Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі


Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
Мойынқұм ауылы
Жамбыл атындағы мектеп-гимназия мекемесі
тарих және география пәндерінің мұғалімі
Оразалиева Асел Маханқызы

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына
қабылдау салтанатты жиынының сценарийі

Өтетін күні: 30.04.2012ж.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының АКТ залы

(АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).

  Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

І жүргізуші:
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімщілігі. Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен
қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас
азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын,
еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл,
қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды
көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»
Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау 
рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

І жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде
туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып
отыр.

ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің
сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

І жүргізуші:
Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!
Әнұран ойналады

ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы еңгізілуге
дайын.

І-жүргізуші:
Ендеше, бейбітшілік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас
Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның
мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

І жүргізуші:
Қоғамдық  өмірде, тұрмыста, қазақ  ұлттық  болмыста, халықтық келбетпен
қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың  өнегелі
қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп
түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және
Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды
жатқа айту керек.

І жүргізуші:
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер
салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен
әуестенбейді.

ІІ жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

І жүргізуші:
Қазақ  тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін,
салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу  сақтау үшін ынталы еңбектенетін
болады.

ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының адал азаматтары.

І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін
күресуші

ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі
қорғаушысы болуға дайындалады.

І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі  - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі  - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін
күресуге дайын болуы керек.

І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

ІІ жүргізуші:
Бүгінгі таңда облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып
жүрген «Мирас» ұйымы мүшелері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
қатарына қабылданады.

І жүргізуші:

ІІ жүргізуші:
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік,
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік
тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру
болып табылады.

І жүргізуші:
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре
отырып:
1. ҚР патриоты болуға;
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
3. Отанымыды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап
етуге;
9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге
және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?

ІІ жүргізуші:
Топ басшылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы
рапорт тапсыруға дайындал

Рапорт мәтіні:

Тәлімгер Оразалиева Әсел 5А сыныбының «Ұлан» тобы бүгінгі Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты
жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы Исаханова Анель. Рапорт
тапсырылды.

(Осылайша барлық топтар рапорт береді)

 І жүргізуші:
 «Біз ...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

 ІІ жүргізуші: 
- ұранымыз

 Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
         («Жас Ұлан» әнұраны ойналады).

І жүргізуші:
Қабылдауға жасұландар және жасқырандар дайын.

ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға
галстук тағуға дайындалыңыздар.

І жүргізуші:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған
оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау
рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып
тұрады)

ІІ жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы
қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз,
ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап
етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке
үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

І жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Нұрланова Тұрғанкүл
Мырзабекқызына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмаилов
Сәкен Мұқатайұлына беріледі.

         («Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас Ұланның» туы
көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)
         Қошемет көрсетіледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен
құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға
тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын.

І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

  ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты
жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
        

Ұқсас жұмыстар
Құрметті Жас ұлан ұйымының мүшелері
Жас ұланға қабылдау бағдарламасы
Мектепішілік Жас ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің Тәуелсіз елдің ұландары атты Тәуелсіздік күніне арналған концерті және ұйымға қабылдау салтанатының өтілу барысы
"жас ұлан" балалар ұйымына қабылдау сценарийі
Анттың мәтіні
Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау алды жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігі
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін атты театрландырылған мерекелік концерттің сценарийі
Кел, балалар, оқылық!
Халықтық педагогиканы пайдалана отырып,‭ ‬ой өрісі кең‭ ‬,‭ ‬шығармашыл,‭ ізденімпаз‭ ‬жеке тұлға тәрбиелеу
Тәуелсіздік көшбасшысы (өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында өтетін зияткерлік сайыс)
Пәндер