Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Бейімделушілік – эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі туралы ақпарат
|[pic] |Астана қаласындағы |
| |№54 мектеп – лицейінің |
| |биология пәнінің мұғалімі |
| |Тұмарбаева Қызылгүл Қабылқаққызы |
11 сынып
Микроэволюция туралы ілім
Сабақтың тақырыбы: Бейімделушілік – эволюция факторларының өзара әрекетінің
нәтижесі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың тіршлік ортасына байланысты
бейімделу белгілерінің пайда болу себептері мен түрлерімен танысыу;оқушылар
биологиялық нысандарды ала отырып, бейімделу белгілерін анықтай білуге
үйрету; логикалық дүниетанымдық көзқарасты дамыту, салыстыру және дәлелдеу
арқылы оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру және шағын-ізденушілік
қабілеттерін дамыту;
Керекті құрал-жабдықтар: Ч.Дарвин, К.Линней, Ж.Б.Ламарк портреттері,
«Бейімделушілік түрлері» сызба-нұсқа; өсімдіктер мен жануарлардың фото-
суреттері; үлестірмелі тапсырмалар;
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
Сабақ мақсаты мен жоспарымен оқушыларды таныстыру.
Өткен тақырыпқа жалпы шолу: Эволюция. Микроэволюция. Түр. Популяция.
Жаңа тақырыптың өткен тақырыппен байланыстығын анықтау
2. Білімді тексеру кезеңі
- Табиғи сұрыпталу
- Табиғи сұрыпталуды қолдан сұрыпталумен салыстыру (оқулықтың 55-бетіндегі
қосымша тапсырмамен жұмыс жүргізу)
- Тіршілік үшін күрестің ағза үшін маңызын түсіндіру.
- Тіршілік үшін күрес түрлері (үйге берілген кесте бойынша жұмыс, талдау)
- №2-зертханалық жұмыстың қорытындысын талдау
3. Жаңа тақырыппен танысу
3.1. Мотивациялық сәт. «Жыртқыш және жемтік»
Жыртқыштар:
- ұстап алу, жұлмалау мүшелерінің дамуы (тіс, тұмсық,тырнақ)
- жасырынушы реңнің болуы
- аңду қасиетінің дамуы (тез және айлалы жүгіру, жүзу, ұшу)
- улы заттарды бөліп шығару
- өрмек ау тоқу сияқты әрекеттер
Жемтіктер:
- қорғану мүшелерінің дамуы (инесі, жало)
- механикалық қорғану мүшесі болады (сауыты)
- қорғанушы рең, қорқытушы мүшелер (көз)
- қашу қасиетінің дамуы (тез және айлалы жүгіру, жүзу, ұшу)
- қорқытатын немесе шошытатын улы заттарды бөліп шығару
Паразит жануарлар:
- қозғалу мүшелері болмайды
- ауызы немесе жұтқаншағы болмайды
- арнайы жабысу мүшелері (сорғаштары, ілмектер)
- пигментациясы болмайды
- анаэробты
- көп ұрпақ беру және қамқорлық жоқ
- метаморфоз
- аралық және негізгі иесін ауыстырады
Паразит өсімдіктер:
- гетеротрофты қоректену
- емізік тамырлары пайда болады
- көп гүлдері мен тұқымдары болады
- мүшелері өзгереді
3.2. Бейімделу белгілерін анықтау (кластери)
(қоректену типі, қоршаған орта жағдайларының өзгеруі, мутация, гендер
дрейфі, табиғи сұрыпталу, тіршілік толқындары, оқшаулану, тіршілік үшін
күрес және өзара көмек)
3.3. Төмендегі тұжырымдардың авторын анықтаңыз:
(Линней, Ламарк, Дарвин)
- Бейімделушілік жаңа мутация нәтижесінде пайда болады. (Дарвин)
- Ағзалардың бейімделушілігі-бастапқыдан қаланған (Линней)
- Ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі туғаннан қалыптасқан (Ламарк)
- Табиғи сұрыпталу нәтижесінде бейімделушілік бекітіледі (Дарвин)
3.4. Бейімделушіліктің пайда болу мехнизмі
Өмір сүру жағдайларының өзгеруі → жеке тұқымқуалайтын өзгергіштік → табиғи
сұрыпталу → бейімделушілік
3.5. Бейімделу түрлерімен танысу (түрлі-түсті фото-суреттер көмегімен
мысалдарға талдау)
4. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
4.1. Тапсырма: жолбарыстың терісіндегі сызықтар, қоянның құлағының ұзын
болуы, шегірткенің денесіндегі белгілер, пілдің тұмсығы, түлкінің қалың
терісінің себептерін ортаға салып талдау;
4.2. Оқулықтың 58-60 беттердегі мәтін мен суреттермен танысу.
4.3. Төмендегі кестені толтыру
|Бейімделушілік |анықтамасы |себептері |мысалдар |
|түрі | | | |
| | | | |
4.4. Оқулықтың 61-бетіндегі қосымша тапсырманы орындау;
«Бейімделушіліктің түрін анықтаңыз»
. - қанқыз қоңызы
. - орденді көбелек
. - қарақоңыз
. - атбас балық
. - таңқыбалық
. - сақалды кесіртке
5. Үйге тапсырма: §15 оқып, сұрақтарға жауап беру, қосымша материалдармен
жұмыс жүргізу;
-----------------------
БЕЙІМДЕЛУШІЛІК
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz