Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бақа мен бала
№41 мектеп-лицей
Тақырыбы:
Бб дыбысы. әрпі
Мұғалім: Сақауова Балзия
Шымкент
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы, әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) Бб дыбысы мен әрпін меңгерту Б
дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс
дыбыстату.
2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып,
дыбыстық, буындық талдау жасату.
Көркем жазуға дағдыландыру.
3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа,
татулыққа тәрбиелей отырып, «Балдырған»
журналын үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, буындар, «Ойын-саяхат» жобасы,
дидактикалық материалдар, суреттер,
«Балдырған» журналы.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап
қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер
де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін
болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез
орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.
ІІ. Өткенді еске түсіру.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы.
- М – қандай дыбыс?
- М – дауыссыз дыбыс.
- М дыбысына байланысты буындарды еске түсірейік.
Ма, - мал, - мақ, - маш, - ман, - лам, - мол, - мон, - дам.
Ойын: «Неліктен қызық».
Монша адам мал Марал
Моншақ қадам малта Марат
- Оқулықтан «Қар» мәтінін кезек-кезек оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, уәде бойынша,
мен сендерге қонақтың суретін көрсетейін.
(Бақаның суретін тақтағы ілу).
- Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- Б дыбысы (баспа, жазба түрлерін көрсету).
- Б-Б-Б (хормен айытқызу)
- Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Б – дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу).
- Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау.
(Оқушы назарын суретке аудару).
«Бақа мен бала».
- Бақа бізге келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:
Ал, бақалар, бақалар,
Бізде қызық ойын бар.
Қане, тәртіп сақтайық
Баспалдақты аттайық,
Баспалдақты басқанда,
Батыл атта, жасқанба!
- Баланың тапсырмасы: - Өлеңдегі Б дыбысы естілетін сөздерді ажыраттыру.
«Топтастыру».
Жануар Адамның аты
(бота) (Болат)
Өсімдік Зат
(бәйшешек) (Бағдаршам)
Жеміс-жидек Оқу құралы
(банан) (Бор)
- Баламен қоштасып, бақа әрі қарай жүреді.
- Бақаның өлеңін жаттау.
Бәрі жақсы ананың
Бәрі де оның керек-ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек-ау.
- Қане қай қатар тез жаттады екен?
- Әндетіп келе жатқан бақаның алдынан су шығады. Бақаны, өздерің
білесіңдер, суды да жақсы көреді ғой. Сондықтан ол суға түскісі
келеді. Ал оны балықтар суға түсірмейді. Қане, бақаға тезірек
көмектесейік. Ол үшін кітабымызды ашамыз.
IV. Оқулықпен жұмыс.
- Хормен оқыту
Ба ла бо та Бо та
Ба ба бор Бо лат
Ба та бал
- Тақтада буындардан сөз құрастыру.
Бала / балақан / балапан / ботақан.
- Сөйлем оқыту: -Бота, ба-ла-пан-дар-ға қара.
- Міне, бақа сендерге риза болып жатыр. Бақа су ішіп, біраз сергіп алды.
Қане, бақамен бірге бізде сергіп алайық.
V. Сергіту.
«Бақа мен бағдаршам».
- Балалар, міне бақа да мектепке жақындай бастады. Оны енді не тоқтатып
тұр деп ойлайсыңдар?
- Бағдаршам.
- Оның қандай көзі жанып тұр?
- Қызыл.
- Қызыл жанса, не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Қай көзі жанғанда жүретін едік?
- Жасыл.
- Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық.
VІ. Дәптермен жұмыс.
Б Б Б б б б
- Суретті сөздердегі б әрпін бастыру.
- Б – сөздің басында және ортасында келеді.
Бағдаршам жасыл көзін жағып, бақаның жүруіне рұқсат береді.
VІІ. Нашар оқушылармен жұмыс.
Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек
және сол туралы не білетінін айту.
VІІІ. Сабақты қорыту.
- Бақаның базарлығы «Балдырған» журналымен таныстыру, онымен дос болуға
шақыру.
- Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік?
- Б дыбыс мен әрпі.
IX. Үйге тапсырма.
- Оқушыларға бақаның суретін тарату.
- Әр суреттің артында сөздер жазылған. Сол сөздердің жазылуын жаттап
келу, жатқа жазу.
X. Мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz