Жапырақтың құрылысы, пішіні, жүйкеленуі және сабаққа орналасуы - мектеп биологиясы сабағының жоспары

Жапырақ

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп - гимназиясы, биология пәнінің мұғалімі Өтемісова Арайгүл Өтемісқызы.

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.

Міндеті: Өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу. Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу

Не арқылы: Тірек суреттер символдары, кубизм, бес жолды тұжырым

Түрі: Түрлендірілген

Әдісі: анықтау, зерттеу, салыстыру, суреттеу, жинақтау

Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер

Барысы

Үй тапсырмасы (Екі жақты күнделік)

Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде - анықтама.

  1. Тамыр - өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі
  2. Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік
  3. Бүршік - бастапқы өркен
  4. Сабақ - өсімдіктің жалғастырушы мүшесі
  5. Өркен - жапырағы мен сабағы бар жас сабақ
  6. Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек

І. Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер символдары)

Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.

Сөздер: жер үсті, жер асты, жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл

Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу

ІІ. Мағынаны тану (Кубизм)

  1. Жапырақтың құрылысы, қызметі (анықтау)
  2. Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (зерттеу)
  3. Жапырақтың жүйкеленуі (талдау)
  4. Жапырақтың сабаққа орналасуы (дәлелдеу)
  5. Жай және күрделі жапырақтар
  6. Сабақ пен жапырақтың ұқсастық және айырмашылық белгілері (салыстыру)

Әрбір жұп өздерінің жұмыстарын қорғайды

ІІІ. Толғаныс (Бес жолды тұжырым)

Жапырақ

Мысал

  1. жапырақ
  2. жай, күрделі
  3. ауа тазартады, жүйкеленеді, көбеюге қатысады
  4. Жапырақ - жер үсті мүше
  5. Вегетативті мүше

Үй тапсырмасы: Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығын салыстыру. Жапырақ құрылысын, жай және күрделі жапырақтар, жапырақтың орналасуының суреттерін салу.


Ұқсас жұмыстар
Жапырақтың сыртқы құрылысы, пішіні, жүйкеленуі және қызметі
Жапырақтың құрылысы, түрлері және жүйкеленуі
Жапырақтың қызметі, сыртқы құрылысы және жүйкеленуі
Сабақ жоспары: Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметтері
Жапырақтың құрылысы, түрлері және өсімдік тіршілігіндегі маңызы
§23 Қаңлылар: тарихи деректер, орналасуы және қоғамдық құрылысы
Қаңлылар: орналасуы, қоғамдық құрылысы және археологиялық ескерткіштері
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы: орта мектеп биологиясы бойынша сабақ жоспары
7-сынып биология сабақ жоспары: Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі - фотосинтез, лептесік, булану және газ алмасу
6-сынып биологиясы: Гүлдің құрылысы - сабақ жоспары және зертханалық жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz