Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ халқының ырымдарының сақталуы

Ақтөбе қаласы № 30 қазақ орта мектебінің 4 «Ә» класс оқушысы Сапа
Шыңғыстың қалалық 4-кластар арасында өткен «Үздік жоба» байқауында
«Қазақ халқының ырымдарының сақталуы» атты ғылыми жобасы «Үздік қорғаушы»
номинациясына ие болды.
Жетекшісі: бастауыш класс мұғалімі
Мұқатова Мирагүл Мирғалиқызы

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: “Қазақ халқының ырымдарының сақталуы”
Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы
бар саяхат маршруттары

Секциясы: Этномәдениеттану
Орындаған: Сапа Шыңғыс Асқарұлы
4 «Ә» класс оқушысы
Жетекшісі: Мұқатова Мирагүл Мирғалиқызы
бастауыш класс мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Жазықова Мақпал
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық
институтының
Қазақ тілі теориясы және оқыту
технологиясы
кафедрасының
меңгерушісі,п.ғ.к.,аға оқытушысы

2010-2011 оқу жылы

Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 3-4беттер
Негізгі бөлім
Отбасы, тұрмыс мәселелеріне байланысты ырымдар. . . . . . . . . . . 5-9
беттер
Балаларға байланысты ырымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . 10-12беттер
Діни-наным сенімдерге байланысты ырымдар . . . . . . . . . . . . . . . . 13-
15беттер
Қасиетті төрт-түлікке байланысты ырымдар . . . . . . . . . . . . . . . . .
. 16-18 беттер
Ырымдардың қолданылу аясын анықтау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
19 бет
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 20 бет
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 21 бет
Кіріспе
Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен
әдет ғұрыптарының қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше.
Қой да баққан, ойда баққан халқымыздың ырымдары, наным-сенімдері жөнінде
балаларға, жалпы көпшілікке үлгі боларлық қағидалар өте көп.
Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерімен танысып, оқып білу
үлкен жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақта, сол жұмыстың бір тамшысындай
болатын ырымдарға байланысты сөз айтылмақ.
Ырым жеке адамның немесе қауымның жору, болжау арқылы орындауға
тиісті ережелері. Халықтың ұғымында ырымдар екі түрлі болады.
1. Жақсы ырым. Мысалы:
а. Аттың есінеуі.
ә. Баланың тоңқайып жол қарауы.
б. Сауысқанның шықылықтауы.
2. Жаман ырым. Мысалы:
а. Жақ таяну.
ә. Қолды артқа ұстау.
б. Тізе құшақтау.
Ырымның негізгі ерекшелігі – ол өте-мөте себеп-салдарлы. Оны
мифке жақындатып тұрғаны дәл осы сипатты. Мифтік танымда әлем қарама-қарсы
екі жілікке жарылып тұрады: жақсы-жаман, адал-харам, ыстық-суық, обал-
сауап, шарапат-кесеапат т.б. Ал, барлық ырым осы керағар түсінікке табан
тірейді.
Ырым халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен
түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп
туған жерге аунату, сондай болсын деп болсын деп батырдың сарқытын жегізу
немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап
Сегіз серінің (Мұхаммед-Қанапия) атын қойғызған. Абай, Абылай, Бауыржан,
Олжас, Сәкен, Қаныш, Нұрсұлтан есімдерін қазір де ата-аналар өз балаларына
ырымдап қойып тұр. Халықта жасы 100-ге келген адамның киімін, ұстаған затын
осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу салты бар.
Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай,
Итемген, Көтібар, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі
болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым халықтың сенімі мен ақ ниетінен,
шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Сөйте тұра кейде
халқымыз “Қазақ ырым етеді, ырым қырын кетеді” деп те айтып жібереді. Бүл
сөз ырымның бәрі бәрдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек.
Әр ырымның өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарған
әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрдің сарқыны қуатты қайнар көзі жатыр. Қазақ
ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай
тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден
білген. Тіпті малдан айырықша қасиетін, ерекшелігін халқымыз өздерінің
тіршілік өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Мысалы, мал төлдеп
жатқанда балалардың асық ойнауына болмайды. Өйткені асық ойнағанда сақа мен
кенейлерді соғыстырып, шаңқылдаған дыбыс шығарады. Міне осы дыбыс мал
киесін ызаландырады, төл шығын болады. Ия болмаса, жылқыны басқа бір алыс
жерге апарғанда бұрынғы тұрған қорасындағы тезегінен ала жүріп, шым- шымдап
жемге қосып береді. Сонда жылқы жат жерге тез үйренеді. Және бұрынғы жерін
аңсап, қашпайды деп есептеген т.б.Ырым кейде қандай да бір шұғыл әрекетке
байланысты туындайды. Оған қауым мән беріп, бір мезет назар аудару арқылы
қарымта жауап (пікір-тілек, көзқарас, баға) білдіреді. Мәселен, біреу
оқыстан түшкірсе, оған көңіл бөлініп, мынадай сөздер айтуға тиіс: Мысалы:
“Жәрекімалла, жарылқа,
Құнан қойдан қойдан қабырға” т.б
Ырымдарға сенбесең де, “солай болып қалса қайтем ” деп психикаңа кері әсер
етіп тұрады. Ондай сәттерде мүмкіндігінше, көңілге алмауға тырысу керек.
5. Ырымдардың қолданылу аясы
5.1 Отбасында
Ата-әжелері бар отбастарында ырымдар өте қатты сақталады
екен.Әсіресе,көпшілік отбасында 9 саны бар күндер тергеледі екен.Бұл
күндері ешқандай іс басталмайды,жаңа сатып алынған тамақтар басталмайды
екен.Өйткені береке-ырыс болмайды деп сенген.Жеңіл –желпі суық
тигенде,қызуы көтеріліп ауырғанда әжелер баланы ұшықтап жеті қабат киіммен
жауып тастайды екен.
5.2 Қала көшелерінде
Көшелерде адамдар жолын қара мысық кесіп өтсе,жолымыз болмайды дейді
екен.Сонымен қатар бос шелек ұстап өтіп кетсе,ол жерді айналып өтеді.Тіпті
қазақтың киелі сандарын машина нөмірлерінен көрсе,жолымыз болады деп сенеді
екен.
5.3 Мектепте
Мектеп жасындағы балалар арасында да ырымға сенушілік көптеп байқалды.
Мысалы:
• Мектепке оң аяғымен кіру
• Мектепке кіріп келгенде бірінші ер адамда көрсе сабақтардан жақсы баға
аламыз деп сенеді
• Сөмкіге кітаптар оң жағымен салынуы керек
5.4 Сыныптастарым арасында
Біздің класымызда 27 оқушы бар.Олардың 7-еуі қыз балалар,19 –ы ұл
балалар.Сәбит есімді кластасымның 7 жасына дейін айдары болыпты.Екі Дана
есімді ару қыздарымыз бар.Оларға да ұлы адамдардай дана болсын деп
есімдерін қойыпты.Менің де есімім Шыңғыс.Көбісі үнемі класқа оң аяқпен
кіретінін айтты.Ал киімдерін теріс киіп алса,бес аламыз деп қуанады
екен.Сөмкілерін теріс ұстамауға тырысады.Оң көздері тартса қуанамыз дейді
Қорытынды
Біздің халқымыздың салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары енді ғана
зерттеліп, жиналып, қаралып, көпшілік енді ғана назар аудара бастады. Мұның
тек рухани, мәдени жағы ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ адам тәрбиесіне
де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды. Ұлтымыздың осындай
тәлім-тәрбиелік немесе сезімдік әдет-ғұрыптарының мәніне терең үніліп
қарап, сырын ашытын болсақ, одан өте көп ғибратты істерге қанық боламыз.
Бағзы заманда адам әулиетін бір-біріне қарама-қарсы екі лагердегі
рухтар қоршап тұр деген наным-сенімі болған. Адамдар осы рухтардың
қатерімен қорғанып сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдануына жетуді
көздеп әрекеттер жасаған. Өз іс-қимылдарын сол ие киелерге үйлестіру,
үндестіру мақсатында әр түрлі ырым-тиымды ойлап тауып тұрмыста қолдана
бастаған.
Сол ырымдар әлі күнге дейін қазақ халқының өмірінде елеулі орын алып
келеді. Соның ішінде біздің ауылда зерттеу жұмысы кезінде ырымға
сенбейтін бірде бір отбасын көрмедік. Әсіресе отбасына, балаға, төрт-
түлікке байланысты көп айтыла бермейтін ырымдар естідік. Әр ырымның
өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарған әдет-ғұрыптардың,
салт-дәстүрдің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр.
Сонымен, ырым-тиымдар қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа, әрі
өміршең жанрдың бірі деп танылады. Ол адамның күнделікті тұрмыс
тіршілігінде тұтқиылдан көрініс тауып, қағілез бақылаушылар тарабына жария
етілетін, қоғамдық санады бағзыда қалыптасқан қасаң қағидалардың түйіні,
түйіршігі деуге болады.
Қорыта айтқанда, ырым қазақ фольклорындағы шағын жанрлық түр ретінде
енді анықталып отыр. Бүгінге дейін бір сыпыра мәтіндер жинақталғанымен
арнайы зерттеле қоймаған осы шағын жанрлық түрдің халқымыздың тұрмыс-
тіршілігінде көтеріп келе жатқан жүгі орасан ауыр екендігі байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ана тілі /газет/ 2008ж.№6
1. Күнқожаев Н. Адам және қоғам. Мектеп, 2003ж.
2. Жалын /журнал/ 2008ж.№5
3. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы, 2000ж
4. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматыкітап, 2007ж.
5. Қазақ әдебиеті. 2006ж.№47
6. Қазақстан мектебі. 2008ж.№3
7. Қазақ ССР, 4 том. Қысқаша энциклопедия. Алматы, 1989ж
8. Қазақстан тарихы /әдістемелік журнал/ 2004ж.№8
9. Иманбекова Б.И. тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004ж.
10. «Түс жору түрлері және қазақтың ырымдары» /кітапша/ Алматы, 2001ж.
11. Мұқанов С. Халық мұрасы. Қазақстан, 1974ж.
12. Музыка оқулығы 3 класс
Аннотация
1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Қазақ халқының мәдениеті мен мінезін,
тұрмыстық салт ерекшеліктерін даралап көрсетумен қымбат. Ел есінен шығып
бара жатқан қазақ халқының ырымдарының түрлері мен жоралғыларын тауып,
жүйелеп ашып көрсету.
2. Зерттеу гипотезасы:
Зерттеу гипотезасы ретінде қазақтың ырымдарының түрлерімен жан-жақты
танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау. Әдетте ата-
бабаларымыз өмірдің өзінен алынған ырымдар арқылы бала-шағасын кездейсоқ
қауіп-қатерден, айтпай келетін алуан түрлі бәле-шаладан қорғап отырған.
3.Зерттеу кезеңдері:
1. Қазақ халқының ырымдары жөнінде ауыл адамдарының ауызынан жазып алынған,
өздері күнделікті өмірде жиі қолданатын, жалпы ауыл арасында кең тараған
ырымдарды, ғылми әдебиеттерді, ырымдар жөнінде кітапшаларды жинақтап,
оларға жалпы шолу жасау.
2. Ырымдардың түрлерімен жеке танысып, оның мән-мағынасымен танысу.
3. Оның қай жерлерде қолданылатынын білу аясын білу.
4. Ырымның тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру.
4.Эксперимент әдістемесі:
1. Болашақты болжау, болуға ықтимал қатерден адамды алдын ала сақтандырып
отыратындығы жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен
танысу.
2.Ырымдардың күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. Яғни адамды белгілі
бір қатерден қорғандыру, сақтандыру.
5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Ырым-тиым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Міне,
бұл–ырым-тиымның басты қағидасы. Осыған байланысты арнайы ұйымдастырылған
зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ырымдардың алатын
орнын, маңыздылығын, оқушыларға күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.

Ұқсас жұмыстар
Сабақ мақсаттары. Сабақ жоспары
Теріс бата
Аппликация
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр туралы ақпарат
Баланың денсаулығы ата - анадан
Витаминдер және олардың маңызы. 8 сынып
Елбасымыздың жолдауымен таныстыру
Ұлтық киім үлгілері
Той мал - қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал
Қазақстан - менің жүрегімде! (таңғажайып алаңы, 5-сынып)
Пәндер