Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Желілер технологиясы

Күні: 24.11.2010ж.

Ашық сабақ жоспары
Пән: Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыз етудің

операциялық
жүйесі_______________________
(Қорытындылау сабақ)
Топ: 2 Бағдарламашы 11«А».

Сабақтың тақырыбы: Желілер технологиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың білімділігін арттырып, бұрынғы сабақтарда
алған білімдерді тереңдету, тиянақтау, олқылықтарды жою, табыстылылықты
қамтамасыз ететін білім мен дағдыларды үйлестіріп қорытындылау.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық тәрбие негізінде сыпайылыққа,
ұқыптылыққа, имандылыққа, тазалыққа үйрету, пәнге деген қызығушылылыққа,
адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіруге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Танымдық білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа,
ізденіп шешім қабылдауға ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін
дамытуға, өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі өзектілендіру, белсенді сөздік
қорын дамыту.

Сабақтың типі: қорытындылау сабағы
Оқыту технологиясы : Модульдік оқыту технологиясын “ЕТ бағдарламамен
қамтамасыз етудің операциялық жүйесі сабағында қолдану.
Оқыту нысаны: жеке топтық, ұжымдық
Жабдықталуы: интерактивті тақта, ДК, безендіру материалы,
үлестірме материалы, оқу құралдары, оқытудың техникалық
құралдары.

Сабақтың көрнектілігі: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша қажетті
сұрақтар, тапсырмаларблогы, информатикалық диктант, оқулықтар, схемалар,
таблицалар, карточкалар, тестік сұрақтар.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, пікір-
талас, интерактивті тақтамен жұмыс, бірін-бірі тексеру, сөзжұмбақ шешу,
тестермен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. (3 минут)
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, аудитория тазалығына көңіл
бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,
ә) техника қауіпсіздігін ережесін еске түсіру. Оқушыларға модульдік оқыту
технологиясымен таныстыру, оқушыың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут): оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты
меңгергенін сұрау.
Компьютерлік желілердің класификациясы

ІІІ. Білімді бекіту (5 минут)
1) Модулдік технология бойынша оқытуды түсіндіру.
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның

анықталатын, біршама дербес бөлігі.

С.И.Ожегов

2. Жаңа сөздермен жұмыс

3. «Электронды оқулықтан» жергілікті желілер бөлімінен
тапсырмалар орындау.

IV.“Қарлы кесек” оқыта үйрету ойыны (15 минут)
Құрал-жабдығы:
❖ Қатысушылардың нөмері жазылған жетондар;
❖ Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер;
❖ Бағалау парағы;

Мәтін мазмұнын ойын элементтері арқылы түсіндіру

Оқушылар топ-топқа -А,Ә,Б үстелдеріне бөлінеді. Мұғалім әр топқа келелі
сұрақ қойып, тапсырма береді. Әр топ өз тапсырмаларын –оқу материалының
қандай да бір бөлігін оқып-үйренуді-алады да, 10 мин дайындалады.
Дайындалып болған соң оқушылар келесі тәртіппен орын алмасады: Бір үстелдің
басына
А-1,А-2,А-3 жетоны барлары, келесі үстел басына-А-2,Ә-2,Б-2 жетоны барлар
т.с.с. Мұғалім үстелдің сілтемесін өзгертіп, А,Ә,Б әріптерінің орнына 1,2,3
сандары жазылған сілтеме қояды.
Ойынның өз тобын қорғауы жарияланады (10 мин).
Жаңа топқа әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді. Олардың
әңгімесін тыңдаушылары сызба, тезис түрінде жазып алады. Бұл уақытта 3
нөмірлі (А-3, Ә-3, Б-3) ойыншылар тақтада жұмыс істеп, пысықталған
материалдың сызба конспектісін жазады.
Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты
меңгергендігін, сұрақтың мәні сауатты баяндалғанын бақылап отырып,
нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы команда
анықталып, бағаланады.

Әр топтың өз тапсырмасын орындау шарты

Ойынға қатысушыларға арналған жетондар

| |1 |2 |3 |4 |5 |Топтың ортақ |
| | | | | | |ұпайы (балл) |
|«А» | | | | | | |
|«Ә» | | | | | | |
|«Б» | | | | | | |
| | | | | | | |

Тапсырма жауабы:

V. Бекіту. Сөзжұмбақ “Интернет”(7 минут)
Сөзжұмбақты шешу арқылы танымдық қисынды,
ойлау қабілеттерін дамыту
| |И | | | | | | |
| |Т | | | | | | |
| | | | | |Е | | |
| | |Р | | | |
| | |Е | | | |
| |Т | | | | | |

VI. Интерактивті тақтада тест жұмысын орындау
     1. Модем мынадай қызмет атқарады:
А) Модуляция жасайды (екілік информацияны аналогтық түрге айналдыру)
Ә) демодуляция жасайды (аналогтық информацияны екілік түрге айналдыру)
Б) модуляция және демодуляция жасайды*
В) сигналдарды күшейту.

2. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін ... болу керек.
А) компьютер, модем, телефон*
Ә) компьютер, сканер, модем
Б) компьютер, телефон
В) компьютер, модем, принтер

3. Бір – бірімен қашықта, мыңдаған шақырымда орналасқан бірнеше
жергілікті желілерді байланыстыратын жабық желі түрі
А) корпоративтік желі*
Ә) ауқымды желі
Б) жергілікті желі
В) компьютерлік желі

4. Компьютерлік желі дегеніміз:
А) ЭЕМ жиыны
Ә) Файл жиыны
Б) Байланыс арналар арқылы біріктірілген, әр жерде орналасқан ЭЕМ жүйе*
В) Бір жерге орналастырылған ЭЕМ жүйесі

5. Интернетке қосылу үшін қай құрылғыны қолдануға болады?
А) Плоттер.
Ә) Модем.*
Б) Дигитайзер.
В) Сканер.

VII. Қорытындылау. (5 минут)
VIII. Білімдерін бағалау. (5 минут)
IX. Үйге тапсырма беру
Желілер тарауына толық шолу.

-----------------------
Компьютерлік
желі

Аймақтық желі

Жергілікті
желі

Ауқымды желі

Корпоратив-ті

Телеком-муникациялық
есептеуіш

Интер-
нет желісі

Қорытынды

Сөйлесу

Модульге, тақырыпқа енгізу

Оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру

Жазба, бақылау жұмыстары, тест

Кіріспе

Жергілікті желі топологиясы

Жұлдызша тјріздес

Сақина тјріздес

Шина тәріздес

А-1

А-2

А-3

Ә-1

Ә-2

Ә-3

Б-1

Ә-4

Б-4

А-4

Б-3

Б-2

А

Ә

Б

Ұқсас жұмыстар
Желілік технологиялар
Ауқымды компьютерлік желі
Жергілікті желілер
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
Үйірме отырысын барысы
Жоғары оқу орындарында «ақпараттану» пәнін бейінді-бейімдеп оқытудың теориялық моделі
Компьютерлік желі, 7-сынып
Компьютердің миы
Сабақтың педагогикалық технологиясы
Blockchain технологиясының мақсатын түсіндіре білу
Пәндер