Жас мұғалімдер сайысы (2011-2012 оқу жылы): шығармашылық қабілеттерді дамыту және педагогикалық жағдаяттарды талдау

9 желтоқсан сағат 16 00

«Жас мұғалімдер» сайысы

2011-2012 оқу жылы

Мақсаты: Ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші:

1-ші жүргізуші : Армысыздар, жиналған қауым.

Білім құйған бойларына

Қанық өмір жайына.

Салт-дәстүрдің әр сөзін.

Сақтар жүрген ойларына- деп жас мұғалімдерді қошеметпен қарсы алайық.

Осындай тапқыр достар кез- келгенде,

Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанмене, құрбысыңдар.

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп. құрметті қауым! Сынға түсетін ұстаздарымызды тағы да қошемет көрсетіп қоялық.

Әділдікпен баға берер ұстазға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын сайлайық.

Үздіктерді таңдап бүгін алуға- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

3

І - тур. Сайысымыздың бірінші шарты , ата салтымыздан қалыптастып қалған

«Сәлем- сөздің басы» дегендей сайыскерлереміз өздерін- өзі таныстыруға кезек берейік.

ІІ -тур . Сайысымыздың екінші шарты «Екшеленген ой» көкейлеріндегі жүрген ойлармен бөлісу

Мектеп - кеме, білім - теңіз, ал ұстаз - мектептің жүрегі, тынысы, үні.

Шәкірттерін азамат қып саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы ұстаз мына өмірде

Ұлағат боп ұлылық боп қалады.

Ендеше, ұстаз сөзінің формуласы қандай? Соны шешіп көрейік.

Ұ - ұлағатты

С - салмақты

Т - танымал да

А - ардақты

З - замандастай зиялы

ІІІ - тур. Өз -өнерлерін көрсету

ІҮ-тур. «Педагогикалық жағдаятты талдау» психология-педагогикалық тосын жағдай. Орындалу уақыты - 5 минут.

Әділ қазыларға сөз кезегін берейік

Музыкалық номер

Бүгінгі кешімізге қатысқан ұстаздарға көптен-көп рахмет.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз!


Ұқсас жұмыстар
6 А сыныптың ұлдарымен жұмыс: 2011-2012 оқу жылы тәрбие жоспары
№3 орта мектептің Көңілді информатика сайыс сабағының жоспары (2011-2012 оқу жылы)
№3 орта мектептің Жүзден жүйрік спорттық-интеллектуалдық сайысы: ұйымдастыру, мақсаты мен бөлімдері (2011-2012 оқу жылы)
2011-2012 оқу жылы 2-4 сыныптар үшін Ағылшын тілін дамыту мектеп компонентінің сабақ тақырыптары және жылдық жоспары
Бастауыш сынып оқушыларына арналған Жас көшбасшы зияткерлік ойыны: қазақ тілі мен Отан туралы білімді бағалау (2011-2012 оқу жылы)
М. Жұмабаевтың Қысқы жолда өлеңін талдау және эстетикалық шығармашылық қабілеттерді дамыту сабағы
2011-2012 оқу жылы Сарысай негізгі мектебінің 8-сыныптары арасындағы Ең мықты, ең күшті пәнаралық білім және спорт сайысы
Әбдірахман Асылбековтың Үйрену өлеңі бойынша аралас сабақ жоспары: мәтінді талдау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерді дамыту
Географиялық алаң интеллектуалды ойынына арналған 11-сынып сабақ-жоспары (2011-2012 оқу жылы)
Тіл білімінің салаларын оқыту: 11-сыныпқа арналған таңдау курсының күнтізбелік жоспары (2011-2012 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz