынға қосу, оны қабылдау және кері қайтару
тәсілдерін меңгеру үшін жетекші және дайындық жаттығулары.
Хоккей. Имектаяқты (клюш) мұздан айырмай шайбаны алып жүру. Заттардың
ара - арасымен шайбаны өткізіп, алып жүру. Имек таяқты екі қолмен оң және
сол жақта ұстап, қақпаға шайбаны соғу. Орнында тұрып және қозғалыс кезінде
қақпаға шайба соғып үйрену.
Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. (2 сағ.)
Жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау. Жылдың маусымына байланысты
шынығу. Күш пен икемділікті дамытуға, қозғалыс үйлесімділігіне бағытталған
жалпы дамытатын жаттығулар кешенін орындау. Шынықтыру процедураларын
жүргізудің негізгі тәсілдері. Күн тәртібі (режимі).Уақытты оңтайлы етіп
бөлу (ұйқы, тамақтану, сабаққа дайындык, өзіне-өзі қызмет ету, үй шаруасына
көмектесу).
Қозғалыс қасиеттерін дамыту, дұрыс тұлғаны қалыптастыру. (2сағ.) Бос
уақытта жалпы дамытатын жаттығулармен қозғалыс және спорттық ойындармен
айналысу. Шаңғы және велосипед тебу. Жүзу. Секіртпелермен секіру. Доптармен
ойнау. Түрліше жарыстар мен эстафеталарға қатысу.
Сабақтың әлеуметтік, материалдық, техникалық жадайлары туралы бөлімі. (2
сағ.) Мектеп спорт залындағы спорттық құрал - жабдықтармен танысу. Дене
жаттығулармен айналысудағы қауіпсіздік шаралары.
3 сынып

Жеңіл атлетика. (12 сағ.)
Жүгіру. Сирақтарды артқа сілтей, санды жоғары көтеріп жүгіру. Адымдап
секіріп, қосарланған адыммен оң және сол жақ бүйірді /жанды/ арқаны алда
ұстап жүгіру. "Кең адым-да", "Қысқа адыммен", "Жүгіруден саптық адымға
көш" комаңдаларын орындай отырып жүру және жүгіру. Жүгіретін бағытқа
арқаны беріп тұрып, таянып отырған жағдай, бір аяқпен тұрған қалып секілді
әр түрлі бастапқы қалыптардан қуып жетіп, басып озу сияқты жүгірістер. 2,5-
3 минут бойында бір қалыпты үдемелікте жүгіру.
Секірулер. (12 сағ.) Екі аяқпен, бір орында 90,180 градусқа бұрыла
секірулер. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзыныраққа қарғу. Екпін алып ұзындық
пен биіктікке секіру.
Лақтыру. Теннис добын қашыққа және нысанаға лақтыру. Алдын ала бастан
асыра ұсталынған екі қолмен бір заттарды немесе құм салынған қалташаларды
немесе жеңіл тастарды лақтыру. Допты немесе өзге заттарды қайткенде де
жоғары жөне қашыққа лақтыру.
Ойындар
Спорт ойындары. (12 сағ.) Баскетбол, волейбол, футбол ойындарының
элементтері. Қысқартылған ережемен екі жақты командалық ойын ойнау.
Қозғалыс ойындары. (14 сағ.) «Орын алмастыру», «Қуып жет», «Қызыл
жалау», «Бояулар», «Он шыбық», «Қашақ», «Секіру түрлері», «Көген тартыс»,
«Салт аттылар», «Кенгуру», «Ара», «Жүргізушіге доп берме» және т.б.
Икемділік, жылдамдық, иілгіштік, көзбен байқауды, шыдамдылық пен күшті
дамытуға бағытталған жаттығулар енген эстафеталар мен ойындар.
Гимнастика (21 сағ.)
Саптық жаттығулар. Бір лекте жүру, қозғалыс кезінде бір лектен екі, үш
лекке қайта сапқа тұрып, жүру. Кең адымда, Қысқа адыммен, бір екі сана,
біріншілер бір адым алға атта командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс бастапқы қалпынан және
қозғалыс кезінде затпен жасалатын жаттығуларды орындау. Тұлғаға, еркін
тыныс алуды белсенді етуге, қозғалыс үйлесімділігіне бағытталған жаттығулар
(түрліше бастапқы қалыптардан Қолдарды екі жанға созған бастапқы қалыптан,
жазылып ұсталынған және бүгілген қолдарды шыр айналдыру. Қолдармен бір
бағытта және қарсы бағытта қозғалыстар жасау. Гимнастикалық орындыққа тая-
нып, тіреніп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Жатқан бастапқы қалыптан
кеудені көтеру. Бір орында екі және бір аяқпен секіру және ырғып секіру.
Иілгіштік пен босаңсуға жаттығулар.
Өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асыла тербелу, ормелеу және тартылу.
Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп, төбеге
қойылған жеңіл затты түсірмей жүру. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп,
бөрененің үстімен жүру. Қолдардың әр түрлі қозғалысымен үйлестіре аяқтың
ұшымен, жартылай отырған қалыпта бөренемен жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Жинақталып, алға домалап түсу. Таянып отырған
бастапқы қалыптан артқа аударылып түсіп, жауырынға тұру. Иілгіштікті
дамытуға жаттығулар: көпір жасау, жартылай шатқа отыру, еденде отырған
бастапқы қалыптан кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Босаңсуға арналған
жаттығулар.
Асылу кезіндегі жаттығулар. Аласа белтемір (перекладина) жатып, асылып
тартылу (гимнастикалық кіші атқа аяқтарды тіреп). Бүгіліп және шалқайып
асылу, бір не екі аяқтың қылтасымен асылу. Қолдарды төмен жіберіп қылтамен
(тізенің астымен) асылу.
Тірелу, таяну жаттығулары. Таянып жатқан бастапқы қалыптан қолдарымен
алға қарай қозғалу. Серігінің көмегімен қолмен жүру. Артқа таянып жатқан
бастапқы қалыптан алға және артқа жүру.
Шаңғы дайыңдығы. (12 сағ.) Шаңғы жолында шаңғымен таяқсыз жүру.Азғана
еңіс шаңғы жолындағы бірмезгілді адымды жүріс. Жүрудің түрліше тәсілдерін
пайдалана отырып жүру: аттап басу, сырғанау, алма кезек екі адымды және бір
адымды жүріс (итерілуге даярлық, итерілу, дененің салмағын аяқтың ұшына
аудару). Орнында тұрғандағы жаттығу: таяқты ілгері шығару-қарға тіреп қою.
Шаңғы жолымен 800-100м-ді жүріп өту. Төбешікке баспалдақ әдісімен көтерілу.
Жүзу. (8 сағ.) Құрлықтағы дайындық жатығулары: иілгіштік пен денені"
бөліктері мен буындарының аяқ, қол, кеуденің қозғалғыштығын арттыратын
жаттығулар. Судағы жаттығулар: демді алу - суға бату - демді шығару.
Әуіздің жиегіне қолды тіреп, аяқтармен еркін жүзу әдісінің (кролмен) қимыл-
қоз-ғалыстарын орындау. Аяқпен итерілгеннен кейін кеудемен жылжу (тақтайдың
жәрдемімен) - суға дем шығару. Аяқпен итерілгеннен кейін жылжу аяқпен еркін
жүзу әдісінің қозғалыстарын орындау.
Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері. (4 сағ.) Қазақша күрес,
еркін күрес және жекпе-жектің жекелеген түрлерінің қарапайым тәсілдерін
орындау.
Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. (3 сағ.) Күн тәртібін
орындау. Өзіне - өзі қызмет етуге, белсенді демалысқа, үй шаруасына
көмектесуге бөлінген уақытты оңтайлы пайдалану. Жыл маусымына сай
таңертеңгілік гимнастика кешендерін жүйелі түрде орындап отыру. Күн
сәулесі, ауа мен су секілді табиғаттың сауықтыру факторларын пайдалану.
Жеке гигиенаның негізгі талаптарын орындау.
Қозғалыс қасиеттерін дамыту, дұрыс тұлғаны қалыптастыру. (2 сағ.)
Тұлғаны қалыптастыратын арнайы дене жаттығулары. Баскетбол, футбол
ойындары. Жүгіру, секіруден мектепте өтілетін жарыстарға қатысу.
Эстафеталық ойындарға қатысу.
Сабақтың материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайлары туралы
білімі. (2 сағ.) Өз қаласының, ауданының спорттық кешендерімен, Шымбұлақ
тау шаңғысы базасымен, биік таулы аймақтағы Медеу мұз айдынымен және
басқалармен танысу. Әр түрлі спорттың Қазақстандағы даму тарихы.
4 сынып

Жеңіл атлетика
Жүгіру. (12 сағ.)Сирақтарды артқа сілтей, санды жоғары көтеріп, жүгіру,
адымдап секіріп, қосарланған адыммен — оң және сол жақ бүйірді, арқаны алда
ұстап жүгіру. Кең адымда! Қысқа адыммен! командаларын орындай жүру және
жүгіру. Ойлы — қырлы жерлермен жүгіру. Жоғарғы сөреден (старттан) шығып
жүгіру. Қуып жетіп, басып озу жүгірістері. 30-60 метрді уақытты есептеп
жүгіріп өту.
Секірулер. (10 сағ.) Бір орында екі аяқпен 90,180,360 градусқа бұрыла
секірулер. Екі аяқпен итеріп орнынан ұзындыққа қарғу. Отырған бастапқы
қалыптан жоғары қарай секіру. Екпін алып ұзындыққа секіру техникасының
элементтері; секіру фазалары: екпін алу, 25-30 м-лік қиындыны бірқалыпты
екпінмен жүгіріп өту, 15-20 м-лік қиындыны жылдам екпінде жүгіріп өту.
Қадамның жиілігін арттыра адымдап секіру. Биіктікке секіру техникасының
элементтері; секіру фазалары: екпін алу, серпінумен үйлестірілген жүгіріс,
кергісіз секіру.
Лақтыру. (6 сағ.) Теннис және резеңкі допты лақтыру (қашықтық пен
нысанаға). Допты екпін алып лақтыру (екпін алудың бастапқы бөлігі -8-10
жүгіру адымы), сол (оң) аяқпен бақылау сызығына доп түсу.
Ойындар. (10 сағ.) Баскетбол, волейбол, футбол спорттық ойындарының
элементтері. Қысқартылған ережемен командалық ойындар ойнау.
Қозғалыс ойындары. (10 сағ.) «Орын алмастыру», «Қуып жет», «Қызыл

«Салт аттылар», «Кенгуру», «Ара», "Допты жүргізушіге берме". Жүгіру,
секірулері бар эстафеталар көп жағдайда икемділік, жылдамдық, шыдамдылықты
дамытуға бағытталған қозғалысы орташа тығыздықтағы ойындар.
Гимнастика (20 сағ.)
Саптық жаттығулар. Бір лектен екі,үш лекке қайта сатқа тұрып, жүру.
Кең адымда! Қысқы адыммен! Жүгір! "Бір- екіге" сана! командалары.

қозғалыста заттармен жаттығулар орындау. Қозғалыс үйлесімділігіне, тыныс
алуды белсенді етуге, тұлғаға бағытталган жаттығулар. Мойын, кеуде, аяқпен
қолдардың еттерін нығайту жаттығулары. Күш пен иілгіштікті дамыту үшін
жұппен орындалатын жаттығулар. Ырғақты гимнастика кешенін (8-10 жаттығу)
орындау. Шапшаңдық -күштілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арқа мен іш
еттерін нығайтуға арналган жаттығулар. Бір орында екі және бір аяқтап
секіру. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар. Босаңсуға арналған
жаттығулар.
Өрмелеу. Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қойылған заттардан аттап, тізені көтеріп
бөренемен жүру. Аяқтың ұшымен, қосарланған адыммен, алға аттап түсумен
бөренемен, гимнастикалық орындықпен жүру. Бөрененің үстімен жүгіріп өтіп,
қолдарды сілтей секіріп түсу. Көзді жұмып бөрене не орыңдықпен жүру. Бір
аяқпен тұру.
Акробатикалық жаттығулар. Таянып отырған жағдайдан жинақталып алға қарай
екі рет бірге алға, қарай тоңқалаң асу. Таянып отырған қалыптан артқа қарай
аударылып түсу-жаурынға тұру. Баспен және қолмен тұру. Серігінің көмегімен
қолмен жүру. Гимнастикалық қабырғаға аяқтарды тіреп (ер балалар) қолға
тұру. Көпір жасау, жартылай шат, толық шатқа отыру.
Асылып тұрғандағы жаттығулар. Аласа белтемір (ер балалар); әр түрлі
биіктіліктегі қос сырық (қыздар): асылып тұру, бүгіліп және шалқая асылу.
Асылып тұрған жағдайдан - бір аяқты сілтей және екіншісімен серпіле артқа
қарай аударыла көтеріліп отыру. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрғанда
(жоғарыдан немесе төменнен ұстап) аяқпен итеріле-бүгілген қолдармен асылу.
Гимнастикалық қабырғада асылып тұрғанда оңға жөне солға теңселу; алға және
жанға аяқтарды кезек-кезек сілтеу. Аяқтарды бүге (тізелерді кеудеге тарта)
бүгіліп асылу. Бүгіліп асылып тұрғанда (жоғарыдан немесе төменнен ұстап)
қолды баяу ғана бүгіп, жазу.
Таянып секірулер. Гимнастикалық кіші ағаш ат (биіктік 110 см) секіру
фазалары: екпін алу көпіршеге секіріп түспей-ақ 8-10 м қиындыны жүгіріп
өту; екпін алып -көпіршеге секіріп түсу; секіріп шығып отыру , шалқайып
секіріп түсу.
Шаңғы дайындығы (10 сағ.) Шаңғы жолында конькишінің жүрісімен таяқсыз
жүру. Бір мезгілдегі бір адымды жүріс: адым жасағанда қолды ілгері шығару,
екінші адымда таяқты қарға тіреу, екі таяқпен итерілу - аяқтарды бір-біріне
жақындастыру, таяқтарды қардан суырғанда - екі шаңғымен сырғанау. Беткейден
түскенде толық үйлесімділікте қозғалыс қимылдарын орындау. Шаңғы жолымен
1000-1500 м-ді жүріп өту.
Жүзу (10 сағ.) Судағы жаттығулар: бір қолмен алда тақтайды, екінші қолды
санда (жанда) ұстап еркін жүзу қимылдарын аяқпен жасай жылжу. Тақтайшаны
ұстап еркін жүзу. Аяқтардың көмегімен еркін жүзгенде — демді ішке алу,
дыныс алуды тоқтатып, басты суға батырып дем шығару. Белге қалтқы байлап,
қолдар қозғалысының көмегімен еркін жүзу.
Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері (6 сағ.) Қазақша күрес,

Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру (4 сағ.) Мектептегі сабақ
мезгілі мен сабақтан бос уақытта күн тәртібі мен қозғалыс белсенділігін
сақтау. Шынығудың гигиеналық ережелерін сақтау. Мектепте және мектептен тыс
жерде өткезілетін, ұйымдасқан ойындарға қатысу. Мектепте өткізілетін жүгіру
бойынша жарыстарға, дала жарыстарына (кросстарға) қатысу. Қысқартылған
ережемен баскетбол, волейбол, футбол ойындарын ойнау. Жеке және қоғамдық
гигиенаға қойылатын негізгі талаптарды орындау.
Қозғалыс қасиеттерін дамыту, дұрыс тұлғаны калыптастыру (4 сағ.) Иық
белдеуі, кеуде және аяқтардың еттерін нығайту үшін дене жаттығуларын жеке-
жеке іріктеп алу. Орнықты динамикалық тұлғаны қалыптастыру үшін жаттығулар.
Ырғақты гимнастика, жүзумен айналысу. Снарядтағы гимнастика жаттығуларын
меңгіру. Спорт секцияларындағы сабақтар.
Сабақтың материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайлары туралы білімі
(10 сағ.) Қазақстандағы ірі, түрліше спорт кешендері мен спорт
ғимараттарының тарихы мен олардың неге арналғандығын білу. Спорт
залдарындағы, жүзу әуіздеріндегі (бассейндеріндегі), жаттығу клубтарындағы
спорттық жабдықтар мен құралдардың жекелеген түрлерінің неге арналғандығы
туралы түсінік.
Спорттың жекелеген түрлері үшін спорттық киім, құрал-жабдықтары туралы
түсінік.
Дағдылар мен іскерліктерді бағалау
Мұғалімнің бақылау-бағалау қызметі оқушылардың дене қасиеттерінің
дамуындағы нәтижелердің артқандығын анықтауға келіп саяды; ал бағаның өзі
диагностикалық (анықтау) және басқару қызметін атқарады.(Қосымша
1-4)
1-сынып оқушыларының дене дайындығын бағалау үшін оқу нормативтері
Қосымша 1
|Реті |Бақылау жаттығулары |Бағалар |
| | |ер балалар |қыз балалар |
| | |5 |4 |
| | |ер балалар |қыз балалар |
| | | | |
| | |5 |
| | | |
| | |ер балалар |қыз балалар |
| | |5 |
| | |ер балалар |кыз балалар |
| |5 |4 | 3 3 |5 |4 |3 | |1 |Асылып тартылу (саны) |7 |6 |
5 |6 |5 |4 | |2 |Жатып асылып тартылу (саны) |
13 |12 | 11 |
10 | 9 | 8 | |3 |Тіке түсірілген
арқанмен өрмелеу (см) |280 |260 | 240 |
250 | 230 | 210 | |4 |Қайталап
жүгіру 3x10 м (с) |
9,1 |9,4 | 9,7 |
9,8 | 10,1 | 10,4 | |5
|Орнынан ұзындыққа секіру (см) |162 |159 |
156 |
152 | 149 | 146 | |6 |Жоғарғы
старттан 30 м-ге жүгіру (с) |6,5 |6,6 | 6,9 |6,1 |
6,4 | 6,7 | |7
|6-минуттык жүпріс (м)
|850
|800 |750 |750 |700 |650
| |8 |Кеудені аяқтарға қарай еңкейту (см) |4,5 |4,2 |
3,9 |
4,5 | 4,2 | 3,9 | |9 |Жатқан
қалыптан кеудені көтеру (1 минуттегі саны)
|30 |27 |24 |25 |22 |19 | |
ІІІ СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ БІЛІКТІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары үшін :
Оқушы түсінеді:
• дене шынықтырудың пайда болу жөнінде;
• оқушылар дене тәрбиесін қазіргі уақытта ұйымдастыру туралы;
• адам қозғалысының техникасы жөнінде (жүгіру, секіру, жүру және басқалар),
спорттың түрлеріне сипаттама;
• «Дене шынықтыру»сабағындағы қауіпсіздік техникасы жөнінде;
• жеке гигиена мен шынығу ережелері туралы.
Істей алады:
• таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын орындауды;
• «Дене шынықтыру» сабағында сыныптастарымен және құрдастарымен бірге
әрекет етуді.
Көрсете алады:
• бір аяқпен тұрып тепе-теңдік сақтауды, екіншісі бүгіліп, тік бұрыш
жасалып, тізеге тіреледі. 30 секундтік үзілістен кейін екінші аяқпен
қайталанады;
• сіріңке қорабын аяқтың ұшымен жылжыта қозғап, бір аяқпен 5 м-ді секіріп
өтуді; қозғалатын түзу сызықтанауытқу 50 см-ден аспауы тиіс;
• бір қолмен 36 ойын картасын (не соған ұқсасты) 4 жерге бөлуді (топқа);
негізгі қол үшін 35 сек., екінші қол үшін 45 сек. норма;
• табанның сыртқы және ішкі жағымен жүруді, алақанды шапалақтай қосарланған
адыммен жүруді;
• тізені артқа қарай сілтеп жүгіруді, жүргізушіден қашуды;
• бір аяқпен секіріп, алға қозғалуды; бір аяқты алға, екіншісін артқа
шығара бір орында секіруді; екпін алып биіктікке, ұзындыққа секіруді;
тербеліп тұрған ұзын секіртпе арқылы секіруді; қысқа секіртпе арқылы
секіруді;
• гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді (жоғарысына дейін) және шабақтарды
өткізіп жібермей, одан ырғақты түрде түсуді;
• допты еденнен итере алға жылжуды; допты бір-біріне лақтыруды және тұрған,
отырған қалыптан түрліше тәсілдермен оны ұстап алуды;
• «қарлығаш», «пистолет», «көкқұтан» тепе-теңдігін еденде және
гимнастикалық орындықта орындауды.
1 қосымшаға сәйкес бақылау жаттығуларын орындау.
2-сыныпоқушылары үшін
Оқушы түсінеді:
• дене жаттығуларымен шұғылданудың негізгі формалары жөнінде;
• ежелгі Грецияда Олимпиядалық ойындардың пайда болуы туралы;
• қазіргі олимпиядалық қозғалыс жөнінде;
• сколиоз бен лордоздың алдын-алу, дұрыс тұлғаны қалыптастыру;
• қозғалыс қабілеттерін (күш, жылдамдық, иілгіштік және т.б.) дамытудың
құралдары мен әдістері;
• алғашқы көмек көрсету мен жарақаттанудың алдын алу жөнінде;
• салауатты өмір салты туралы.
Істей алады:
• волейбол, баскетбол доптарымен қарапайым тәсілдерді орындайды;
• күшке, иілгіштікке және үйлесімділікке арналған жаттығуларды орындайды.
Көрсете алады:
2 қосымшаға сәйкес бақылау жаттығуларын орындау.
3-сынып оқушылары үшін
Оқушы түсінеді:
• жеке гигиенасының бастапқы ережелері туралы;
• сабаққа дайындықты, үйдегі жұмысты орындауға, өзінеқызмет көрсетуге
уақытты тиімді бөлу және күн режимін сақтау жөнінде;
• тиімді теңестірілген тамақтану туралы.
Істей алады:
• дене дайындығы мен дененің дамуын өзі бақылайтын күнделік жүргізуді;
• көңіл-күй мен сыртқы түрі бойынша жүктемені бақылау.
Көрсете алады:
3 қосымшаға сәйкес бақылау жаттығуларын орындау.
4-сынып оқушылары үшін
Оқушы түсінеді:
• табиғаттың сауықтыру факторлары (су, күн сәулесі, ауа) туралы;
• спорт мейрамдары мен жарыстар туралы;
• пайдалы тамақтану гигиенасы, пайдалы және зиянды тамақ жөнінде.
Істей алады:
• жыл мезгіліне сәйкес гигиеналық гимнастиканы орындайды;
• өзін-өзі сезіну мен дене салмағы, ЖСЖ-нің өзгерістері бойынша жүктемені
бақылау.
Көрсете алады:
4 қосымшаға сәйкес бақылау жаттығуларын орындау.
ІҮ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қаңқаның жетілмегендігін, қатпағандығын, еттердің әлсіздігін, организм
қарсылығының төменгі деңгейін ескере отырып, балалар организмінің
мүмкіндігінен шығып кетіп, түрліше артық қиналысты туындататын, олардың
дамуының қалыпты процесін баяулатып, бұзатын қоршаған ортаның әсері
секілділерден (ұстаздың нұсқауларын қоса) қашқақтау қажет. Сабақтар
шынығуға, тіршілік ету қабілеттерін және сыртқы ортаның жағымсыз
факторларына бала организмінің қарсылығын арттыруға, сүйек және бұлшық ет
жүйесін, сондай-ақ буын-байланыс аппаратын нығайтуға, жүрек-қан тамырлары,
тыныс алу, жүйке және өзге де жүйелердің қызметін жетілдіруге бағытталуы
керек.
Тұлғаның дұрыс ұсталуына (арқаның, іштің, табанның еттері) себепші
болатын еттердің тобын үйлесімді дамыта және нығайта отырып, тұлғаның дұрыс
қалыптасуына ерекше көңіл аудару қажет.
Кеңістік бойынша және уақыт бойынша да дұрыс бағыт ұстану, сәйкестік
пен үйлесімділікті (өзінің және ұжымның), дәлдік пен ырғақтылықтыдамытуға
көмектесетін жаттығуларды іріктеп өту керек. Бұл үшін жоғарыда айтылған
қабілеттерді дамытатынойын тапсырмаларын пайдалануға болады. Бұл үшін
сондай-ақ гимнастикалық жаттығуларды, қозғалыс ойындарын, спорт ойындарының
элементтерін пайдаланады. Дұрыс тұлғаны қалыптастыру үшін табанның,
арқаның, кеуденің еттерін нығайту маңызды. Бұл үшін шапшаң орындалатын
шапшаңдық – күштілік жаттығуларын (секіру, лақтыру), ауырлықтарды, өз
денесінің салмағын көтере білу (гимнастикалық орындықпен өрмелеу және
басқалар) жаттығуларын пайдалануға болады.
Буындардың қозғалмалылығы мен бұлшық ет байланыс аппаратын дамытатын
жаттығуларды үнемі қолдану керек, бұл жағдайларды күш жаттығуларын
орындаудан кейінсондай-ақ сабақтың дайындық бөлігінде жаттығуларды
біртіндеп қолдануды пайдалана отырып, олардың оңтайлы дамуына қол жеткізген
жөн.
Сондай-ақ оқытудың бірінші циклында жалпы шыдамдылықты дамыту керек,
бұған қозғалыс әрекеттерін орындауды демалумен кезектестіре, жеткілікті
қарқындылықты сақтағанда орындалатын қозғалыс әрекеттерінің ұзақтығын
біртіндеп өсіру арқылы қол жетеді. Қозғалыс белсенділігінің мұндай тәртібі
оқушының жұмыс қабілеттілігі тәуелді болатын, вегативті қызметті
жетілдіруге көмектеседі.
Дамудың осы жас кезеңінде қозғалыс қызметіндегі мінез-құлық
мәдениетін, дене жаттығулары мен жүйелі шұғылдану қажеттілігін, ұстаздарға
көмек көрсете отырып, (қажет болса жолдастарына да), жолдастарымен,
ұстаздарымен жақсы қарым-қатынаста болуға үйретуді қалыптастыру.
Қарапайымдылықты, адалдықты, сыпайылықты, жақсылық жасауды тәрбиелеуге
ерекше көңіл аудару керек. Тілектестік қарым-қатынас, баланы сыйлау,
балаларда адами және ерік қасиеттерін тәрбиелеуде және оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың түрліше формаларымен сабақ өткізудегі қозғалыс және
психомоторлық қабілеттерді дамытуда мұғалімнің педагогикалық көзқарасының
негізі болуы тиіс.
Сабақ түріндегі ұйымдастырылған дене шынықтыру – сауықтыру
жаттығуларын өткізуге сауықтыру, тәрбилік және білім беруді тиісінше
шешумен кіріспе дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерді айырып,
көрсететін белгілі бір құрылымды ұстану ұсынылады.
Дене жүктмелерін мөлшерлеудің дұрыстығын анықтау үшінмүмкіндігінше
сабақ басталуға дейін, оның әр бөлімдерінің соңында және қалыпқа келу
кезеңі – қорытынды бөлімінде 1 минут ішіндегі жүрек соғысының жиілігін
(ЖСЖ) өлшеген дұрыс.
Кіріспе дайындық бөлімінде ЖСЖ-і минутына 120-140 рет, негізгі бөлімде
140-160 рет соғуға дейін өседі (кейде минутына тамыр соғысның жиілеуі қысқы
мерзімде 180-ге дейін болады). Қорытынды бөлімде ЖСЖ бастапқыдан (сабақ
басталғанға дейінгі) онша айырмашылығы жоқ белгіге дейін біртіндеп
төмендейді. Бала организмінің әрекетінде тұқым қуалаушылық факторларға және
мектепке дейінгі жаста баланың қозағалыс белсенділігімен негізделген және 1-
2 сыныптардағы мектепте оқыған кезеңде жинақталған жеке елеулі
айырмашылықтар байқалады.
Мұғалім баланың дамып келе жатқан организміндегі қимыл-қозғалыстағы
биологиялық қажеттілікті есепке алуы керек. Бұлшық ет қимылдарықалыпты өмір
қызметі мен организм дамуының, оның мүшелері мен жүйелерін нығайтудың шарты
есебінде табиғи биологиялық қажеттілік есебінде көрінеді. Қозғалыс
белсенділігінің жетістігі (гипокинезия) тіршілік ету қызметінің әлсіреп,
нашарлауына әкеледі.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, «суды сезіну», «допты сезіну», «бұлшық
еттер қуанышын» сезінуді бастан өткере, қимыл-қозғалыста орындаумен тығыз
байланысты жағымды әсер алуға ұмтылыс әр адамға тән екендігін мұғалім
түсінуі тиіс. Осындай сезінулердің ерекшеліктері адамның тұрмыс-тіршілігін
үйлесімді етеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz